Мазмұнға өту
TARAZ_CON_1

TARAZ_CON_1

Сайтта 2015 ж. 14 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

51

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

9

«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»

Өздеріңіз білетіндей, республика тұрғындарының саны күн санап өсіп келеді, өмір сүру сапасы жақсарып, сәйкесінше, басқа факторлардан бөлек автокөлік иелері санының да тұрақты молаюы байқалады.Автокөліктердің техникалық сапасын тексеру заман талабы. Себебі экологияның таза және адам денсаулығына зиян келтіретін, ауаны ластайтын фактрлердің алдын алу қажет. Осы орайда, еліміздегі автокөліктер жылына бір реттен техникалық бақылаудан өтеді. Оларды арнайы өткізу құқығы арнайы сертификаттары бар мекемелер ұйымдастырады. Аталмыш сертификатты қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіледі.«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызметі орталық арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Қажетті құжаттар т…

0
0
389

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу

Қазіргі таңдағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жетім балалар санының көбеюі аянышты-ақ! Әйтсе де, біз оларға өз мейірімімізді төгуден еш аянған емеспіз. Осы тарапта мемлекет қорғаншы және қамқоршы жандар үшін мекеме табалдырықтарын тоздырмай, ұзын - сонар кезекте тұрмай «бір терезеден» өз жұмысын жеңілдетудің жолын қарастырып отыр. Осы арада жүрегінде мұңы бар сәбилерді жұбатып, қамқорлығына алған жандар үшін арналған келесі қызметіміз «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама алу». Анықтама алушы өзіне жақын орналасқан Орталыққа жеке басын растайтын құжаты мен баланың туу туралы куәлігімен келіп, бекітілген нысандағы өтініш толтыруы қажет. Қызмет тегін түрде көрсетіледі және құжатты тапсырған сәттен бастап 5 минут ішінде дайын болады. Өз кезегінде құжаттарды қабылд…

0
0
378

Үйде мемлекеттік қызмет көрсету

Тағдыр тәлкегімен мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар аз емес. Ондай отбасылар бауыр еті баласын арнаулы орындарда оқытып жатса, көпшілігі үйде оқып тәрбиеленуде. Үйде оқитын мүгедек балаларға мемлекет тарапынан материалдық қамсыздандыру тағайындалатынын білмейтін де ата-аналар болуы мүмкін. Мемлекет тарапынан көрсетілетін мұндай мүмкіндікті алу үшін, Сіз әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен қатар, өзіңіз тұратын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінсеңіз болады. «Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Халыққа қызмет көрсету орталығында баламалы түрде көрсетіледі. Ол үшін ХҚКО-ға мына құжаттарды алып барасыз: 1) сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің жеке басын куәланды…

0
0
370

Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын алу мүмкіндігі

Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК барлық бөлімдерінен «Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын алу» мемлекеттік қызметін тұтынуға мүмкіндіктер бар. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. Қызмет алушы қызмет түрін алу үшін жоғары оқу орындарына және халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей ала алады. Тұтынушы Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезінде мына құжаттар топтамсын: 1)Белгіленген нысан бойынша ХҚО басшысының атына білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептері көрсетілген өтініш; 2)ұжаттың нөмірі мен тіркелген күнін көрсете отырып, құжаттың жоғалғандығы туралы мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланған хабарландырудың көшірмесі; 3)көрсеті…

0
0
401

«Сыбайлас жемқорлық қоғамның жегі құрты»

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жамбыл обылысы бойынша филалы Тараз қалалық №1 бөлімінде 2015 жылға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жоспары жасалып, жоспарға сай тиісті іс-шаралар атқарылуда. Мемлекет тарапынан қызметшілерге қойылатын басты талаптар-мемлекеттік тәртіпті нығайту, бюрократтық кедергілерді жою, заңдылық нормаларының сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты жағдайларды болдырмау екендігі баршамызға айқын, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес тек құқық қорғау, қадағалау органдарымен және әкімшілік ресурстарымен ғана емес, қоғам болып бірлескен күштермен жүзеге асырылуы тиіс. Еліміздің өркендеуі мен көркеюі әрбір азамат тарапынан қосылатын үлес нәтижесінде ғана болмақ. Артылған сенім үдесінен шығу үшін әр қызметші заңдылық шеңберінде жұмыс жасап, өзіні…

0
0
380

«Өзіне-өзі қызмет көрсету орталығының артықшылықтары»

Қазіргі таңда ХҚКО-тарында өзіне өзі қызмет көрсету атап айтқанда «Connection Point» алаңдары жұмыс жасай бастады. Онда қазақстандықтар, операторды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалана алады. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алғаш рет пайдалана бастаса, оған міндетті түрде ХҚКО-ның операторы кеңес беру арқылы көмектеседі.www.egov.kzэлектрондық үкімет порталының «Connection Point» секторларынан азаматтардың ең жиі пайдаланатын қызмет түрлерінің бірі. Атап айтқанда, қозғалмайтын мүліктерінің бар-жоқтығы туралы анықтамалар, мекен-жай жөніндегі анықтамалар, зейнетақылардың аударымы туралы анықтамалар және т.б. анықтамаларды алуға болады. Бүгінде электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуге, әрі жылдамдатуға мүмкіндік туды. Бұл да бір электронды…

0
0
1043

1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «1414» Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын насихаттау

Халыққа қызмет көрсету орталығының Тараз қалалалық №1 бөлімі Тараз қаласының тұрғындарына мобильді жылжымалы "ХҚКО" қызметін көрсетіп келеді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де жағдай жасалып, орталыққа келтірмей, өтініштерді үйлерінен қабылдауда жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қалауы бойынша электронды цифрлық қолтаңба алып, электронды үкімет порталында электронды қызмет түрлерін пайдаланам деушілерге де Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері электронды үкімет порталын пайдалануды үйретеді. 1 және 2 топтағы мүгедектердің электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда және де үйінде интернеті болса, электронды үкімет порталы арқылы көптеген қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіншілігі бар. Мысалға айтар болсақ, мекен-жай анықтамасын орталыққа келмей-…

0
0
570

Тіл мәртебесі – ел мерейі

Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.На…

0
0
668

Мобильдік ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерін көрсетуді бастайды!

Шалғай елді мекендердің тұрғындары өз елді мекендерінен еш жерге шықпай-ақ ХҚКО, ЗТМО және Қазпочта қызметтерін ала алатын болады. Егер бұрын мобильдік ХҚКО-лар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғана қызметтерін көрсетсе, енді 16 наурыздан бастап ХҚКО қызметкерлерімен бірге ЗТМО және «Қазпочта» АҚ қызметкерлері сапарға шығатын болады. «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева мен «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК бас директоры Біржан Жүнісов арасында тиісті меморандумға қол қойылды. «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мобильдік ХҚКО-лардың басты міндеті – бұдан бұрын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін аудандық орталықтарға баруға мәжбүр болатын шалғай елді мекендерде тұрып жатқан аз…

2
0
796