Қарақия ауданында Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді
Ағымдағы жылдың 20 маусымында Қарақия ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі аясында 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне арналған аудандық II Спартакиада өткізілді.
Бұқаралық-спорттық шараға аудан әкімінің аппаратына қарасты мемлекеттік мекеме қызметшілері қатысты.
Спартакиада 11 спорт түрлері бойынша өткізілді, атап айтқанда: дартс, асық ату, бестас, қол күресі, пауэрлифтинг, шахмат, дойбы, үстел теннисі, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика, бір орнынан ұзындыққа секіру.
Іс-шара соңында аудан әкімі аппаратының басшысы А. Таубаев жарысқа қатысушы мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жеңімпаздарды I, II, III дәрежелі дипломдармен марапаттады.

