Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

«Ас болсын!». Шешен халқының асханасы

Шешен асханасы – ең көне әрі қарапайым асханалардың бірі. Шешен халқының ұлттық тағамы сіңімді әрі калориясы жоғары келеді. Сондай-ақ, қолда бар ауқатпен-ақ жылдам дайындалады.

Бұл халықтың көптеген тағамдарының негізгі компоненттеріне ащы дәмдеуіштер, пияз, сарымсақ, бұрыш жатады.

Шешен халқының тағамдары дәруменге бай әрі тойымды. Ал, аскөк қосылмайтын тағам аз. Шешендер аскөкті тағамның негізгі бөлшегі санайды.

Бүгін кәсіби аспаз бен әуесқой аспаз шешендердің ұлттық тағамдарын дайындауда бақтарын сынамақ. 12:25-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
2298

Травматологиялық ауруларды қалай емдейді?

Бүгін 11:50-де «Дауа» бағдарламасынан көріңіз.

Травматолог  мамандар қарапайым тілмен айтқанда, жарақатты емдейтін дәрігер. Травматолог бір жағынан сынықшы дегенге саяды.

Бірақ, сынықшылар арнайы білім, оқу орындарында оқымай-ақ, сүйегі сынған адамарды емдеудің ғажап өнері мен құпиясын толық игерген адамдар.

Олар сынған мүшелерді сырттай сипап отырып, уатылып кеткен сүйектерді орны-орнына салып, емдеген.

Адам жарақат алған кезде алдымен қандай көмек көрсетілуі қажет? Еліміздегі хирургиялық оталардың жетістіктері қандай? Травматологиялық ауруларды қалай емдейді? Бүгін 11:50-де «Дауа» бағдарламасынан көріңіз.

0
0
599

«Қазақстан» телеарнасында әзіл кеші

«Қазақстан» телеарнасы бір айдан астам уақыт бойы өз көрермендерін жаңа «Көңілашар» атты әзіл-оспақ бағдарламасымен қуантып келеді. Осы жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әзіл-сықақшылар бақ сынасу үшін жиналды. Көңіл көтеретін сан қырлы комедиялық, әзіл-қалжыңы аралас образдарды сомдайтын жаңа таланттардың қарасы артып келеді. Жобадағы сайыстар нағыз тума таланттарды анықтауға мүмкіндік береді. «Көңілашар» бағдарламасының редакторы Баянды Сахария: «Жоба бойынша өткізілген кастингке бастапқыда 300-ден астам адам қатысты. Іріктеу кезеңдері бойынша 36 дарынды жас таңдалып, олардың 24 жобаға жолдама алды. Ал жартылай финалға жобаның жеңімпазы атануға үміткер 11 қатысушы ғана шығады. Жеңімпаздардың болашағы зор, еліміздің танымал әзіл-сықақшысы Тұрсынбек Қабатов басқаратын театрдың…

0
0
333

«Энергия: тиімді пайдалану және үнемдеу»

Бүгін бұл тақырып 20:15-те «Серпіліс» хабарында талқыға салынбақ.

Қазіргі уақытта Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешенін шешетін басым міндеттің бірі. Осы міндетті шешпей елдің қарқынды дамуы мүмкін емес.

Мемлекет басшысы энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2015 жылға қарай 10 пайызға, 2020 жылға қарай 25 пайызға төмендету бойынша міндетті алға қойды.

Бүгінде бұл тапсырма қаншалықты орындалуда? Энергияны үнемдей алып жатырмыз ба? Бүгін бұл тақырып 20:15-те «Серпіліс» хабарында талқыға салынбақ.

0
0
4665

«Сіз не дейсіз?» хабарында – Сауытбек Әбдірахманов

«Егемен Қазақстан» газеті акционерлік қоғамының президентімен болған сұхбатты бүгін 23:15-те көре аласыздар.

Сауытбек Әбдірахманов – кино өнері туралы мақалалардың, шығарма портреттердің, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, Н.Жантөрин, т.б. танымал суреткерлермен сұхбаттардың және бірнеше деректі фильмнің авторы.

Ол Пушкиннің «Евгений Онегин» романының аударылуы туралы зерттеулер жазды. Сонымен қатар, «Отбасы өміріндегі әдеп пен психология» оқулығын, Д.Кабалевскийдің «Сырлы саз бен сұлу сезім» кітабын, «Бейбарыс сұлтан» атты романды, 40-қа жуық көркем фильмді қазақшалады.

