Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Жұлдызды футбол

Өнер жұлдыздары мен спорт саңлақтарынан құралған қос команданың ойынын «Таңшолпаннан» көріңіз. Олардың бірі – әнші, бірі – актер, бірі – боксшы, бірі – палуан. «Алатау» атты өнер майталмандарынан құралған футбол командасы спорт саңлақтарынан құралған «Ұлы дала батырлары» құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізді. Бұл матч Чемпиондар лигасының финалына шыққан «Астана» футбол командасының жетістігі мен елімізде футболды насихаттауға, жастарды саламатты өмір салтына тартуға арналды. «Алатаулықтар» сапын «Нұр-Мұқасан», «МузАРТ», «Mysterions», «Rin’Go», «Серілер» тобы, сондай-ақ, Жұбаныш Жексенұлы, Әділ Ахметов, Нұржан Керменбаев, Мелс Сағатұлы сынды өзге де эстрада жұлдыздары толықтырды. Ал, қарсылас «Ұлы дала батырлары» командасының құрамында Қазақстан барыстары – Бейбіт Ыстыбаев, Ұлан Рысқ…

0
0
301

Бүркітшілер сайысы

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елорда маңында қолына бүркіт ұстап, құсбегілік өнерді қайта түлеткен жанның бірі – Күнтуған Тоқтыбайұлы. Ел намысын қорғап, бүркітшілердің халықаралық фестивалінде топ жарған құсбегі жастарға үлгі бола білді. Таяуда Астанада өткен Бүркітшілердің республикалық турнирі де әйгілі құсбегінің есімін ұлықтауға арналған. Еліміздің барлық аймағынан келген бүркітшілердің арасынан ерекше көзге түскені шығысқазақстандық құсбегі болды. Бүгінде еліміздегі құсбегілердің тәжірибесі көбейді. Бүркітшілер Алтайдың Ақиығынан бастап, Тарбағатайдың Көкшегірін, Баянауылдың Қызыл балағына дейін қолдарына қондырды. Тіпті, біздің бүркітшілер шетелде қазақтың осынау ғажап өнерін ұлықтап жүр. «Қазақстан – құсбегіліктің отаны. Сондықтан, біз әле…

0
0
382

«Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі аяқталды

Телехикаяда Алматыға арман қуып келген жетім жеткіншектердің бастан кешкендері баяндалады. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсіріліп жатқан 64 бөлімнен тұратын «Аяулы арман» телехикаясының түсірілімі аяқталды. Актриса Раушан Ермағамбетова: «Шыны керек, қатты толқып жүрміз. Түсірілім төрт айдан аса уақытқа созылды. Бір-бірімізге әбден бауыр басып кеттік. Бір үйдің баласындай болдық. Алдағы уақытта ұйқысыз өткен күндеріміз ақталады деген үміт бар»,-дейді. Арнамыздан көрсетілетін телехикаяда Алматыға арман қуып келген жетім жеткіншектердің бастан кешкендері баяндалады. Әр кейіпкердің өмір жолы өзгеше өріледі. Бірі жетістікке жетсе, енді бірі шалыс басқан қадамына жапа шегеді. Ата-ананың мейіріміне зарығып өскен жастардың ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. «Көркемфильм» ұжымы…

0
0
419

«Kazsport» «Барыстың» сырт алаңдағы 3 матчын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы ойындар сериясын бастайды. Қазақстандық команда Батыс конференциясының үш клубымен кездеседі. Матчтар кесетесі (Астана уақыты):

17 қараша 22:30 – «Спартак» (Москва) - «Барыс».

19 қараша 22:30 – СКА (Санкт-Петербург) – «Барыс».

21 қараша 20:00 – «Йокерит» (Хельсинки) - «Барыс».

Көрсетілген барлық ойынды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
155

«Саз керуен». «Шалқар» ұлттық радиосы арқылы үздік әнді анықтаңыз!

«Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба. Әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-22:00 аралығында радио эфирі арқылы үздік әндерге дауыс беру жүргізіледі. Жобаның ерекшелігі - байқауға Көркемдік кеңестің іріктеуімен әншінің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады. Апта сайын [email protected] электронды поштасы арқылы тікелей эфирде дауыс беру жүргізіліп, ай қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады. Сондай-ақ, тыңдармандардың әлеуметтік желі арқылы дауыс беріп, ой-пікірлерін білдірулеріне мүмкіндік бар. Жоба авторы әрі жүргізушісі - Айсәуле Бейсенхан. Саз байқауы 12 ай бойы жалғасады. Жыл соңында үздік шыққан бір ғана ән «Жыл әні» атағына ие болмақ. Қараша айы бойынша төменде көрсетілген әндерге дауыс бере аласыздар: «Ақ…

