Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Руслан Мәдиевтің алдағы жекпе-жегі АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді

Еске салайық, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алты жеңіске қол жеткізді.

GGG Promotions қазақстандық боксшысы 23 жасар Руслан Мәдиев (6-0, 3 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 3 желтоқсанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Меса қаласында өткізеді.

Бұл жекпе-жек 6 раундтан тұрады. Әзірге қазақстандықтың қарсыласы анықталған жоқ, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының Вконтакте-дегі парақшасында.

Еске салайық, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алты жеңіске қол жеткізді. Оның үшеуі нокаутпен аяқталды.

0
0
216

Лена Сахариева: Қазақтың оюы – асқан ыждаһаттылықты талап етеді

70 жастағы қолөнер шебері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар. Лена Сахариева – Ақтөбе қаласында қолөнер бұйымдарын жасауда көпшілікке үлгі болып жүрген жан. Жасына қарамай, бүгінде жеке кәсіпкер атанып, тапсырыс бойынша жұмыс істеп келеді. Бала күнінен біліп өскен өнер, уақыт өте келе шыңдала түскен. «Әрбір қазақ қызының ісмерлікке жақын болғаны құптарлық іс»,-деп біледі ол. «Ұқыптылық, шыдамдылық деген қасиеттердің барлығы – осы қазақтың қолөнерінде жатыр. Кезінде қазақ қыздары өз жасауларын өздері дайындаған. Бұл – қыз баланың тиянақты жүруіне септігін тигізеді»,-дейді Лена әже. Лена Сахариева Ақтөбе облысында қыздар университетін тәмамдаған соң, ұзақ жыл бала оқытқан. Кейін зейнетке шыққан соң, өзі білетін бұйымдарды жасаумен, қазақы өнерді жаңғыртумен айналысуды бастады. «…

0
0
479

«Театр тізгіншісі» деген кім?

Назым Қалиева әртістер киімін тігумен 16 жылдан бері айналысып келеді. Театр, сахна, драма дегенде, ойымызға алдымен актерлер мен режиссерлер келетіні рас. Арасында сахнаны безендірушілер мен жарық беруші мамандардың еңбегін де ескереміз. Ал, «театр тізгіншісі» деген қызметкерлердің жұмысы қандай? Театр қойылымын дайындау үшін маңдай терін төгетін жандар баршылық. Әсіресе, әртістер сияқты халық алдына шықпайтын, бірақ олар үшін сахналық киім тігетін қызметкерлердің еңбегі орасан. Назым Қалиева әртістер киімін тігумен 16 жылдан бері айналысып келеді. Әрі кәсібін мақтан тұтады. «Менің атам атақты етікші болған екен. Туыстарым «сол атаңа тартқансың», деп жатады. Сүйікті кәсібім болғандықтан, әр таңда жұмысқа қуана кірісемін»,-дейді ол. Сахна киімі, спектакль кейіпкерлерінің костюмі – қойылым…

0
0
378

Жылдың үздік жаңалықтарын «Таңшолпанмен» бірге білейік!

Таңғы бағдарлама қойған сауалдарға толымды жауап беріп, сыйлыққа ие болыңыз!

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының көрермендеріне ұсынатын жаңалығы бар.

Биылғы жылдың елеулі жаңалықтары қандай? Айтулы оқиғаларды білесіз бе? Жедел әрі толымды жауап беріп, жеңімпаз атаныңыз!

Бір ай көлемінде белсенділік танытқан көрермен арнайы жүлдемен марапатталады.

2 қараша – 2 желтоқсан аралығында жылдың үздік жаңалықтарын бірге білейік!

