Мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 28 мамырында Маңғыстау облысының Еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, Маңғыстау облысының Еңбек басқармасында, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде және Маңғыстау облысының Ревизиялық комиссиясында мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік сатып алу барысындағы туындайтын мәселелерге қатысты семинарлар өткізілді.
Семинарлар барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Ербол Жұмабай іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау методикасы, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.
Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.
Сөз соңында семинарлардың қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылды.

