Мазмұнға өту
Nazym93
Nazym93

Назира Бурханова

@Nazym93

Сайтта 2012 ж. 20 мамырКазахстан, Алматы

Тұрсын Назым

рейтинг

106

жазбалар

517

пікірлер

7

тіркелуші

11

жазылымдар

7

4-ші Түрік Фильмдері Апталығы - Алматыда басталады

Түркия Республикасы Мәдениет және Туризм Министрлігінің және Түркия Республикасының Алматыдағы Бас Консулдығының қолдауымен, Ұлттық Ой-пікір Қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылатын «4-ші Түрік Фильмдері Апталығы - Алматы» іс-шарасы 2018 жылдың 29 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Алматы қаласында өтеді.
Биылғы жылы өтетін «4-ші Түрік Фильмдері Апталығы - Алматы» фестивалі 2018 жылы 30 қазанда Мұрат Шекердің «Біздің мереке» ("Görevimiz Tatil") фильмімен ашылады. Көптеген фильмдер мен сериялдардың ойыншылары және режиссерлердің қатысуымен өтетін фильм аптасына, Түркиядан Президент Баскеңесшісі және Ұлттық Ой-пікір Қауымдастығының құрметті төрағасы Ялчын Топчу, АК Партия Депутаты және Ұлттық Ой-пікір Қауымдастығының төрағасы Метин Гюндогду, Президент Аппаратының маманы Фатих Топакташ, сондай-ақ «Ертұғрұл. Қайта тірілу» сериясының актёрлары Сезгин Ердемир, Дидем Балчын; «Біздің мереке» ("Görevimiz Tatil") фильмнің режиссері Мұрат Шекер, Бешикташ Мәдени Орталығының (BKM) фильм үйлестірушісі Фырат Сезгин; Кинематографистердің кәсіби қауымдастығы (FİYAP) Бас хатшысы Ахмет Эдебали және Түрік Фильмдері Апталығының Бас Үйлестірушісі Онер Кылыч қатысады.

Бір аптаға созылатын іс-шарада; «Біздің мереке» ("Görevimiz Tatil"), «Ашты, Тәтті, Қышқыл» (Acı Tatlı Ekşi), «Тұмар және Махаббат Құпиясы» (Muska ve Aşkın Sırrı), «Сомунджу Баба» (Somuncu Baba) фильмдері «Арман кинотеатрында» тегін көрсетілетін болады. Сондай-ақ, осы аптада фильм көрсетілімдерінен кейін әртістер мен көрермендер арасында кездесулер өткізіледі. Түркиядан келген режиссерлер, актерлер және продюссерлер мен қазақ кино әртістері арасында кездесу өтіп, ортақ өндірістер туралы екіжақты келіссөздер мен талқылаулар болады. Сонымен қатар, Т.Қ. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында әртістер-студенттер кездесулері мен сұхбаттары өтетін болады.

«4-ші Түрік Фильмдері Апталығы - Алматы» іс-шарасына Zugo Textile, Altınyıldız Classics, Atiker Auto Gas Systems, Alatau Construction Services, Тем-Тур және "Алматы" қонақ үйі қолдау көрсетеді.
4-ші Түрік Фильмдері Апталығы - Алматы бағдарламасы

Сейсенбі, 30 қазан 2018 жыл
11.00 Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында сұхбат
14.00 Көктөбеге сапар
19.00 Кешкі ас / Ресми ашылуы
19.30 Фильмдердің көрсетілімі («Біздің Мереке») Режиссер Мұрат Шекермен сұхбат және Демеушілерге сыйлықтардың берілуі

Сәрсенбі, 31 қазан 2018 жыл
11.00 Қазақ Кино Студияларына бару және ортақ өндірістерге арналған кездесу
17.00 «Біздің Мереке» фильмінің көрсетілімі
19.30 «Ашты, Тәтті, Қышқыл» (Acı Tatlı Ekşi) фильмінің көрсетілімі Режиссер Фырат Сезгинмен сұхбат.

Бейсенбі, 01 қараша 2018 жыл
10.00 Шымбұлаққа саяхат (Хан Тәңірі тауы)
17.00 «Ашты, Тәтті, Қышқыл» (Acı Tatlı Ekşi) фильмінің көрсетілімі
19.30 «Тұмар және Махаббат Құпиясы» (Muska ve Aşkın Sırrı) фильмінің көрсетілімі, актриса Сезгин Ердемирмен сұқбат.

Жұма, 02 қараша 2018 жыл
17.00 «Тұмар және Махаббат Құпиясы» (Muska ve Aşkın Sırrı) фильмінің көрсетілімі
19.30 «Сомунджу Баба» (Somuncu Baba) фильмінің көрсетілімі.

2
0
1074

Журналистер арасындағы байқау жалғасын таппақ

Қазақтілді журналистер арасында «Халық банкі» АҚ демеушілік ететін «Еркін сөз» байқауы жарияланды. Конкурсты ұйымдастырушы – «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ.

