Роза Рымбаеваны «Көлік апатынан қаза тапты» деп дүрліктіргендерге!
Сен оларға айт... «Сен оларға айт...» Сәбит Мұқанов. «Күншілдік – бұл қазақтың қылтамағы» Әселхан Қалыбекова. «Көлік апатынан қаза тапты» деп Роза Рымбаеваны ренжіткендерге! Сен оларға айт: Розадай болып алсын! «Алтын Орфей» жүлдесін жеңіп алсын! Аллаһыма сыйынам: Розаға – Тиіскенді бір Алла қолына алсын! Сен оларға айт: Розадай еңбек етсін! Розадай ғарыштық төрге жетсін, Әншілердің атаусыз – Еңбек Ері ол, Қазақ туын Розадай желбіретсін! Сен оларға айт! Розадай алтын ал де! Алтын емес бриллиант боп жарқыра де! Жаңғызтөбе аруы – жалғыз емес, Жан-жағында жанашыр халқы бар де? Сен оларға айт! Розадай әнді салсын! Әнді салып Алаштан алғыс алсын! Қазақ түгіл Орысты таң қалдырып, «Жұлдыз-белгі» Мәскеуде-мәңгі қалсын! Сен оларға айт! Розаға басқа әнші жетеді ме? Ішің күйіп, табынба, шет еліңе! М…