Толық ақпарат: 8 (717) 2-55-31-94

0
0
279

Күмістің қасиеті

Күміс әшекейлерді қалай тазарту керек екенін білгіңіз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз. Қазақ халқы ежелден күміске ерекше мән берді. Күмістің адам ағзасына пайдасы бар, деп түсінген жұрт күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суға шомылдырып, «баланың күні күмістей жарық болсын», деген ниетпен жоралғы да жасалған. Мұның әдемілігі өз алдына, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес. Тіпті, түрлі жамандықтан қорғайды деген сенім бар. Күмістің емдік қасиеті мол екенін медицина да дәлелдеп отыр. Емшілер мұндай ерекшелікті өте ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Мысалы, Үндістанда күмісті адам иммунитетін көтеруге қолданса, Египетте жараға жапсырған. Ал, Ресейде шіркеудегі күміс қосылған су киелі саналады. Ғалымдар болса, күмістің бұл қа…

0
0
1007

«Әкемді жалға беремін» комедиясын көріңіз

Режиссері - Ким Деок-Су.

Бұл фильм жұмыс істегісі келмеген жалқау Чхе Тхэ Ман туралы. Оның әйелі отбасын асырау үшін тынымсыз жұмыс істейді.

Бұл жағдайға көңілі толмаған қызы «Әкемді уақытша жалға беремін» деп интернетке хабарлама жазады.

Қызық осы арадан басталады...

Ким Сан Ген, Чхе Чжон Ан, Мун Чжон Хи кейіпкерлерім сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:05-те тамашалай аласыздар.

0
0
973

«Монстрлар университеті». Мультфильм

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:25-те көріңіз.

Майк пен Салли — Монстрополистегі ең шыңдалған қорқытушылар, бірақ әрдайым бұлай болмаған еді.

Алғаш кездескенде бұл екі монстр бірін-бірі жек көретін. «Монстрлар университеті» -  ол екеуінің жек көрушілігінен бастап, мызғымас достығына дейінгі хикаяларын баяндайды.

Режиссер Дэн Скэнлонның  «Монстрлар университеті» мультфильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:25-те көре аласыздар.

0
0
1180

«Сенбілік кездесуде» – Гүлжан Әспетова

Актрисаның жақындары мен дос-жарандарының сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан саға 21:00-де көре аласыздар.

Мектеп қабырғасында жүргенде «Соровка – Воровка» ертегісіндегі басты рөл ханшайымды сомдаған Гүлжан Әспетова, сол кезде-ақ жұлдыз атанған еді.

Ұстазы Павел Васильевич баланың бойындағы ерекше дарынды байқап: «Гуля, Гуленка, сен тек өнерге арналған қызсың! Сенің бойыңда актриса болуға барлық қасиет пен мүм­кіндіктер бар»,-деген екен.

Ес білгелі сахнаның төрінен табылған актриса бүгінде: «Мен сахнаға тым болмаса, бір айда бір рет шықпасам, ішкі әлемім босап қалады. Халықтың алдына шығып, халықтың қошеметін сезініп, сырын, мұңын тарқатпаса, адам рухани өліп кетеді»,- дейді.

ҚР Халық әртісі бүгін «Сенбілк кездесуде» қонақта.

0
0
788

«Жайдарман». Республикалық Жоғары лига. Ширек финал. 2-топ

Республикалық Жоғары лига ойындары ширек финалының екінші бөлімін бүгін 22:35-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Республикалық Жоғары лига ойындары ширек финалының екінші бөлімінде Жамбыл облысы, Шу ауданынан келген Шу-Чу» командасы,  Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласының «Сырдария құрамасы» өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосынан «Сағыз» командасы,  Алматы қаласынан  «ЖасНАР», Қарағанды қаласынан «Күлкі терапиясы» командалары қатысады.

0
0
1026

«Той көйлегі» драмасын көріңіз

Фильм режиссері - Хен-чжин Вонг.

Го Ын – той көйлегінің дизайнері әрі жалғызілікті ана. Қатерлі ісікке шалдыққан ол тоғыз жасар қызы Соруды анасыз өмір сүруге бейімдей бастайды.

Ол тіпті қызы бойжеткенде киетін той көйлегін де әзірлеп қояды...

Режиссер Хен-чжин Вонгтың «Той көйлегі» атты драмасында басты рөлдерді  Ким Хян Ги, Сон Юн А, Чон Ми Сон сомдайды.

0
0
1325