Мазмұнға өту
Qoblandy

Қобланды Абенов

@Qoblandy

Сайтта 2017 ж. 11 қазан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

68

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Сағынамын

Сағынамын бір жанды сағындырған,
Періште боп өзіне табындырған.
Асау толқын соғып тұрған жағаға,
Жүрегімді бір ақ сәтте бағындырған.

Асқар таудай жарық күнмен санасқан,
Жүрегімде сезім оты сағынышпен таласқан.
Кетсем ойлап періштемді жердегі,
Көкке ұмтылды ақ қанатты, ақ арман.

Арманымды тілек жалғап Аллаға,
Естір деген үмітпенен күніге.
Жаратқаннан қолды жайып сәт сайын,
Сұрап жүрмін періштемді сауғаға.

Қ. Абенов

0
0
256

Ғашықтық періштесі

Әр пенденнің періштесі бар шығар,
Ғашықтарды қолдап жүру періштеге заң шығар.
Ал егерде айырылса періштеден адамдар,
Жүрек байғұс айтатыны зар шығар ?

Періштесін сағынады жүрегімен адамдар,
Сағынғандар жүрекпенен қалаңдар.
Сүю деген қасиетті ұғымды,
Бұлғамасын сүйе алмайтын надандар.

Түсінгенге сүю деген ұлы ұғым негізі,
Ықылымнан келе жатыр сезім деген егізі.
Әр жүректе бүршік жарған сезімді,
Қорғасыншы қолдап жүрген періштесі.

Қ. Абенов

-1
0
244

Туған жер

Туған жер аманбысың балам деген ?
Бұл бала Қараталын анам деген.
Сағынып сарғайғанда өзіңді аңсап,
Жүректе сезім туар өзіңе барам деген.

Қаратал аманбысың туған мекен ?
Төсіңде ата - анам кіндігімді буған екен.
Балаңның жүрегіне бесігінен,
Отанды сүюдің дəнін сепкен.

Қаратал күндіз күміс, түнде алтын,
Болашақ күтер бізді күндей жарқын.
Қалам алып тербесін қара бала,
Қасиетті құт мекен Қараталын.
Қ.Абенов

-1
0
361

Сағыныш

Сағынғанда өткенді,
Өзек деген өртенді.
Кімнен сұрап өтінем ?
Келмес қайта көктемді.

Көктем силап жүрекке,
Сүйюші едім күніге.
Кетер болсаң қайғыртып,
Сүйдің онда сен неге ?

Жаным менің сүйгенім,
Ғашық болып күйгенім.
Тастамашы жылатып,
Өтінемін өтінем....

Қ. Абенов

0
0
257

Сағынышым

Дала кезген тамшылар,
Айтар сырым бар шығар.
Бір жан еске түскенде,
Сағынышым жүрегімді шаншылар.

Шаншып барып басылып,
Кейде ойдан тосылып.
Ойға кетем тұңғыйық,
Сағынышпен қосылып.

Дала еркесі тамшылар,
Айтар саған датым бар.
Желіңменен алып кетші,
Ғашықтықты жан шығар.

Қ. Абенов

0
0
386

Кезек күтудің машақаты

Керектіңді ертерек алайын деген оймен таң қылайып жерге жаңа жарық түсер-түспестен ең бірінші болам ау деген оймен көзіңді тырнай ашып апыл – ғұпыл жуынып, киіне сала тездетіп барғаныңда есік алдында жүргендерді көргенде еріксіз бас шайқап таң қаласың «құдай ау мына кісілер үйіне бардыма әлде осында қондыма екен» деп. Қаншама күткен жеріңнің жұмыс уақыты болып есікті қауыпсіздік қызметкері ашар - ашпастан жүгіре басып қайтсем бірінші болам немесе сол алғашқы топтың арасында боламау деумен ішке қарай ұмтылғандарды көргенде бейне бір эстафеталық жарысқа қатысып тұрғандай боласың. Зейнетақы, жалақы бергенде, коммуналдық төлемдер төлеген уақытта поштаның, банктың кассаларына жету үшін біраз уақыт кезекке тұруыңа тура келеді. Қайда барсаңда әскер де сарбаздардың сапқа тұрғанын көз алдыңа елест…

0
0
607

Жұлдызға деген Ғашықтық !!!

Кешкілік теледидарды қосып қалсам ұлттық арнасынан журналист Бейсен Құранбектің «Айтуға Оңай» ток шоуы болып жатыр екен сол ток шоуда қозғалған «Жұлдызға деген Ғашықтық» тақырыбы казір менің мақала жазуыма себеп болып отыр.Теледидардан бейне баяндарын немесе әуен компакт дискілерінен әндерін естіп өздерін танымай өнеріне ғашық болып мен сол әншіге немесе белгілі кино актерларына, журналистерге ғашықпын деп олардың журналдардағы, жарнамалардағы, ғаламтордағы суреттерін жинап, бейне баяндарын, әуендерін жинап, олармен концерттерде, тойларда кездесе қалғанда алған қолтаңбаларын жинап мен сол адамға ғашықпын деу менің ойымша артықтау сияқты. Бұрын да қазақта сал –серілерге, балуандарға ғашық болған арулар болған мысалға алсақ жирмасыншы ғасырдың ұлы жазушыларының бір Сәбит Мұқанов атамыздың «…

0
0
430

Махаббат жайлы бір үзік ой !!!

«Махаббат – деген не?»- немесе «Ол шынымен барма?»- деген сұраққа көп кездесеміз біреуден көңілі қалған немесе алам деп алмай кеткен жігіттеріне өкпелі назданған қыздар қауымының наразылығын көп естиміз, интернетте немесе былай танысқан қыздарымыздың көбісінің аузынан еститін әңгімеміз осы кейде ойға қалам егер мына қыздың айтып отырғандары шындық болса сол алдап кеткен жігіттің өзінің де әпке – қарындастары бар шығар неге солардай көрмеймді деп қаласын ішінен. Осы қыздар да бір – бір үйдің қанаттыға қақтырмай тұмсықытыға шоқтырмай мәпелеп өсірген қыздары емеспе қалай ғана алдап кетті деген жауабы тура тап кәзір табыла қоймайтын ойға батасын. Кішкентай кезімізден оқып өскен махаббат жырларындағыдай бір-біріне деген өліп – өшкен сезім кәзіргі біздің қоғамда жоқпа деген ойға қаласын. Көбіне…

0
0
1007

Бүлдіршіндер ханзада Жумонг, Мелих,Мәрт болып ойнайды екен.

Бізідің елде соңғы кезде алыс жақын шет елдің телехикаялары қаптап кетті, кейде отырып ойға қаласын осы біздің елде отандық телехикаиялар жоқпа? немесе бар бірақ саны аз шығар деп. Өзіміздің бала кезімізде сүйіктіміз болған «Тоғысқан тағдырлар» телетоптамасын мүмкіндік болса қайта көгілдір экранан көрсек екен деп арамандап аласың. Әйтпесе кез келген телеарнаны қоссаң да болып жататыны түрік пен кәріс, ресей телехикаялары. Таң қалам көше бойымен кейде келе жатқанда немесе балалар ойын алаңқайларында кішкентай бүлдіршіндеріміз түріктің «Дениз» телетоптамасындағы Мәрт, Мелих ,Бану, Пелин немесе кәріс халқының тарихи «Ханзада Жумонг» телетоптамасындағы Жумонг,Тесо ханзада болып ойнағандарын көргенде көкейге мынандай сұрақ келеді неге осы жас жеткіншектер «Ағайындылар» телетоптамасындағы Шыңғы…

0
0
369