Мазмұнға өту
Nazym93
Nazym93

Назира Бурханова

@Nazym93

Сайтта 2012 ж. 20 мамырКазахстан, Алматы

Тұрсын Назым

рейтинг

106

жазбалар

517

пікірлер

7

тіркелуші

11

жазылымдар

7

Chevron компаниясының әлеуметтік жобаларына шолу

Индустрия саласының көшбасшысы бола отырып, «Шеврон» Қазақстанның болашағын құратын, орта мектептерде және университеттерде оқитын жас ұрпақтың инновациялық стартаптарына қолдау көрсетуді ұйғарды. Осылайша соңғы бес жыл ішінде жүздеген жасөспірім бағдарламалау және әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері бойынша интерактивтік оқуларға қатысып, өздерінің стартаптары мен жұмыс орындарын құрып, ғылыми конкурстар мен фестивальдарға қатысты.

Компания жаңа технологияларды, ғылымды қолдайды, жас ұрпақ үшін зияткерлік мүмкіндіктер ашады, қалалық және ауылдық мектептердің мұғалімдерін және тренерлерін оқытады. Бұл жобалардың барлығын STEAM – Science (ғылым), Technology (технология), Engineering (инженерлік іс), Art (өнер), Math (математика) сөзіне біріктіруге болады. Осы жобалардың бірнешесімен танысайық.

ITeachMe
ITeachMe инклюзивтік білім беру жобасы мүмкіндіктері шектеулі жастарды оқытуға бағытталған. Жобаға Қазақстанның барлық аймақтарынан келген азаматтар қатысты. Осы бірегей жоба мүмкіндігі шектеулі жастар мен дені сау балаларды біріктірді. Жоба басшысы Захира Бегалиеваның айтуынша, «жобаға қатысу олардың көбі үшін болашақ өмірге жол ашты. Бұл жерде олар бір-біріне көмектесуді, бәсекелесудің орнына қолдауды, топта жұмыс істеуді үйренді. Жастар ІТ технологиялар шекараларды жоятынына сене бастады».

Жоба барысында қатысушылардың біразы жұмысқа тұрып үлгерді. Жастардың бірі бағдарламалаушы болды, үшеуі ірі техникалық компанияға әкімші болып жұмысқа кірді. Сонымен қатар олар өздері Қазақстанда ІТ технологиясы бойынша 30 шара жүргізуді шешті.

Робототехника
Оқушылардың арасындағы «Robocon Games!» республикалық робототехника чемпионаты Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен (ХАТУ) серіктестікте жүргізіледі. Чемпионатқа қатысатын командалар саны 15-тен 30-ға дейін өсті, қатысушылардың географиясы да кеңейе түсті. Алматы қаласында басталған чемпионат республикалық деңгейге шықты.

Жарыстардың алдында дайындық мерзімі өтеді. Бес айдың ішінде Қазақстанның 30 мектебі Arduino микроконтроллерлерінің негізіне робот әзірлеумен айналысады. Оқушылар арасындағы «Robocon Games» дарынды жастарды анықтаумен қатар, Қазақстандағы робототехниканы робот құрылысының халықаралық стандартына сәйкестендіруге көмектеседі», – дейді ұйымдастырушылардың бірі, ХАТУ проректоры Медет Тұрғамбаев.

Astana Science Festival

British Council (Британ кеңесі), Назарбаев Университетімен, «Фонд науки» АҚ және OYLA ғылыми-танымдық журналымен серіктестікте ұйымдастырылған Astana Science Festival ғылыми фестивалі жастар арасында ғылым мен технологияны танытуға бағытталған.

Фестиваль аясында оқушылар арасында Science Stars ғылыми конкурсының және Қазақстанның жас ғалымдары арасындағы FameLab халықаралық конкурсының финалдары өтті. Шара қонақтары интерактивті дәрістер барысында ғылым және ғалымдар туралы қызықты фактілермен танысып, Назарбаев Университетінің зертханаларына барды, OYLA ғылыми-танымдық журналы ұйымдастырған Ашық зертхана барысында өз ғылыми білімдерін тексеру мүмкіндігіне ие болды.

«Қазіргі заманда технологиялар біздің өмірімізді қарқынды өзгертіп жатқан кезде ғылыми білім беру, халықты ғылыми жетістіктер туралы хабардар ету, адамдарды ғылымға тарту дамуды дұрыс бағыттау үшін өте маңызды. Адамдар үшін жасалатын заттар түсінікті және қолжетімді түрде жеткізілуі керек. Мен үшін FameLab конкурсының жеңімпазы болу үлкен абырой», – деді Артур Саудабаев марапаттау рәсімінде.

Girls in STEM Summer Camp
«Шеврон» демеушілік көрсететін барлық жобалардың ең белсенді қатысушылары әдетте қыздар. Олар әйелдер үшін жаңа ІТ мамандықтарын үйреніп, табысты стартап құрады.

