Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

1 және 2 топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға «1414» Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын насихаттау

Халыққа қызмет көрсету орталығының Тараз қалалалық №1 бөлімі Тараз қаласының тұрғындарына   мобильді жылжымалы "ХҚКО" қызметін  көрсетіп келеді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де жағдай жасалып, орталыққа келтірмей, өтініштерді үйлерінен қабылдауда жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қалауы бойынша электронды цифрлық қолтаңба алып, электронды үкімет порталында электронды қызмет түрлерін пайдаланам деушілерге де Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері электронды үкімет порталын пайдалануды үйретеді. 1 және 2 топтағы мүгедектердің электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда және де үйінде интернеті болса, электронды үкімет порталы арқылы көптеген қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіншілігі бар. Мысалға айтар болсақ, мекен-жай анықтамасын орталыққа келмей-ақ үйінде рәсімдеуге мүмкіншілік бар, және де сол сияқты көптеген қызмет түрлерін электронды портал арқылы жүзеге асыра алады. Сізге Электроны үкімет порталында анықтама алу, кезекке тұру немесе электронды кілт арқылы жұмыс жасау түсініксіз болып жатса сіздер «1414» Бірыңғай Cаll-орталығының байланыс орталығына барлық операторларға хабарласып олардан кез-келген ақпараттарды тегін ала аласыздар. Құрметті Тараз қаласының  тұрғындары сіздерге бұл Электронды үкімет порталы өте тиімді және қолайлы болып табылады. Портал арқылы көрсетілетін қызмет түрлері ақысыз түрде жүргізіледі.

Тараз қалалық №1бөлім инспекторы

Шайдос Бауыржан және Рыспаев Жеңіс

0
0
573

Осы тақырып бойынша