Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18 маусымында Мұнайлы аудандық өртке қарсы қызметінің №5 бөлімшесінде облыстық өртке қарсы қызметі басқармасының, аудандық прокуратура, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы, «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы»заңды тұлғалар бірлестігі өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді. Семинар барысында аумақтық Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Ербол Жұмабай іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жо…