«ЕРКІН СӨЗ»-2018 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

1. Жалпы ережелер

2. «Еркін сөз» журналистер арасында өтетін байқауы (бұдан әрі – Байқау) журналистердің шығармашылық қарымын күшейту және журналистерді ынталандыру мақсатында өтеді.

3. Байқаудың міндеттері:

Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру;

Журналистерді ынталандыру;

3. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру 16 желтоқсан ҚазақстанРеспубликасының Тәуелсіздік күнімен және Қаржыгерлер күнімен сабақтастырылады.

4. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

5. Байқау комиссиясының құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіре алады.

6. Байқау комиссиясы жеңіске талпынған БАҚ өкілдерін іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

материалдардың объективтілігі;

кәсіби шеберлігі;

мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;

материалдар туғызған қоғамдық резонанс;

жұмыстардың шығармашылық толымдығы;

7. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті бекітетін Байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

8. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

9. Жеңімпаздар келесі байқауға 2 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.

2. Байқауға қатысу шарттары

10. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ журналистері шақырылады.

11. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы.

Байқауға қатысуға қаржылық, экономикалық әлеуметтік, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тақырыптарына негізделген материалдар қабылданады.

2018 жылдың 01 қаңтарынан 2018 жылдың 27 қарашасына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық бағдарламалар, журналистік зерттеулер тағы басқалары) қабылданады.

12. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар.

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2018 жылдың 27 қарашасы, сағат 20:00-ге дейін.

Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.

13. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны.

Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.

14. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

15. Байқаудың өту кезеңдері

16. Алғашқы кезең.

Алматы қаласында Баспасөз мәслихаты өткізіліп, БАҚ өкілдеріне байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.

16. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі.

Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына немесе электронды поштаға 2018 жылдың 27 қарашасына дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.

17. Қорытындылау.

Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау шеңберінде іске асырылады:

19. Үздік видеосюжет (телевидение);

20. Үздік мақала (газет);

21. Сайттағы үздік мақала;

22. Жеңімпаздарды марапаттау.

23. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

24. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; мәселені талдаудың тереңдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

25. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері

26. Ұйымдастыру комитеті:

Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;

қандай да бір үміткерге қатысты Байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

21. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

6. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері

7. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқауға түскен материалдарға баға беру;

Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

23. Байқау комиссиясының міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

*Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.

7. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

8. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

А) Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

Ә) Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;

Б) Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

25. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

А) Байқаудың мән-жайымен алдын-ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

Ә) Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

26. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

А) Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

Ә) Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

8. Медиа ресурстар

Байқауға ақпараттық қолдау жасауды ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.

9. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Клочков көшесі, 21/29. Байланыс телефоны: + 7 778 878 34 08; электронды пошта: [email protected].

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

0
0
1002

Адам жүрген жерінде нұрын шашып жүруі керек


Өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз. Аты-жөніңіз, мамандығыңыз, бүгінгі күнге дейінгі жұмыс орныңыз.

Еденбаева Зауре Дөненбекқызы мектепке дейінгі білім беру мамандығы, Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институты тарих-педагогика факультетінің мектепке дейінгі тәрбие бөлімін 1984 жылы үздік бітірдім.  1986 жылдан бері осы мамандық бойынша үздіксіз жұмыс істеп келемін. Бүгінгі күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ , Мария Монттесории кабинет меңгеруші , оқу-әдістемелік құралдары авторы .

 Сіздің пікіріңізше,  мамандық таңдау ол қажетілік пе? Әлде бала күнгі  арманыңыздың орындалуы ма? 

Қазақта бір әдемі  сөз бар ғой "Әке балаға сыншы",-  демекші  отбасындағы үш қызына мамандық  туралы айтып отырушы еді.  Әкем Доненбек әпкем Фатима мен Зәуре сендер мұғалім  боласындар,  ортаншы әпкем Сәулеге сен есепші боласын деушіді. Өмірімізде  әкеміздің айтқанын алла орындады, бүгінгі күні әкпеміз екеуміз  ұстаздық саласындамыз. Созақ – қасиетті ел. Мұны жұрттың  бәрі  айтады.Әйтсе де оның солай болуына көп адамдар терең ой  жүгірте бермейді. Жер қасиетті болу үшін- сол жерде тұратын  ерлерімен, азаматымен, ұл-қыздарымен, қарияларымен,  өнерпаздарымен өлшеулі өмірден өз орнын табады. Әдебиеті мен  мәдениеті Құлыншақ Кемелұлын, Шәді ақынды дүниеге келтірген.  Тәкен Әлімқұлов, Сәуірбек Бақбергенов, Төлеген Тоқбергенов, Асқар  Сүлейменов, Батима Батырбекова т.б. сынды ақын-жазушыларды  әуелете ұшырған өлке екенін мақтан еткен. Дінмұхаммед Қонаев  былай деп жазыпты: «Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа  екенімді ұмытпадым, қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің  түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар  жерім де – қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім.  Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім» дейді.  Осы кісідей туған елді, туған жерді сүйіп, туған жерге тууыңды тік  демей ме? атам қазақ. Әрбір адам жұдырықтай жүрегімен туған жерін  аялап сүйіп өссе, кең байтақ Қазақстан гүлге оранады. 

