Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Бірге таңдаймыз!». Сырт киімді таңдауда есте ұстауға тиісті қағидалар

Ерлердің сырт киімін таңдағанда не нәрсеге мән берген жөн? Қыз-келіншектер сырт киім таңдағанда көп ойланады. Ал, ер-азаматтар үшін бұл істе жалғыз ғана қағида бар. Ол - «Сұлуынан жылуы». Десе де, ерлер сырт киімді таңдауда не нәрсеге мән бергендері жөн? Жігіттердің киімі жылулығымен қоса, сәнді болуы керек; Қысқы қалың бас киімдерді ыңғайсыз көретін ер-азаматтар капюшонды сырт киімді таңдағандары жөн; Көлік айдайтын жігіттер үшін белін жауып тұратын ұзындықтағы киім таңдаған дұрыс. Себебі, көлік іші ыстық болса, сыртқа шыққан жағдайда бірден суық тию қаупі жоғары; Таза былғарыдан тігілген киімдерді таңдайтындар үшін пайдалы тұсы - дақ жұқтырып алған жағдайда, сүртіп кетіру жылдам әрі оңай. Ал, таза құндызды жасандыдан қалай ажыратуға болады? «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасының кеңестері к…

0
0
430

Эфирде – «Жаңа қоныс»

Телехикаяның 9-10 бөлімдерін бүгін 14:35-те көріңіз.

Ауылдан қалаға көшіп келген Мырзахановтар отбасының қалада тұрмаған ауданы қалмады.

Алайда, көшіп-қонып жүріп, түрлі қиындықтарға тап болса да, ауылға қайтып, шаруашылықпен айналысуға намыс жібермейді.

Осылайша, әзірге оларға бар тапқан-таянғандарын үй иесіне беріп, өздеріне өз үйлері туралы тек армандай тұру ғана мүмкін.

Бүгін 14:35-те «Жаңа қоныс» телехикаясының 9-10 бөлімдерін тамашалаңыздар.

0
0
327

«Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды

Марапат Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.

Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты II Халықаралық медиафорумында «Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды.

Форум мақсаты - қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, отандық БАҚ-тың бәсекелестігін арттыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін насихаттау.

Марапат Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған «Ұлы дала елі» республикалық  экспедициясынаатсалысқаны үшін Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.

Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

0
0
197

18-ші желтоқсанда қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов польшалық Кшиштоф Влодарчикпен кездеседі

18-ші желтоқсан күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) бірінші ауыр салмақта (90,718 келіге дейін) WBA тұжырымы бойынша уақытша (interim) Әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов (16-2, 10 КО) польшалық Кшиштоф Влодарчикпен (49-3-1, 35 КО) кездеседі.

Айта кетейік, Б.Шүменов биыл шаршы алаңға бір рет шығып, АҚШ спортшысы Би Джей Флоресті жеңген еді. Осылайша ол WBA тұжырымы бойынша уақытша (interim) Әлем чемпионы атанды.

Ал, К.Влодарчик өткен жылдан бастап жекпе-жек өткізген жоқ. Ол 2014 жылдың қыркүйек айында Мәскеуде ресейлік Григорий Дроздқа есе жіберіп, WBC тұжырымы бойынша атағынан айырылған болатын.

0
0
203

Мүсіркеп Сейдахмет: Ақын жабырқаса өмірді, масайраса махаббатты жазады

Мүсіркеп Сейдахмет Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында дүниеге келген. Құла бие қыр жусап, Тұма ойға жыр сусап Құлан иек таң атты, Құба бояу жалатты. Жалқын түске тұншықты, Алтын жалды Күн шықты. Көлеңкелер қысқарып, Көк түтінге ысталып... Ақын Мүсіркеп Сейдахмет әдебиетке кеш келді. Отызды орталап, қырыққа қадам басқан шағында қолына қалам алды. Ол 1955 жылы 6 желтоқсанда Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының Шеңбер ауылында дүниеге келген. «Мен қазақтың киелі үш топырағын басып, ауасын жұтып өскен адаммын. Оның бірі - кешегі Ахмет, Ыбырай, Міржақыптар шыққан топырақ - Торғай өңірі, екіншісі - қазақтың ұйытқысы болған Ұлытау, үшіншісі - талай аңыз тұлғаларға мекен болған Арқаның ең биік шыңы Ақсораң тауы», дейді ақының өзі. Оны шығармашылық арнаға бұрғызған - тегеурінді талан…

0
0
1081

Сәбилерді қалай дұрыс тамақтандырған жөн?

