инжинерлік терминдер
мамандығым инжинер.. байланыс саласы.. қазақша оқығам.. негізі бұл салада көптеген терминдер қазақ тіліне аударылған.. ал басқа салалар ше? ана жолы көлік жөндеу орталығына барсам "шамдарды ауыстыру" деп жазып қойыпты, ой әкің, жұрт не Н7ні Н4тен айыра алмай жүрме деп тұрсам орысша нұсқасы: "замена свеч" деп тұр.. Атаңның басы шам деп ойладым.. Шам ол жарық беретін құрылғы.. Ал мынау бензинді жандыру үшін ұшқыр беретін құрылғы, spark plug - искровая пробка болып аударылады. Яғни ұшқыр тығыны немесе құлаққа жағымды болуы үшін: ұшқырты, болады ғой? Әлде шам болып қала берсін бе?