Сіздің педагогика салыны таңдау жолыңыз : Оқулықтар авторы болу заңдылық па? 

Елімізде қадірлеп қастерлейтін тарих шексіз. Көп жылдар дәріс бере  жүріп, ұстаздардан « омпа» деген не? Асық ойындарында яғни, «Хан талапайда» жиі кедеседі деген сұрағыма кейде мүлдем жауап ала-алмай қаламын. Сөйтемін де, әкемді есіме аламын.Егер ол кісі омпаның не екенін түсіндірмеген болса менде білмес едім ғой . «Хан талапайды» отбасымызбен кешкі асымызды ішіп, мал жайғап болып, екі топқа бөлініп, ойнайтынбыз. Алақанға толтыра салған асықтарды шашып кеп жібергеніңде бір асық кейде, аяққа тұрып тың тыңдаған қояндай тұра қалатын. Сонда әкем «омпа» деп, сүйіп алады да, біздің топқа берген Алланың олжасы дейтін. Тәуелсіз мемлекет біз, ұрпақты тәрбиелеуде оқуды үйрету . Оқулық жазу әрине заңдылық , ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсаты да , мектепке дейінгі білім беру туралы әдістемелік құралдардың басым көпшілігін жазатын авторлар елімізде көп емес.Әрине тәжірибе жинақтау, шет елдердегі ресми сапарлар, кітапхана төріндегі дәстүрлі әлемге танымал ғалымдардың жазбаларын  оқып тәжірибе жинақтадым. Бүгінгі күні ғалым -әдіскер, автор ретінде тыңдаушыларға айтарым сол ғылыми еңбектерімде айқын жазылды. 1987 жылы шығарылған «Орыс балалар бақшасында қазақ тілін оқытып-үйрету» әдістемелік құралы, отызға жуық әдістемелік құралдардың, он сегіз мектепалды даярлық тобы құралдарының редакторы . Ұстаз боламын деген бакалавр, магистрант, доктаранттар, жас мамандарға жазылған ғылыми-әдістемелік құралдар саны бүгінгі күні отыз алты. Әлі де жоспарда жазатын, айтатын ой-пікірлер тақырыптық лекциялар, сұхбаттар жинақталуда. 

Сіз неше шет ел мемлекеттерінде сапарда болдыңыз : жұмыс бабымен? саяхат ретінде? барған Мемлекеттердің тізімін айтыңызшы ....

Бала күнінде мұғалім боламын деушедім. Жапония , Швейцария,  Франция еліне баруды армандап өстім. Жалпы мен 50 ден астам  мемлекеттің жерін бастым, оның ішінде 15 мемлекетке саяхаттап  бардым, 35 елде ресми сапарда болдым. Ерекше әсер еткен Чехия ,  Жапония , Корея , Сингапур елдері. 

Сіздің шығармашылық жұмыстарыңызда ұлттық дәстүр ерекше тақырып, айтып беріңізші....

Дәстүр ұлтымыздың бары , нары ғой. Демек,  педагогтік қызметімді балабақшадан бастаған мен осы жылдар аралығында ғылым мен халықтық педагогиканы ұштастыра қарап келемін. Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, сол үшін өмір бойы ізденуден жалықпауы тиіс.

Сіздің тәжірибеңіз шексіз әлем , маңызды қағидаларыңыз....

Мен 2008 -2010 жыл аралықта Алматы қаласындағы № 1 педагогикалық колледжде мемлекеттік емтиханда төрағасы болып бекітілген едім. Сол кездері мен колледжді үздік  біліммен бітіретін студенттерге қазақтың тоғыз дыбысын жетік меңгеру , себебі олар , бастауыш сынып мұғалімдері мамандық бойынша ғой. Өмірлік ұстанымдарында қазақ тілінің мәртебесі биік болуын ескертемін. Өзім жоғарғы оқу орынды таңдауымда бекер емес, ол Қазақ қыздар педагогикалық институты , бүгінгі күні білім саласында 40 жыл педагогикалық еңбегімді мақтанышпен айтамын және де осы институттың түлегі ретінде көп балалы отбасында бір студенттің шәкірт ақысын алты ай төлеп бердім. Білім саласындағы жеткен жетістіктерім , ол қажырлы еңбек және қоршаған ортамыздағы жастарға айтар ақылым , бағыт-бағдар деңгейін тұрақты дамуы өмірлік заңдылық. 

Бүгінгі күні алдыңызға келетін тыңдаушылар деңгейі қандай ....