«Шеврон» компаниясының қолдауымен «Girls in STEM Summer Camp» 13 жас пен 18 жас аралығындағы қыздар лагері жұмыс істеуде. Бұл жерге келу үшін арнайы іріктеу конкурсынан өту керек: олардың ойынша адамзат тарихындағы ең маңызды өнертабысы туралы 2 минуттық видео түсіріп, қазіргі әлемде нені өзгерткісі келетінін және оларға лагерь несімен көмектесетінін айтып берулері керек.

«Мен ғылымға, бағдарламалауға үнемі қызығатынмын, – дейді Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Наргиз Асқарбекқызы, – Бірақ мен тек мектептегі білімдеріммен шектеліп қалып жүрдім. Лагерь маған осы шектеулерден айырылуға көмектесті. Мен болашақта немен айналысқым келетінін түсінген сияқтымын».

Былтыр, 2018 жылы, жазғы лагерь қатысушылары, қыздар командасы үлкен сынып оқушылары арасындағы ҚР Ұлттық технологиялық даму агенттігі өткізетін конкурсты Паркинсон ауруына шалдыққан адамдарға арналған өздігінен тұрақтандырылатын қасықты ойлап тапқаны үшін жеңіп алды. Команда жобасын басқа 200 жобамен қатар таныстыру үшін Сингапурдағы технологиялық стартаптар конкурсына сапар сыйға тартылды.

Заңғар
Жергілікті үкіметтік органдармен, қауымдастықпен, білім беру мекемелерімен бірге компания жастарды өмірде, мансапта және қоғамда табысқа жеткізуге бағытталған Атырау қ. жастарды дамыту бастамасын іске асырады. «Заңғар» жобасы оның маңызды бөлігі болып табылады және Халықаралық жастар қорымен және Атырау облысы әкімдігімен серіктестікте іске асырылады.

Бағдарламаның басынан бастап 2015 жылы 6 000-нан астам жастар және 400 оқытушы өмірге қажетті дағдылар және STEM пәндері бойынша оқып, тренингтерден өтті, сонымен қатар фестивальдар мен конкурстарға қатысты.

FabLabAtyrau
Қазақстандағы алғашқы лицензияланған FabLab Atyrau зертханасы жобаларды дамыту және құру үшін жастарға арналып ашылған. Зертхана заманауи құралдармен және жабдықтармен, соның ішінде 3D принтерлерімен, сандық бағдарламалық басқаруы бар жону білдегімен, лазер кескіштермен, металл жону білдегімен және басқа да құралдармен жабдықталған.

«FabLabAtyrau – білімді машықтап, жұмысты іс жүзінде көруге болатын тамаша жер», – деп түсіндіреді №34 лингвистикалық гимназия түлегі Диас Өмірбеков. Ол №16 Ж. Қаражігітов атындағы лицей түлегі Бек Қалиевпен бірге электр мүгедек арбасын жобасын жасап құрастырды.

Осы жылдар бойы бірнеше тамаша жоба іске асырылды, соның ішінде көздерінің көруі және естуі нашарлаған адамдарға түсті және дыбысты анықтайтын құрылғы, қауіпті ортаны зерттеуге арналған қашықтан басқарылатын робот, және тағы басқа жобалар бар.

0
0
626

Ел дамуының жарқын үлгісі

  Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы халықтан қазақстандықтардан қолдау тапқанқандығы оның заманмен түйісетіндігін байқатады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі деп баға беруге де болады деп есептеймін.  Мақалада өзіміз байқағандай сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселелер көтеріліп отыр. Ел Басшысы Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып,  Біртұтас Ұлт болу үшін,  болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.

      Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Назарбаев  бұл мақалада жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық - рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». 

       Н.Ә.Назарбаев әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, жаңғырудың алты бағытын белгілегендігі баршамызға мәлім. Тоқталып өтер болсам:

1. Бәсекеге қабілеттілік;

2. Прагматизм;

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;

4. Білімнің салтанат құруы;

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;

6. Сананың ашықтығы.

      Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.

      Сондай-ақ, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.

       «Қазақстандағы 100 жаңа есім»  жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады. Н.Назарбаев айтқандай: «Болашақтың негізі, білім ордаларының аудиторияларында қаланады». «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асырып, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың жаңа деңгейіне шығу мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:

– еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарында гуманитарлық ғылым кафедраларын қайта құру; 

– гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік 100 кітапты қазақ тіліне аудару; 

– мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру.

      Оқулықтарды қазақ тіліне аудару жобасының жиынтық әсері 2018-2019 жылдардан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының студенттері қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемде үздік оқу үлгілері болып табылатын кітаптармен оқуды бастайды.

     Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты.

      «Рухани жаңғыру жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді» – деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.

