Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мал өсірсең түйе өсір, өнімі оның көл көсір...

Алматы облысындағы "Дəулет-Бекет" шаруа қожалығындағы бір ғана пресс тур бірнеше тақырыпты қамтыды.

Аталған қожалықтың басшысы Сыдық аға журналистерге өз кəсібі, түйе шаруашылығы, түйе сүті мен сүттен жасалған өнімдердің пайдасы, балабақша ашу, төрт түлік малдың өнімі т.б. жөнінде айтып ағынан жарылды.

Алғашқы түйесін сексеннен асқан әкесіне ағарған ішкізем деп алған Сыдық ағаның бүгінде 5 мыңнан астам түйесі бар. Шаруа қожалығында түйемен қатар төрт түлік мал табылады.

Қолындағы қаржысын алақандай ауылын гүлдендеруге жұмсап отырған ол ауылдан 100 орындық балабақша ашқан.

Ондағы балалар күн сайын тегін шұбат ішіп, денсаулықтарын шыңдайды. Ауылдың басынан жаңа сауылған шұбат пен қымыз арқылы емдейтін сауықтыру орнын ашқан. Шұбаттың саумалын дәл сол жерден барып ішесіз. Күніне қанша литр ішсеңіз де, шектеу жоқ, тегін.

Бір күннің ішінде біз шаруа қожалығынын, түйе сүтін өндіретін цехты, ондағы қызу тіршілікті көріп, үлкен ойға қалдық. Игі істер мұнымен бітпек емес. Аталған жұмыстармен қатар, ағаның болашақта көптеген жоспарлары бар екенін байқадық.

Осылайша, біз бір күнде бірнеше жұмыс орнында болып, таза ауаны жұтып, дәмі тіл үйірер шұбат ішіп, ағаның құрметті қонағы болып қайтқан жайымыз бар :)

1
0
2008

Осы тақырып бойынша

Мал өсірсең түйе өсір, өнімі оның көл көсір... - Yvision.kz