Тыңдаушылардың деңгейі әр түрлі , себебі елімізде ұстаздардың жалақысы жоғары деп айтылсада, тәрбиешінің айлық жалақысы 40000 теңге. Басым көпшілік тәрбиешілердің баспаналары жоқ, көп балалы аналар. Мысал ретінде жақында бір тыңдаушы өз пікірін айтты , кітап , журнал, газет оқу, интернет желісінде ақпараттарды оқуымызға уақытымыз жетпейді .. деп. Сол себепті менім тыңдаушыларға оқыған дәрістің басым бөлігі жаңашылдық үрдіспен таныстыру, біліктіліктерін арттыру жас мамандарға да бағыт бағдар беру ғой. Өмірдегі қиыншылықтар әрине тәрбиешілердің мұқтаждарының шешілу жолдарын іздеуге де уақыттарын алады. Өз басымда баспанам бар, тұрақты түрде білімімді халықаралық , республикалық деңгейде арттырып тұрамын . Алдыма келген тыңдаушылар деңгейін көтеру басты мақсат бола тұра , менім байқап жүргенім білім саласының қызметкерлерінің еңбек жалақысы төмен, баспана мәселесінің шешілу жолдары күрделеніп, тығырыққа тіреліп жүрген жандарды көргенде әрине қынжыласың. Шет елдерінде, әсіресе Жапония  еліндегі өзін сыйлау, дәстүрді сақтау басым. Балабақшаларында ресми сапарда болғанда көргенім әуелі киген киімдері бір келкі (униформа) меңгерушіге дейін тәртіп бір. Сөйлеу мәнері қалыпты, дауыстарын көтермейді, қоршаған ортаға үлкен құрметпен қарайды. Біздің елден барған балабақша меңгерушілері жалғанбалы тырнақ, кірпік,еріндерін қып-қызыл етіп бояап алғандарын көріп ,құтты бір ақтрисаны көргендей таңғалды , әсіресе қоғамдық көлікте. Жапония елінде қарапайымдылық басым. 

Ұстаздар мерекесі қарсаңында Сайт оқырмандарға тілегеңіз....

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтының «Медиа және PR – коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» атты II халықаралық PR жазғы мектебінде 72 сағат көлемінде өз білімін көтеріп, арнайы сертификат алдым. Осы сұхбатты бере отырып, Әлеуметтік желідегі сайт оқырмандарына қызықты мақалалар, эссе т.б. тұшымды материалдарды оқып , тұлғалардың өмірлік қағидаларымен тәжірибелерін оқып, өмірде кездесетін қиыншылықтардан сүрінбей өтіп кетуін ықпалы болсын деп тілеймін. Бүгінгі күні сайттардағы сұхбаттар мен  мақалаларды оқитын басым көпшілік ұстаздар қауымы ғой. Тағы бір айтарым 2019 жылдан бастап 2025 жыл аралықта латын әріпіне көшу  көшу қарқынды жұмыстары біздің институтымызда басталып кетті.  Сол себепті Ұстаздар мерекесі күні қарсаңында қиындығы мен қызығы көп жұмыстарына шығармашылық нәтижелер, ақпейіл ұстаздарға төзімділік, алдарындағы биік асулардан сүрінбей өтулерін тілеймін. 

Жалғасы бар .....

27.09.2018ж. Алматы қаласы

сұхбат алушы ,

тәуелсіз PR  саласының  менеджері Батима Кабдолданова 

блогер Назира Бұрханова  

P.S. 

Еденбаева Зәуре Дөненбекқызы - өз мамандығына өмірін арнаған, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің қыры-сырын толық меңгерген, тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін орынды қолдана білетін, баланың шығармашылық қызығушылығын арттыру мақсатында ізденістер жүргізіп жүрген әдіскер. Жаңашыл педагогтардың алдыңғы қатарлы еңбектерін өзінің тәжірибесінде шебер пайдаланып отырады. Көптеген оқу әдістемелік құралдар мен бағдарламалар жазып, республика көлемінде мектепке дейінгі тәрбие мекемелері пайдалануда.

1
2
1922

ҚазҰАУ студенттерінің мерекесі Көктөбеде өтті

2018 жылдың 26 қыркүйек күні Алматы қаласындағы «Көктөбе» демалыс кешенінде Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Рухани жаңғыру – нұрлы болашақ бастауы» атты Студенттер қатарына қабылдау салтанатын өткізді.

Мұндай шараны университет өткен жылы да Көктөбе кешенінде өткізген болатын. Биыл да игі дәстүр жалғасын тауып, Студенттер қатарына қабылдау рәсімі тамаша табиғат аясында ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында ҚазҰАУ ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик Тілектес Есполов құттықтау сөз сөйлеп, бірінші курс студенттеріне салтанатты түрде студенттік билет пен сынақ кітапшасының символикалық нышанын тапсырды.

