Сағынамын
Сағынамын бір жанды сағындырған,
Періште боп өзіне табындырған.
Асау толқын соғып тұрған жағаға,
Жүрегімді бір ақ сәтте бағындырған.
Асқар таудай жарық күнмен санасқан,
Жүрегімде сезім оты сағынышпен таласқан.
Кетсем ойлап періштемді жердегі,
Көкке ұмтылды ақ қанатты, ақ арман.
Арманымды тілек жалғап Аллаға,
Естір деген үмітпенен күніге.
Жаратқаннан қолды жайып сәт сайын,
Сұрап жүрмін періштемді сауғаға.
Қ. Абенов
