ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
2

Роза Рымбаеваны «Көлік апатынан қаза тапты» деп дүрліктіргендерге!

Сен оларға айт...

«Сен оларға айт...» Сәбит Мұқанов.

«Күншілдік – бұл қазақтың қылтамағы» Әселхан Қалыбекова.

«Көлік апатынан қаза тапты» деп Роза Рымбаеваны ренжіткендерге!

Сен оларға айт:

Розадай болып алсын!

«Алтын Орфей» жүлдесін жеңіп алсын!

Аллаһыма сыйынам:

Розаға –

Тиіскенді бір Алла қолына алсын!

 

Сен оларға айт:

Розадай еңбек етсін!

Розадай ғарыштық төрге жетсін,

Әншілердің атаусыз – Еңбек Ері ол,

Қазақ туын Розадай желбіретсін!

 

Сен оларға айт!

Розадай алтын ал де!

Алтын емес бриллиант боп жарқыра де!

Жаңғызтөбе аруы – жалғыз емес,

Жан-жағында жанашыр халқы бар де?

 

Сен оларға айт!

Розадай әнді салсын!

Әнді салып Алаштан алғыс алсын!

Қазақ түгіл Орысты таң қалдырып,

«Жұлдыз-белгі» Мәскеуде-мәңгі қалсын!

 

Сен оларға айт!

Розаға басқа әнші жетеді ме?

Ішің күйіп, табынба, шет еліңе!

Мазақ етпе Ұлтыңды интернетте,

Ере берме, әркімнің жетегіне!

 

Сен оларға айт!

Роза әлі жас де!

Үйретуден жастарды қажымас де!

Әли, Мәди, Тасқынды жамандасаң,

Қабірде де тынбайды жаның әсте.

 

Сен оларға айт!

Екі дүние рахатын көрмейді де,

Құран-нахах жалаға көнбейді де,

Аузыңды жылан шаққыр «өлді» дейсің,

Қазақ өлмей Роза өлмейді де!

 

Сен оларға айт!

Не ұттың, өсек-мола орнатқанда!

Былғанбайды алтындар боқ жаққанда!

Розаны сөзбен атам деп жүргенде,

Құдайым көзбен атып, сорлап қалма!

 

Сен оларға айт!

Бар – лаңкес көрін құлат!

Розада – зор Еңбек, орынды Бақ!

«Іштен шыққан – жау жаман» ей, ақымақ,

Роза Қуанышқызынан қолыңды тарт!

 

Мылтықбай Ерімбетов, ҚР Жазушылар одағының мүшесі.

28.02.2017 (Шәмші туған күн)