Тілектес ЕСПОЛОВ, ҚазҰАУ ректоры:

– 90 жылдық тағылымды тарихы бар отандық ауыл шаруашылығы білімі мен ғылымының көшбасшысы – Қазақ ұлттық аграрлық университеті бүгінгі күні Ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануды іске асырып, заман талабына сай жаңа бағытта дамуда. Бүгінгі күні университетіміз еліміздегі аграрлық-индустриалды білім мен  ғылыми-инновациялық серпілістің ошағына айналды.

Биылғы оқу жылына университетіміз бойынша 3000 адам оқуға қабылданды. Олардың ішінде 600-ден астам магистрант, 126 докторант, 50 «Алтын белгі» иелері бар. Бұл  – бұрынғы жылдармен салыстырғанда өте жоғары көрсеткіш. Осының өзі  біздің университетке деген зор сенімнің уақыт өткен сайын артып келе жатқандығын көрсетеді.

Алматы – білім мен ғылымның, мәдениет пен өнердің, білім қуған арманшыл жастардың қаласы. Сондықтан Көктөбе демалыс кешеніндегі бүгінгі салтанатты шарамыз жастардың есінде мәңгі қалады деп есептеймін.

Біздің мақсатымыз – стуенттерімізге тиісті білім беріп қана қоймай, оларға рухани тәрбие беріп, Ел мен Жердің қасиетін бағалайтын азамат етіп тәрбиелеу. Үлкен өмірге жолдама алып отырған бүгінгі студенттеріміз ел болашағына қызмет ететін білікті маман болып шығатынына кәміл сенемін.» 

Салтанаты шарада университет телестудиясында дайындалған егемен еліміздің кешегісі мен бүгінін баяндайтын, ҚазҰАУ тарихынан сыр шертетін көркемсуретті және  шағын деректі фильм көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалып, рухты серпілтетін жырлар оқылды.

 Мазмұнды концерттік бағдарламамен көмкерілетін мерекелік шарада университет жанынан құрылған «Гүлбану» би ансамблінің, Ұлт аспаптар оркестрі, «Эстрада», «Дәстүрлі ән» үйірмелерінің, әскери кафедраның талантты студенттері мен ұстаздар  қауымы ұлттық нақыштағы әсем ән-күй мен әсерлі билерді орындап, арнай театрландырылған көрініс ұсынды.

Студенттерді қабылдау рәсіміне арналған шараға қадірлі қонақ ретінде еліміздің зиялы қауым өкілдері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының басшылары, білім, ғылым, мәдениет саласының үздік қызметкерлері, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, шетелдік қонақтар мен университеттің оқытушылары, студенттері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

ҚазҰАУ Баспасөз қызметі,
Суреттерді түсірген М.Ботабеков

1
0
1038

Мал өсірсең түйе өсір, өнімі оның көл көсір...

Алматы облысындағы "Дəулет-Бекет" шаруа қожалығындағы бір ғана пресс тур бірнеше тақырыпты қамтыды. 

Аталған қожалықтың басшысы Сыдық аға журналистерге өз кəсібі, түйе шаруашылығы, түйе сүті мен сүттен жасалған өнімдердің пайдасы, балабақша ашу, төрт түлік малдың өнімі т.б. жөнінде айтып ағынан жарылды. 

Алғашқы түйесін сексеннен асқан әкесіне ағарған ішкізем деп алған Сыдық ағаның бүгінде 5 мыңнан астам түйесі бар. Шаруа қожалығында түйемен қатар төрт түлік мал табылады. 

Қолындағы қаржысын алақандай ауылын гүлдендеруге жұмсап отырған ол ауылдан 100 орындық балабақша ашқан. 

Ондағы балалар күн сайын тегін шұбат ішіп, денсаулықтарын шыңдайды. Ауылдың басынан жаңа сауылған шұбат пен қымыз арқылы емдейтін сауықтыру орнын ашқан. Шұбаттың саумалын дәл сол жерден барып ішесіз. Күніне қанша литр ішсеңіз де, шектеу жоқ, тегін. 

Бір күннің ішінде біз  шаруа қожалығынын, түйе сүтін өндіретін цехты, ондағы қызу тіршілікті көріп,  үлкен ойға қалдық. Игі істер мұнымен бітпек емес. Аталған жұмыстармен қатар, ағаның болашақта көптеген жоспарлары бар екенін байқадық. 

Осылайша, біз бір күнде бірнеше жұмыс орнында болып, таза ауаны жұтып, дәмі тіл үйірер шұбат ішіп, ағаның құрметті қонағы болып қайтқан жайымыз бар :)

1
0
2102

Отандық кәсіпкерлер үшін МУСИАД көрмесінің маңызы зор

Күні кеше Түркияның тәуелсіз кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілерінің бірлестігі- МУСИАД тың Қазақстандағы өкілдері Түркі Тілдес журналисттер қорының  журналистермен кездесу өткізді.  