Қаламгердің «Біздің Пушкин» (1999), «Тәуелсіздік шежіресі» (2001), «Адамзат күнтізбесі» (2002), «Елдік сыны» (2003), т.б. кітаптары шыққан.

Журналист, кино сыншысы бүгін 23:15-те «Сіз не дейсіз?» хабарында қонақта.

0
0
659

Таразда Қазақ күресі федерациясының Кубогы өтеді

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Таразда ҚР Қазақ күресі федерациясы кубогы турнирі өтеді, деп жазады kazakhstanbarysy.kz сайты.

ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев желтоқсан айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында федерация кубогының өтетіндігі туралы мәлімдеді.

Кубоктың бекітілген регламенті бойынша кубокка 18 жастан асқан палуан 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қатыса алады. Турнир Олимпиадалық схема бойынша өтеді.

Міндеттелген шарт бойынша кубокка қатысушы палуан клуб мүшесі болуы тиіс. Сондай-ақ, әрбір команда қазақ күресінің клубы екендігін көрсетуі қажет.

Турнирдің жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

0
0
555

Сауль Альвареспен жұдырықтасу үшін Г.Головкинге ақша төлегенім әділ емес – Мигель Котто

М.Котто Геннадий Головкинмен міндетті жұдырықтасуды кейінге қалдырып, Сауль Альвареспен кездесу үшін ақша төлеуіне тура келген.

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Мигель Котто титулдық жекпе-жектер үшін ақшаның тым көп пайызын төлетіп, уақытша чемпиондарды тағайындайтын бокс ұйымдарының саясатына қарсы.

«Маған Канеломен жұдырықтасу үшін белдік керек емес. Әрбір дивизионда Г.Головкин сияқты тым көп чемпион жасайтын ұйымдармен қазіргі кезде келеңсіздіктер тым көп. Сондықтан, С.Канеломен жұдырықтасу үшін оған 800 мың доллар төлеуіме тура келді. Бұл мен үшін және бокс үшін әділ емес», - дейді Мигель Котто.

0
0
214

«Әйел бақыты». «Жар-жар»

Хабардың жастарды табыстыруға арналған шығарылымын бүгін 15:00-де көріңіз.

«Әйел бақыты» жас қыздар мен жігіттерді таныстырып, табыстыруға тырысады. Қызықты ойындар, сындарлы сынақтар, ойландырар сұрақтар қойылады.

Студияға келген жұптардың бір-біріне үйлесімділігі, мінездерінің ұқсастығы, бойындағы қасиеттері сыналады.

Екі аптада бір рет қайталанып отыратын тұрақты шығарылымды бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:00-де көре аласыздар.

0
0
737

Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» жобасы жүзеге асырылуда

2015 жылғы 20 қарашада Астана қаласында «Балаға мейірімді қала» бастамасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтеді. Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің кеңейтілген бірлескен түрде өтеді, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Онда сонымен қатар, кеңейтілген отырыстың ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген балаға мейірімді қалаларды мойындаудың ұлттық жүйесінің бастамасы болып табылатындығы айтылады. Кеңейтілген отырыстың пленарлық бөлімі барысында бастаманы іске асыруға қосылған қалалардың жұмысының нәтижесін талданады және «Балаларға мейірімді қала» атағы мен дипломдарды салтанатты түрде табыстау болады. Секц…

0
0
693

Бейбіт Қойшыбай – 70 жаста

Бейбіт Қойшыбай Алаш тарихындағы ақтаңдақтарды ашуға зор үлес қосты. Биыл тарихшы, жазушы Бейбіт Қойшыбай 70 жасқа толып отыр. Ғалым Алаш қозғалысын зерттеуге саналы ғұмырын сарп етті. Көптеген көркем, танымдық, деректі туындылар жазды. Тарихты жаңаша пайымдауға тырысқан еңбектерін оқырман қауым жоғары бағалады. Алматыда өткен ғылыми конференцияда қаламгердің жарты ғасырлық шығармашылығы талданды. Келелі ойлар айтылып, тың пікірлер қорытылды. «Бір кітабында өзі айтады: «Мен Алаш қозғалысына атсалысқан 27 қаламгердің өміріне қалам тарттым»,-дейді. Бұл – жазушының Алаш идеясын насихаттауда өзіндік орны, өзіндік қаламы бар екенін көрсетеді»,-дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді. Бейбіт Қойшыбай Алаш тарихындағы ақтаңдақтарды ашуға зор үлес қосты. «Әділет» тарихи-ағарту…

0
0
889