Сәбиге алты ай толғанда күріштен, жүгеріден, сұлыдан немесе қарақұмықтан жасалған ботқа беруге болады.

Жаңа туған нәресте үшін ана сүтінен асқан пайдалы азық жоқ. Ана сүтінің құрамында баланың жақсы өсіп-жетілуі үшін қажетті дәруменнің бәрі бар. Сондықтан, емізулі балаға қосымша тамақты 6 айлығынан бастап берген дұрыс.

Сәбиге алты ай толғанда күріштен, жүгеріден, сұлыдан немесе қарақұмықтан жасалған ботқа беруге болады. Бұл тағамдарды сүт немесе сары май қосып пісірген абзал.

Сондай-ақ, суға піскен жұмыртқа мен езілген жаңғақ та пайдалы. Олардың құрамында бала ағзасына қажетті минералдар мен дәрумендер мол.

Ал, сәбиге жеміс шырынын қай жастан бастап, қанша мөлшерде беру керек? Тақырып жөнінде толығырақ«Таңшолпаннан» біле аласыздар.

0
0
444

Майра Илиясова: «Сағындырған әндер-ай» кеші биыл 10-шы рет өтеді

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Майра Илиясова және әнші, «Серпер» сыйлығының иегері Гүлнұр Оразымбетова - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Гүлнұр Оразымбетова 15 қарашада Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында жеке шығармашылық кешін өткізбек.

Ал, 16 қараша, сағат 19.00-де  Майра Илиясованың ұйымдастыруымен  дәстүрлі «Сағындырған әндер-ай» атты ретро ән кеші өтеді. Оған республикаға танымал 75 әнші қатысады.

«Мақсатымыз - ретро әндерді, халық әндерін, халық композиторларының әндерін халыққа сол күйінде бұзбай жеткізу. Бұл - «Сағындырған әндер-айдың» 10 жылдан бері атқарып келе жатқан негізгі миссиясы», дейді Майра Илиясова.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіздер.

0
0
543

Асқабақ артық салмақтан арылуға көмектеседі

Асқабақтың құрамында В тобының дәрумендері мол. Сан түрлі дертке шипа болатын асқабақтың елімізде 13 түрі өседі. Дәрігерлер күнделікті ас мәзіріне асқабақтан жасалған тағамдарды міндетті түрде енгізу қажеттігін айтады. Әсіресе, қыс айларында жиі тұтынған жөн. Себебі, ол ағзаға күш-қуат береді. Асқабақтың құрамында В тобының дәрумендері мол. Ағзаны тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады. Несеп жолдары ауруларының алдын алуға да септігін тигізеді. Егер, байқаусызда ыстық суға күйіп қалсаңыз, денеңізге бірден асқабақтың ұлпасын тартыңыз. Артық салмақтан арылып, сымбатыңызға көңіліңіз толмаса, асқабақ диетасын ұстауға болады. Ал, оның дәнегі жүйке жүйесін тыныштандырады. Дәнектің құрамындағы мырыш есте сақтау қабілетін жақсартып, мидың қызметін реттейді. Асқабақ жемісінің бұдан өзге қандай пай…

0
0
690

«Бірге таңдаймыз!». Ерлердің қысқы киімін қалай таңдаймыз?

Бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз!» хабарын көріңіз.

Фаст-фудтың жүгерісінен әлдеқайда дәмді,  дәруменге бай  жергілікті жүгеріні дайындаудың ерекше тәсілін білесіз бе?

Ұлттық стильдегі сәнді әшекейді қолдан жасап үйренгіңіз келе ме? Ерлерге арналған қысқы киімді қалай таңдаймыз?

Ең пайдалы салат қоспасы – руккола туралы танымды ақпарат пен дәмді салаттың рецепті туралы білгіңіз келсе, бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз!» хабарын көріңіз.

0
0
280

«Әйел бақыты» хабары стиліне көңілі толмайтын аруларға көмектеседі

Екі аптада бір рет қайталанып отыратын тұрақты шығарылымды бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:00-де көріңіз.

Жасқа, дәрежеге, материалдық және психологиялық жағдайларға қарамастан, әйел адам әдемі болып жүруі тиіс. Әдемі болып көрінудің еш қиындығы жоқ.  Бар болғаны, еріншектікке жол бермеу.

Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды.

Себебі, психологтардың айтуынша, сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады.

Әр әйел әдемі болуға лайық, сондықтан «Әйел бақыты» хабары өзіне сенімсіз, стиліне көңілі толмайтын аруларға көмек береді.

Екі аптада бір рет қайталанып отыратын тұрақты шығарылымды бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:00-де көріңіз.

0
0
322