Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде тұрғындарды жеке сұрақпен қабылдау өтті.

"Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі өз жұмысын бастап кетті.

Мұнайлы ауданының бір топ тұрғындары жер учаскесін сатумен айналысатын алаяқтарға алданғандарын айтып, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының араласуын сұрап, өз уәждерін жеткізді.

Аудан тұрғындарын Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев тыңдап, тиісті органдар бұл мәселемен айналысып жатқандығын айтты.

Ал Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов, бұл мәселеден хабардар екендігін және қазіргі таңда күдіктілердің ұсталып, оларға қатысты тергеу амалдары жүріп жатқандығын жеткізді.

0
0
839

Осы тақырып бойынша

"Маңғыстау - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде тұрғындарды жеке сұрақпен қабылдау өтті. - Yvision.kz