Ең алдымен, «МУСИАД» деген не дегенге анықтама бере кетсек. 1990 жылы Түркия да құрылып, бүгінде 74 елге қанатын жайған (ішінде Қазақстан да бар) әлемдік деңгейдегі танымал жаһандық кәсіпкерлер бірлестігі болып саналады, МУСИАД та кәсіпкерлікпен қатар, қоғамдық-әлеуметтік бағытта: ағарту, сервистік, консалтингтік салаларды да қамтыған.  Бүгінде Қазақстандағы жоғары класс деңгейіндегі қонақ үйлердің басым бөлігі түрік кәсіпкерлерінің қолдауымен көтерілгені белгілі. Тек қонақ үй емес,  азық-түлік секторында,  дәрі мен химия өнекәсібінде құрлыс пен жабыдықтау фирмаларында да түрік кәсіпкерлері жүр.  Ресми ақпарат көздеріне сүйенсек 2017 жылдың мәліметі бойынша Қазақстандағы мердігер түрік фирмаларының жалпы құны 21 милиард доллардан асқан.  Ал Қазақстаннан Түркияға жасалған инвестициялар 700 милион долларды құраған. Бұл екі ел арасындағы сауда-саттық, жалпы өнеркәсіптік сала бойынша үлкен көрсеткіш. «Екі ел басшысы Н. Назарбаев пен Р. Т. Ердоғанның кездесу барысындағы айтқан межесі 5 милиард долларға дейін  жеткізу» дейді кездесу барысында МУСИАД тың Қазақстандағы өкілі Йылмаз Кесен мырза. 

«МУСИАД та 60 000 кәсіпорын тірікелген, 1600  000 адамды жұмыспен қамтып отыр,  17 милардтық экспорттық ауқыммен Түркия экономикасының 18 пайызын құрайды.  Қазақстанмен бірлесе жұмыс жасауды биылдан қолға алдық,  биылғы жылы 17 рет  өткізілмекші МУСИАД ЭКСПО көрмемізде биылғы жылы Қазақстан кәсіпкерлерін ұйымдастырып апару бізге жүктеліп отыр»- дейді Йылмаз мырза.

Осы уақытқа дейін өткен көрмелерге жекелеген кәсіпкерлер барса биылғы жылы МУСИАДтың өкілдері ұйымдастырып апаратын болғандықтан зор мүмкіндіктер береді.  Мысалы, әлемдегі үздік компаниялар мен көшбасшыларын анықтау, орта және шағын бизнесті нығайтып олардың өркендеуіне жол ашу. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналатын болғандықтан өз бизнесін әлемдік  нарыққа шығарсам дейтін жандарға таптырмас сәт болады деп толықтай айтуға болады.  Қараша айының 21-24 де Стамбұл қаласында өткізілетін  ЭКСПО көрмесінде мыналарға жеңілдік жасамақшы, атап айтқанда  150 жуық кәсіпкерлердің Түркия еліндегі қонақ үйі аздаған шығындары МУСИАД бірлестігінің мойнында. Ал ұшақ билетін әр кәсіпкер өзі алады. Сондай ақ МУСИАДтың тікелей ұйымдастыруымен көрме кезінде қорғаныс пен аэроөнеркәсіп саласын дамытуға арналған MÜSİAD HIGH-TECH PORT көрмесі мен  «22-ші Халықаралық іскерлік форумы» ұйымдастырылады.  Қазақстандағы кәсіпкерлерді қолдайтын палата «АТАМЕКЕН»  де МУСИАДты қолдап бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін қуана жеткізді.  Осы ретте, Түркі тілдес журналисттер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы да ел экономикасына зор үлес қосып жүрген екі ел арасындағы келісімдердің маңызы жоғарылылығын,  осы уақытқа дейін де тауар өндіретін басқа да кәсіпкерлер Түркі тілдес журналисттер қорының ұйымдастыруымен халықаралық көрмелерге, түрлі шараларға барып көріп жүргендігін айтып өтті.

1
0
640

Алматыдағы Түркі кеңесінің келелі жиыны спорт және туризмге арналды

Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары Өмер Коджаманның айтуынша, 2014 жылы Түркияның Бодрум қаласында өткен Түркі кеңесінің саммитінде қабылданған шешімге сәкес, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан мен Әзірбайжанның тарихи-мәдени мұраларын әлемдік деңгейде насихаттай отырып, аталған елдердің турзим саласын дамыту мақсат етілген: «Халықаралық туризм нарығындағы соңғы үдеріс – туристер жағажай және теңізбен шектелмей, шет елдердегі мәдени мұраларды тануға ұмтылады. Бұл орайда, Қазақстандағы Алматы, Тараз, Шымкентпен Түркістандағы тарихи ескерткіштер, Арыстан Бап, Ақсақ Темір, Қожа Ахмет Йассауи сияқты басқа да әлемге танымал тұлғалар, Орта Азияға тән архитектура жатжұрттықтардың қызығушыдығын тудыратынына сенімдіміз. Туристік пакеттің бағасына келсек, нақты айта алмаймын. Бірақ Еуропа мен Америка нарығындағы бағамен салыстырсақ, едәуір арзан. Ал Түркия мен басқа елдер үшін туристердің қалтасына ыңғайлы баға қарастырылып жатыр». Өмер Коджаман мырза туризм жобасын іске асыратын туристік операторлар Түркі Кеңесіне мүше елдердің Туризм және Мәдениет министрліктерінің ұсынуымен қабылданғанын, сондықтан әр елді танытуда кәсіби мамандар жұмыс істейтінін жеткізді. 

