Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Әйел бақыты». «Селфи» ауру ма әлде әдет пе?

«Селфи» сөзі алғаш рет  Австралияда өткен интернет форумда  2002 жылы  қолданылған. 2012 жылы бұл сөз Оксфордтың сөздігіне енгізілген. Ал, Қазақстанға бұл «селфи» сөзі 2013 жылдан бастап қолданысқа енді.

Әлемдік деңгейдегі социологтар мен психологтардың айтуынша,  селфиге күніне 1-2 түсіп, өзінің қажетілігіне жаратса ол әдет,  ал,  егер 10 суреттен жоғары түссе ол аурудың бір түрі.

Күніне  20 фотодан артық түсіп, 6 селфиді желіге жүктесеңіз, тез арада дәрігерге қаралған жөн.

Мектеп оқушыларына селфи не үшін керек? Селфидің синдромы туралы толығырақ «Әйел бақытынан»тамашалаңыз.

0
0
896

«Таңшолпан» бағдарламасы байқау жариялайды!

Оған 14-24 жас аралығындағы әуесқой суретшілер қатыса алады.

Тәуелсіздік мерекесіне орай, «Таңшолпан» бағдарламасы сурет байқауын жариялайды. Оған 14-24 жас аралығындағы әуесқой суретшілер қатыса алады.

Ел мен жер тақырыбына арналған туындыларыңызды бағдарлама редакциясына жолдай аласыздар. Байқау 2-16 желтоқсан аралығында өтеді.

Толық ақпаратты 8 (717) 2 55 38 18 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

0
0
1146

Қыстық аяқ киіміңіз «угги» ма?

Сырт көзге байпаққа ұқсас аяқ киімді өзгесіне қарағанда жылырақ болады деп ойлағандықтан сатып аласыз ба? Кез-келген киіммен сәйкестендіріп киесіз бе? Шығу тарихынан хабардарсыз ба? Сан сауал. Жауабын біз іздеп көрдік. Шығу тарихы. Осы аяқ киімнің тарихы XIX ғасырда Австралия мен Жаңа Зеландиядан бастау алады. Уггиді алғашқы кездері шаңғы спортында пайдаланған. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде корпусына қалың мұз қатқан ұшақта аяқтарын жылы ұстау үшін авиаторлар угги етіктерін киген. 1960 жылдан бастап құрғақтықты сақтау үшін серферлар бұл аяқ киімді қолданысқа енгізген. Қытайда осы күнге дейін ауыл, мал шаруашылығында киген. Уггидің сән әлеміне етене енуіне шоу-бизнестегі әлемдік жұлдыздардың ықпалы зор. Талантымен тамсандырған тележүршізуші Опра Уинфи бағдарламаға киіп шық…

1
0
1415

Демікпеден емделу жолдары

Ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, бастың ауруы - демікпенің алғашқы белгілері.

Бүгінде кең тараған созылмалы аурулардың бірі - бронх демікпесі. ДДС ұйымының мәліметінше, тыныс алу жолдарының қиындауынан әлем халқының бес пайызы зардап шегуде. Көбіне тұқым қуалаушылықтан туындайтын сырқат түріне сыртқы орта факторлары да әсер етеді.

Ұйқының бұзылуы, ашушаңдық, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, бастың ауруы - демікпенің алғашқы белгілері. Тырнақ немесе ерніңіз көгеріп, мойын тамырларыңыз білеуленіп кетсе, дереу маман көмегіне жүгінген абзал.

Демікпені анықтаудың екі түрі бар. Алдымен өкпені рентгенге түсіруден басталады. Сонымен қатар, лабороториялық тексерістер жүргізілуі шарт.

Мамандар пікірін толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.

0
0
1033

Ауыр атлетика. ӘЧ-2015. Маргарита Елисеева алтыншы орын иеленді

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіпжатқан Әлем чемпионатының екінші күні аяқталды. Жарыстың екінші күнінде әйелдер арасындағы Қазақстан Ұлттық құрамасының 53 келідегі өкілі - Маргарита Елисеева сынға түсті. Бұл салмақта Тайбэй спортшысы Су Чин Хсу чемпион атанса, күміс жүлдені қытайлық Сяотин Чен иеленді. Ал, филиппиндік Хидилин Диас қола жүлдегер атанды. Отандасымыз Маргарита Елисеева алтыншы орыннан көрінді. Ауыр атлетика. Әлем чемпионаты. Хьюстон (АҚШ). Әйелдер. 53 келі. 1. Су Чин Хсу (Тайбэй) — 221 (96 + 125) 2. Сяотин Чен (Қытай) — 221 (101 + 120) 3. Хидилин Диас (Филиппин) — 213 (96 + 117) 6. Маргарита Елисеева (Қазақстан) — 202 (90 + 112). Әлем чемпионатының бірінші күнінде жарысқа шыққан қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей (56 келі) серпе көтеруде 132 келіні бағындырып, кіші күміс меда…

