Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ғашықтық періштесі

Әр пенденнің періштесі бар шығар,
Ғашықтарды қолдап жүру періштеге заң шығар.
Ал егерде айырылса періштеден адамдар,
Жүрек байғұс айтатыны зар шығар ?

Періштесін сағынады жүрегімен адамдар,
Сағынғандар жүрекпенен қалаңдар.
Сүю деген қасиетті ұғымды,
Бұлғамасын сүйе алмайтын надандар.

Түсінгенге сүю деген ұлы ұғым негізі,
Ықылымнан келе жатыр сезім деген егізі.
Әр жүректе бүршік жарған сезімді,
Қорғасыншы қолдап жүрген періштесі.

Қ. Абенов

-1
0
243

Осы тақырып бойынша

Ғашықтық періштесі - Yvision.kz