Отырыста Түркияның Алматыдағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза уақыт өткен сайын Түркияны көруге құштар Қазақстан азаматтарының қатары артып келе жатқанын, Түркия тарапынан да Қазақ елін тануға ұмтылатындар саны өскенін айтты: «Заманауи Жібек жолы» жобасы түркі елдерінің бір біріне танылуына, насихатталуына сеп болары анық. Жыл сайын 40 миллионға жуық шетелдік турист келеді. Туризмнен 2017 жылы мемлекеттік бюджетке 37 миллиард доллар кіріс кірді. Туризм саласы Түркиямен бірге Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстанда да жақсы дамып келе жатыр». 

Түркі Кеңесіне мүше елдердің арасында Түркияның туризмі жақсы дамыған. Түркияның Қазақстандағы Туризм атташесі Нури Шимшеклердің хабарлауынша, соңғы жылдары шетелдік туристер теңіз бен жағажай үшін ғана емес, денсаулық туризмі, жайлау, спорт туризмі т.б. қызығады.: «Түркияның Кастамону қаласы 2018 жылдан бастап «Түркі әлемінің мәдени астанасы» атанған. Сонымен қатар, туризмді басты кіріс көзіне айналдырған түріктер 2018 жылды «Туризм жылы» деп атап, астанасы етіп Троя қаласын бекітті. Біз қазақ бауырларымызды Кастамонуға, Конья, Сивас, Трояға, сиқырлы Стамбұлға қонаққа шақырамыз. Сіздер үшін есігіміз әрдайым ашық. Алдын ала болжам бойынша, биыл Қазақсаннан Түркияға 500 мыңнан астам қонақ келеді деп отырмыз».

«Заманауи Жібек жолы» жобасы туралы толық ақпаратты www.modernsilkroadtour.com арқылы алуға болады. 

Деректер «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ-нан алынды

0
0
731

Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)

 Көптеген елдерде тюрбан символикалық мәнге ие және оны тек нақтылы ниетпен тағады, оның ішінде діни негізде. Сонымен қатар, оны тағу  тәсілдері де әртүрлі.

 Дегенмен, бүгінде тюрбанды діни сеніміне және нақтылы амалдарына байланыссыз кез келген адам таға алады. 

Және бұл бас киім кез келген матадан, кез келген түстегі орамалдан байланады.

Тюрбандарға көптен бері қызығушылығым артып жүрген еді. Содан бір күні мен өзім үшін өте әдемі тюрбан сататын орынды таптым  :)

Ол Алматы қаласындағы  Turban Style брендімен танымал тюрбандар желісі. 

Бұл бренді Нурия есімді алматылық ару кәсіп бастап, халыққа қызмет көрсету мақсатында ашқан екен. Осы желтоқсан айының 28-і күні аталған дүкен желісіне тұп-тура 1 жыл толады еді. 

Жаңа жылға тұспа-тұс келгендіктен, қарабаласқа қалмайық деп аталған жұмыс орны 1 жылдықтарын өткен сенбіде атап өткен болатын. 

Бұл күні Нурия ханым барлық келушілерге есігін айқара ашып, түрлі сыйлықтар ұсынумен қатар,  арнайы жасалған тортпен фуршет те ұйымдастырған еді.

Нурияның тюрбандары бірінен-бірі өтетіндей әдемі екен :)

Бұл жерден жасыңызға, қызметіңізге қарай сәнді де, сапалы түрлі тюрдандарды таба аласыз:)

 Тюрбанды жазда ыстық күннен қорғану үшін, ал қыста жел мен суықтан қорғану үшін тағу мүмкіндігі бар. 

Қазірде тюрбанды мойынға тағатын көлемді әшекейлермен үйлестіру ерекше сәнде. 

Егер өзіңізге жарасатын түс пен тығыздығы сәйкес матаны пайдаланып, тюрбан тақсаңыз бейнеңіз сәнді әрі заманауи көрінетін болады. 

Мұндай сәнді бұйым нәзік жанды арулардың биязылығы мен биік талғамын айқындай түседі.

 Бұл бас киімді түрлі маталар немесе орамалдардан байлауға болады. Егер сіз жібек немесе жеңіл мата таңдасаңыз, тюрбан байлау қиынға түседі, өйткені ол сырғанай беретін болады. 