0
0
464

Астанада дзюдодан өткен әлем чемпионатын тамашалаған телекөрермендердің саны рекордтік деңгейге жеткен

Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, «Қазақстан»РТРК» АҚ-на табысты ынтымақтастық және "Қазақстан" мен "Kazsport" арналарының қол жеткізген жоғары көрсеткіштер үшін ресми хатын жолдап, алғысын білдірді. Қазақстан дзюдо тарихындағы жаңа рекордқа қомақты үлес қосты. 2015 жылдың 24-30 тамызы аралығы Астанада өткен әлем чемпионатын теледидардан тамашалаған телекөрермендер саны бұрын-соңды болмаған 193 миллионды құраған. Бұл көрсеткіш 2014 жылы Ресейдің Челябинск қаласында өткен әлем чемпионатымен салыстырғанда 72 пайызға жоғары. Ал әлемдік көрсетілімдер мен турнир жайлы жаңалықтар шығарылымының жалпы көлемі 1000 сағаттан асады. Дүниежүзі бойынша Астанада әлемнің әр аймағына 3 миллиардқа жуық көрсетілім ұйымдастырылды. 2014 жылғы әлем чемпионатымен салыстырғанда, бұл көрсе…

0
0
167

Жұлдыздарда құрбы бар ма?

Бүгін 15:00-де бұл тақырып «Әйел бақытында» талқыланбақ.

Шытырманға толы жұлдыздар әлемінде шынайы дос табу мүмкін еместей көрінеді. Алайда, бұл кейбір жұлдыздардың қолынан келді.

Олар жай ғана сәлемі түзу жолдастар емес, сыр бөлісіп, шер тарқатысатын жақын құрбылар.

Жылы қарым-қатынастары уақыт сынағынан сүрінбей өтіп, нығая түскен жұлдызды құрбылар туралы бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарында.

0
0
266

Қояндыда өткен құсбегілер сайысында тараздық бүркітшілер топ жарды

Бұл туралы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы хабарлады. Қарашаның 13-15 аралығында Астана қаласы маңындағы Қоянды ауылы аумағында белгілі бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алуға арналған бүркітшілердің республикалық турнирі және Астана қаласының ашық біріншілігі өтті. Аталмыш жарыс халық арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен тарату, бүркітшілер арасында тәжірибе алмасу және спорттық шеберлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, Астана қаласының Дене тәрбиесі және спорт басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан. Додаға еліміздің 9 облысынан және Астана қаласынан 18 бүркітші қатысты. Сайыс бүркітті қолға…

0
0
367

Қазақстандық самбошылар Есет Қуанов пен Ділдәш Күрішбаева Әлем чемпионатында қола медаль иеленді

Мароккода спорттық және әскери самбодан Әлем чемпионаты өтті.

Жарыстың 3-ші күні 62 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Есет Қуанов қола медаль иеленді.

1. Иван Анискевич (Беларусь)

2. Жавидан Гараев (Әзірбайжан)

3. Давлатжон Хамроев (Өзбекстан)

3. Есет Қуанов (Қазақстан)

Ал, осы күні 68 келіде бақ сынаған жерлесіміз Ділдәш Күрішбаева да қола жүлде алды.

1. Ольга Захарцова (Ресей)

2. Нино Одзелашвили (Грузия)

3. Йоханна Йлинен (Финляндия)

3. Ділдәш Күрішбаева (Қазақстан).

0
0
428

Гүлнұр Иманова-Латып: Дәстүрге қатысы бар дүниені ұнатамын

«Itali collection» және «ARULINE» қазақстандық брендтерінің дизайнері, Гүлнұр Иманова-Латып бүгін «Таңшолпанда» қонақта. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін өткізуге арналған ұлттық нақыштағы өнімдерді насихаттаушы ұлттық өнімді ұлттық бренд ретінде әлемге танытқысы келеді. «Өзім дәстүрге қатысы бар дүниені ұнатамын. Бала кезімнен әжемнің ұлттық дүниелерге, қолөнерге деген махаббатын көріп өстім. Мені де осы өнерге баулыған сол кісі. Бүгінде жастардың дені салт-дәстүр дегенді білмейді. Өз қатарластарымнан да соны байқадым. Тіпті, маған келіп, «қоржын деген не?», деп сұрағандары болды. Сондықтан, қазіргі заманда салт-дәстүрдің насихаты аса қажет екенін түсіндім»,-дейді дизайнер. «Біз халықаралық көрмелерге жиі қатысамыз. Шетелдіктерге қазақтың тарихын, мәдениетін, қолөнерін таныстырамыз. Жазда…

0
0
391