0
0
360

Футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан соғылған гол

Қақпашының өз алаңынан екінші қақпашыға гол соғуы сөз жоқ ерекше шеберлікті қажет етеді. «Сток Сити» футбол клубының қақпашысы Асмир Беговичтің голы өз алаңынан соғылған. Бұл гол ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Себебі, бұл гол футбол тарихында ең алыстан соғылған гол ретінде тіркелді. Бұл оқиға 2013 жылдың қарашасында болған, онда англиялық футбол Лигасының чемпионатында Асмир Бегович қарсыластарының қақпасына таң қаларлық гол соқты. Аталмыш гол ойынның 13 секундында соғылған. Сарапшылар, голдың қарсылас қақпасынан 91,9 метр арақашықтықта соғылғанын анықтаған. Басқа қақпашыларға тоқталар болсақ, Англия чемпионатында А.Беговичтен басқа Петер Шмейхель, Брэд Фридель, Пол Робинсон және Тим Ховард алыстан қақпаға гол бағыттаған. Ал, Асмир Бегович өз қақпасынан қарсы қақпаға бағ…

0
0
345

Ұлттық арнада — «Шоқан Уәлиханов» тарихи фильмі

Фильмде басты рөлдерді Нұрмұхан Жантөрин, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков сынды майталмандар сомдаған.

Режиссер Мәжит Бегалиннің бала күнінен мазалап келе жатқан бір арманы бар еді. Ол – Шоқан образын сомдау болатын.

Ұлы адамның бей­несін экранда көрсету парыз ғана емес, қазақ хал­қы үшін зор мақтаныш, үлкен жеңіс еді. Өзіне қойыл­ған осы жауапкершілікті жақсы түсінген Мәжит Бегалин күн демей, түн демей ізденеді.

Оған М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, әкесі де көмекке келді. Режиссер  Шоқан образын шығаруға бақандай он жыл уақытын сарп етті.

Бүгін 22:45-те Ұлттық арнадан ерекше құлшыныс пен зор еңбектің арқасында дүниеге келген «Шоқан Уәлиханов» туындысын көріңіз.

1
0
893

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирді 14:00-ден бастап, көрермендер үшін матч алдында арнайы студиядан хабар ұйымдастырылады. Бүгін елордалық «Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Кубогының финалы өтеді. Маусымның соңғы матчында жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездеседі. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 14:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді. Айта кетейік, «Астана» футбол клубы биылғы маусымда Қазақстан Премьер Лигасында топ жарса, «Қайрат» 2-ші орынға тұрақтаған. Ал, осы жылы командалар 5 рет кездескен. Оның 3-інде елордалық клуб жеңіске жетсе, 2 рет «Қайрат» басым түскен. Екі клуб «Астана-Арена» стадионында 10 матч өткізген. Астаналықтар соның 4-ін ұтса, алматылықтар 2 рет жеңген және 4 тең ойын тіркелген. Соғылған голдар саны 20-11. Ал, жалпы команд…

0
0
228

«Сенбілік кездесуде» — Айгүл Қосанова

Бүгін 21:00-де әншінің жақындары мен достарының сұхбатын Ұлттық арнамен бірге көріңіз. Айгүл Қосанова – домбырашы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбырада халық әндерін орындау класы бойынша тәмамдаған. Әміре Қашаубаев пен Ғарифолла Құрманғалиев атындағы республикалық конкурстың І-ші сыйлығының лауреаты. 1999 жылы «Дарын» Мемлекеттік сыйлығын иеленген. Түркия, Израиль, Ақш, Австрия, Германия, Малайзия және әлемнің тағы басқа елдерінде өнер көрсеткен. Халық арасына әуелден классикалық әнші ретінде танылған Айгүл бүгінде эстрада бағытында да бағын сынап келеді. Бұл турасында әнші бір сөзінде: «Эстрадаға біржола бет бұрамын деп айта алмаймын. Бала жастан аңсарым болған халық әндерінен қол үзу – өзіңді жоғалту ғой. Алайда, дәстүрлі өнерді эстрадаға түсіріп, нақышына…

0
0
788

«Гәкку дауысы». 1-бөлім

Керемет кештің бірінші бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:50-де көре аласыздар. Алматының ескі алаңына 40 мыңға жуық көрермен жинаған айтулы шараның бірі – «Гәкку дауысы». Елуден астам әнші өнер көрсеткен концертте Нағима Есқалиева, Тамара Асар, Қыдырәлі мен Қарақат, Ренат Гайсин, Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Әлішер Кәрімов, Айқын, Әли Оқапов және «МузАрт», «Мюзикола», «Ұлытау», «Формат», «Арнау», «Magic of Nomads» және т.б. өнерпаздар бар. Сондай-ақ, киелі сахнада жүргеніне 40 жыл толған Роза Рымбаева, 25 жылдан бері бірліктеріне сызат түспеген «Нұр-Мұқасан» дуэті, 15 жылдан бері әндері мен билері жарасым тапқан «Орда» тобы және Дильназ Ахмадиева жанды дауыста өнер көрсетті. Керемет кештің бірінші бөлімін бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:50-де көре аласыздар. Ал, екнші бөлімі 22…

0
0
314