Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңаөзен қаласы әкімінің есебі тыңдалды

Әдеп жөніндегі кеңестің биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселенің бірі Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаевтың өткен 2018 жылы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Өтпелі кезеңде 39 тұлғаға әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативтік көмек көрсетілген, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер саны - 24, жеке және заңды тұлғалар - 15. Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында ҚР заңнамаларын сақтау бойынша 7 түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілген анонимді сауалнамаға 409 мемлекеттік қызметшілер қатысқан.

Тәртіптік жазаға тартылғандар саны - 25, оның ішінде «ескерту» - 13, «сөгіс» - 3, «қатаң сөгіс» - 3. Әдеп жөнінде «ескерту» - 3, «сөгіс» - 1, «қатаң сөгіс» - 1, «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» - 1. Оның ішінде басшылық лауазым атқаратын - 15.

Қала көлемінде «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы өткізіліп, оған мемлекеттік қызметшілер мейлінше тартылған. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері тарапынан қойылған барлық сұрақтарға шаһар басшысы тұшымды жауап қайтарды.

Орын алған кемшіліктерді жою бойынша айтылған ұсыныстар ескеріліп, жең ұшынан жалғасуды болдырмау бағытында кешенді жұмыстар жалғасады деп сендірді әкім.

0
0
623

Осы тақырып бойынша

Жаңаөзен қаласы әкімінің есебі тыңдалды - Yvision.kz