Егер мата жұқа болса – тюрбан кішкентай әрі нәзік болып шығады. Бірақ бас пішіні кішкентай аруларға осы үлгі жарасады. 

Туған күніңмен, Тюрбан стайл:)

Тығыз немесе ұзын матадан немесе орамалдан көлемді тюрбан байлауға болады.

Нурияның тюрбандары жоғары сапалы болғандықтан, түтілмейді әрі сырғанап кетпейтініне көзім жетті.

Кез келген түсі кез келген өлшемде табылады:)

Нурияны инстаграмм желісінен  Turban style нигі арқылы тауып, жазылып тапсырыс берулеріңізге болады:)  

Егер сізге ұнаса, инстаграмм желісі арқылы басқа да жұмыстарын көріңіздер:))

0
0
2327

Журналистерге берілген серпіліс

09.10.17- 27.11.17. аралығында журналистер арасында "Еркін сөз" шығармашылық байқауына жұмыстар қабылданды. Осы уақыт арасында ұйымдастыру комитетіне біршама ұсыныстар келіп түскен. 

Байқау қорытындысы, 9 желтосан күні ресми түрде қорытындыланып, біршама журналисттің қанжығасы байланды. 

Сөз соңында, байқауға демеушілік көрсеткен "Халық" және"Казком" банктерінің ұжымына жүрекжарды лебізімізді жеткіземіз. Шара жоғары деңгейде өтті. сонымен қатар, күн демей, түн демей әріптестеріміздің шашбауын көтеріп, осы шараның тамаша өтуіне алсалысқан барша ұйымдастырушыларға, соның ішінде Нәзия Жоямергенқызына ерекше алғысымды білдіргім келеді.

0
0
553

Рухани жаңғырудың темірқазығы — латын қарпі

 

Латын әліпбиіне өту – Тәуелсіздік  алғанына ширек ғасырдан асса да, әлемдік тәжірибеде  отарлық бұғауынан шыққан елдер үшін заңдылық болып табылатын және  жемісін беретін ОТАРСЫЗДАНУ  саясаты   қолға алынбаған  Қазақстандағы рухани тәуелсіздікке  жасалған алғашқы қадам. Әрине,  бұл қадамның  қарқын алуы  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:  Рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласынан  басталып кеткені белгілі.  Ал  алғаш латын әліпбиіне өту керектігі туралы 2006 жылы Елбасымыз   Қазақстан Халқы Ассамблеясында айтқан болатын.

 

Жазу  – әрбір халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс. Ол өткенді, бүгінді және келешекті жалғастыратын алтын көпір. Қазіргі жазуымыз бірнеше ұрпаққа білім беріп, оларды талай биіктерге жетеледі, қазақтың әдебиетін, мәдениетін, ғылымын көтеріп, егеменді мемлекетімізге де қызмет етіп келеді. Бұл рас. Бірақ барға қанағат етіп қана отыруға болмайды. Алға ұмтылу керек! Өркениетті елдермен терезімізді теңестіруіміз қажет-ақ!

Әрине, қоғам болғаннан соң әрбір жаңалық жеңіл қабылдана бермейді. Көпшілігі «мына үтірлер не таңба» деп түсінбейтін де шығар. Бірақ оған үйрену соншалықты қиын емес. Әріп үстіндегі үтірлер кейде дыбыстардың жіңішкелігін көрсетеді. Мұнда дауыстылар да дауыссыздар да апостроф арқылы көрсетілді. Біздің ұлттық дыбысымыз деп қабылдауға әбден болады. Жалпы тілшілер диакритикалық әліпбиді қолдайды. Ол дұрыс. Бірақ, қазір интернет, цифрландыру, модернизация заманында өмір сүріп жатырмыз. Мәселенің осы қырын да ескеру керек. Болашақ ұрпақ бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Алғаш ұсынылған әліпби бүкіл интернет бағдарламасын өзгертуді талап ететіні белгілі еді. Сондықтан, оның бәрі шығынды талап етеді. Ал апостроф клавиатурада бар. Сондықтан, Елбасына ұсынылған жаңа нұсқаны артық санаймын, қоғамға тез еніп кетеді деп ойлаймын.

P.S.  Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін Елбасының алға қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асыру жолында жұмыла жұмыс істеуіміз керек. “Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін” деген екен Ахмет Байтұрсынұлы. Қазір қолға алып жатқан дүниенің бәрі біз үшін емес, кемел келешек жолында жасалып жатқан ауқымды іс. Олай болса, Елбасының сындарлы саясатын қолдап, бірлік, білім, еңбекті ұштастырып, ортақ межеге қол жеткізуге атсалысуымыз керек.

 

Назира БУРХАНОВА

"ҒЫЛЫМ ордасы" РМК

"Ғылымды насихаттау, қоғамдық ақпарат және баспа ісі" бөлімінің

бас маманы

     
0
0
859