Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Kazsport»телеарнасы самбодан әлем чемпионатын көрсетеді

Қарашаның 13-і мен 15-ші жұлдызы аралығы Марокконың Касабланка қаласында самбодан әлем чемпионаты өтеді. Аталған спорт түрімен айналысатын барлық жұлдыздардың басы қосылар жарыста қазақстандықтарды да ерекше атап өтуге болады. Қазақстан құрамасының алдына қойылған мақсат – былтыр Жапонияда өткен әлем чемпионатындағы нәтижеден кем түспеу. Күншығыс елінде отандастарымыздың 3 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлде ұтып алғанын естеріңізге сала кетеміз. Бұл жылы да ұлттық құрама жетекшілері спорттық самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыровқа, әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы Алмас Сүлейменовке, әскери самбодан екі дүркін әлем чемпионы Арман Оспановқа ерекше сенім артады. Команда қатарында талантты жастар да жоқ емес. Солардың бірі қыздар арасындағы спорттық самбо шебері – Ділдәш…

0
0
462

Майя Маслова-Исмаилова: Қазақтың термесі философиялық мағынасының тереңдігімен ерекше

Термеші, дәстүрлі әндердің орындаушысы Майя Маслова-Исмаилова - «Таңшолпанда» қонақта.

«Түркі халықтары музыкасының тамыры бір. Бала кезімнен түсінбесем де, Әзірбайжан халқының  мугам деген дәстүрлі әнін тыңдайтынмын.

Оның ішінде қазақтың термесі зор мәнділігімен, философиялық мағынасының тереңдігімен ерекше. Қолыма домбыра алып, жыр-толғаулар орындауыма Сарайшықтың киелі топырағы да әсер еткен болар», дейді әнші.

Өнер иесі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тыңдармандарына «Бейбарыс баба» әніне түсірілген бейнебаянын ұсынбақ. Ал, әншінің орындауындағы Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен едім» термесін «Таңшолпаннан»тыңдай аласыздар.

0
0
2350

Бүгін — Евгений Брусиловскийдің туған күні

Евгений Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнаған жан.

1905 жылы Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Қазақ музыкасын тереңінен зерттеген композитор 1934 жылы алғаш рет «Қыз Жібек» операсын көпшілікке ұсынды.

1934-1938 жылдары Қазақ музыкалық театрының музыкалық жетекшісі, 1944-1951 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.

Саналы ғұмырында тоғыз опера, екі балет, тоғыз симфония жазды. Қазақтың 250-ден астам ән-күйін жазып алып, 500-ге жуық әндер мен романстарды өмірге әкелді. Оған өнерге сіңірген еңбегі үшін КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Композитордың шығармашылық жолы туралы толығырақ «Таңшолпанда».

0
0
391

«Kazsport» телеарнасы Алматы қаласында комментаторларға кастинг өткізеді

Резюмелерді 12 қараша күнгі кешкі 22:00-ге дейін [email protected] адресіне жіберу қажет. «Kazsport» телеарнасы 14 қараша күні «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалының ғимаратында (Желтоқсан даңғылы, 177) комментаторларға кастинг өткізеді. Резюмелерді 12 қараша күнгі кешкі 22:00-ге дейін [email protected] адресіне жіберу қажет. Алматы қаласында спорттық шаралар көп өткізіледі. Сол себепті телеарнаға еліміздегі ең ірі қалада тұратын жергілікті комментаторлар аса қажет. «Kazsport» телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда футбол, хоккей және басқа да командалық спорт түрлері мен жекпе-жек сайыстарынан материалдар пайдаланылады. Айта кетейік, бұл телеарнаның 2015 жылы төртінші, Алматыда өткізіп отырған бірінші…

0
0
219

«Kazsport» Мароккода өтетін самбодан Әлем чемпионатын көрсетеді

13-15 қараша аралығында Марокконың Касабланка қаласында самбодан Әлем чемпионаты өтеді. Айта кетейік, әлемдік дода Африка құрлығында тұңғыш рет ұйымдастырылады.

«Kazsport» телеарнасы Әлем чемпионатының 3 жарыс күнін көрсетеді.

КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:

 

14 қараша

09:20. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 1-ші күн

 

15 ноября

13:45. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 2-ші күн

01:00. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 3-ші күн. Тікелей эфир

0
0
288

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Онлайн дауыс» байқауының 2-ші кезеңі басталды

12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 30 қазан мен 11 қараша аралығында «Онлайн дауыс» байқауының 1-ші кезеңі өтті. Оның қорытындысы бойынша 35 үміткер іріктелді.

Енді 12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді. Үміткерлерді қолдау үшінonlinedauys.kaztrk.kz сайтында дауыс беруге болады.

Байқау жеңімпазы 17 қарашада анықталады. «Онлайн дауыс» байқауының жеңімпазы бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы өзі таңдаған бағдарламаға қонақ ретінде қатысады.

 

Бағыңды сына!  Онлайн бол!

0
0
388

«Таңшолпанда» Құрмаш Маханның Тайландтың Пхипхи аралында түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді

Әнші, сазгер Қ.Махан - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Ұлттық арна эфирінен «Шаттығым» атты әнге Тайландтың Пхипхи аралында түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді.

«Бұдан да бөлек, жаңа әндер жазылуда. Халық бағасын бере жатар. Келер жылы шығармашылық концерт өткізу жоспарда тұр. Жеке кеш ұсыну да - ойда жүрген істердің бірі.  Тыңдармандарыма сахнада жүрген 25 жылдық еңбегімнің есебін берсем деймін», дейді әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

0
0
221

Әнші Бүркіт: Әскердегі соңғы жарты жылым гастрөлдік сапарлармен өтті

Әнші Бүркіт Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

Жуырда әншінің «Айналайын» атты жаңа әні жарыққа шықпақ.  Сондай-ақ, желтоқсан айында тыңдармандарына«Мемлекетім» атты әнге түсірілген бейнебаянын ұсынатынын жеткізді.

Шығармашылық жолы туралы әңгімелеген өнер иесі «Музыка әлеміне домбыра арқылы келдім. 7 жыл домбыра мектебінде оқыдым. Бұл аспап әрқашан өзіммен бірге.

Әскер қатарында жүріп те «Нұрсат» деген музыкалық топтың құрамында болғанмын. Тіпті әскердегі соңғы жарты жылым гастрөлдік сапарлармен өтті», дейді.

Әншінің продюсерлігімен қазақ сахнасына жуырда жаңа топ қосылмақшы. Толығырақ «Таңшолпаннан»көріңіздер.

0
0
239

Қанат Ислам: «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарына алғыстан басқа айтарым жоқ

Қанат аға, жиырмасыншы жеңісіңіз құтты болсын! Қазақтың абыройын асқақтатып, беделін тағы бір көтердіңіз. Шын қуандық. Қарсыласыңызды алғашқы раундта-ақ құлаттыңыз. Ең оңай жекпе-жегіңіз осы болған шығар? — Мен бұл жарысқа өте көп дайындалдым. Негізі бұл жекпе-жек сәл ертерек өту керек еді. Түрлі себептермен кейінге шегеріле берді. Шамамен 6 ай бойы осы жарысты күттім. Спорт ол қиындықтардан тұрады. Биік белес бағындырып, қазақтың атын шығару үшін мен соның барлығынан өтуім керек. Сабыр сақтап, шыдамдылық танытып, күнделікті жаттығуымды үзбедім. Тіпті әдеттегіден де көбірек жаттығып, техникалық мүмкіндіктерімді арттыруға күш салдым. Ешбір қарсыласқа анау әлсіз мынау мықты деп қарамаймын. Әр қарсыласқа тиянақты дайындаламын. Бұл жолы 10 раундтық кездесу болады деп, дайындалып шыққан едім.…

0
0
361

«Микки маус клубы» сайысының 10 қараша күнгі жеңімпазы анықталды

«Микки маус клубы» сайысының  10 қарашадағы жеңімпазы анықталды. Ол - Арайлым есімді қатысушы.

Жеңімпаз 15 сұрақтың бәріне дұрыс әрі жылдам жауап беріп,  1000 ұпай жинаған. «Балапан» телеарнасы Арайлымға арнайы Миккиден сыйлық ұсынады.

«Микки маус клубы» сайысы осымен  аяқталды. Бір апта бойы өткен байқауда 7 ойыншы топ жарды. Оларға сыйлықтар табыс етіледі.

Ойынға қатысқан барлық балаға алғыс айтамыз!

0
0
790