       Естеріңізде болса, Елбасымыз  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде «еліміздің ертеңі – бір халық, бір ел, бір тағдыр»,- деген үш сөзге сыйып тұрғандығын ерекше мақтанарлық сезіммен атап өткен болатын. Тәуелсіздіктің тұғыры – келісім мен бірлікте, ал бірлігі жарасқан елдің алар асуы зор болмақ. Әлем елдері ішінде елдік пен бірлікті ту еткен Қазақстанның даму үрдісі көптеген көршілес елдерге үлгі-өнеге. Себебі, қазақстандық қоғамның басты байлығы – тұрақтылық пен этносаралық татулық болып табылады.

      Елбасының мақаласын мұқият оқып, қатты қуандым десем мақтанғандығым емес. Неге десеңіздер «Ұлы даланың жеті қырында» Қазақстан өңірінде болған өркениеттерді қалай тану керек екенін айтып, оның методологиялық аспектілерін нақты анықтаған. Еуроцентристік көзқарастан арылу керектігін батыл жеткізді. 

         Көшпенділер не болмаса жартылай отырықшы елдерді надан және жабайы елге жатқызатыны белгілі. Соңғы уақытта  Қазақстан тарихын зерттеу ісінде ілгерілеушілік бар. Бұл біздер үшін қуанарлық жағдаят.  Қазақ даласында көшпенділер, отырықшылық, өнеркәсіп, сауда өркениеті болған. Ұлы Жібек жолы арқылы Батыс түрік қағанатына келген қытай монахінің жазбаларында, Рим империясы елшілерінің жазбаларына үңілетін болсақ, ханның ордасындағы тағын суреттейді. Оның әсемдеп жасалғанына, алтын мен күміспен қапталғанына аса бір ерекше тоқталады. Үйдің әшекейлеріне жібек мата қолданғанын, көздің жауын алатынын жазады. «Естемес хан таңертеңнен кешке дейін сусын ішіп отырды. Бұл сусын біздің шарап емес, жылқының сүтінен жасалған қымыз. Естемес хан өте мәдениетті түрде сөз сөйледі. Олардың өркениеті біз мақтанған өркениеттен ешбір кем емес» деп еңбектерін қорытқандығын байқауға болады.  

      Болашақ ұрпақты «Мәңгілік Ел» идеясы аясында ұлттық патриотизмді  қалыптастыруға, өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке бағытталған «Туған жер» бағдарламасын іске асыру, мәдени тарихи баға жетпес құндылықтары бар қасиетті мекен  Шоқан ауылында орналасқан әйгілі ғалым, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист Шоқан Уалихановтың  «Шығыстың шоқ жұлдызы» атанған музейден және Сарқан ауданы, Лепсі ауылында орналасқан КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ кеңес опера өнерінің негізін салушылардың бірі Мұқан Төлебаевтың мемориалдық  музейінің «Қазақ музыкасының классигі» тақырыбындағы жылжымалы көрмесіне «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты жобасы аясында ең алғаш мектептердің бірі болып, Күреңбел қазақ орта мектебінен 60 оқушы  бір күндік танымдық саяхат сабағын өте жоғарғы деңгейде  өткізіп қайтқан болатын. Осы бір күндік танымдық саяхат сабағына сынып жетекшілер Нұрлыбекова Мөлдір, Нұрболатқызы Мақпал, Ильясова Асем, Ажибекова Ардақ, Өзбекова Қамар және де «Туған жер» бағдарламасы бойынша факультативтік сабақ өткізетін Байжан Руслан Жұмабайұлының қосқан үлесін ерекше атап өткенді жөн көрдім.  

     Бұл жылжымалы музейден Күреңбел қазақ орта мектебінен арнайы апарған оқушыларымыз саяхатшы, әйгілі ғалым, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, қазақ халқының ардақты ұлы, шоқ жұлдызы Шоқан Уалиханов пен ұлт мақтанышы, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты,  Қазақ кеңес опера өнерінің негізін салушы Мұқан Төлебаевтың өмірлерімен, еңбектерімен танысып, терең мағлұматтар алып, туған ел мен жерге деген қызығушылықтары арта түсті.     Былай деуімнің басты себебі, бір күндік танымдық саяхат сабағына келген оқушылардың жүзінен байқалып, сонымен қатар олардың осындай танымдық саяхат сабақтары жалғасын тапса деген тілектерінен байқалып тұрды. 

        Әлемдік деңгейдегі бедел иесі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен еңбек жолы жасампаздық өнегесі екені ақиқат. Д. Қонаев елін сүю, жерін сүю дегеннің, шын мәніндегі патриотизмнің үлгісін көрсете білген адам. Жеріміздің тұтастығын сақтау жолында неше рет басын бәйгеге тікті. Саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған тұлғаны ардақ тұту, оқушыларымыз, парыз екенін түсінді. Музейге барған балаларға музей қызметкерлері тұлға жайында естеліктерін айтып, оқушылардың көңілінен шығып, ыстық ықыласқа бөленді.

      Ұрпақтары да  ұлықтаудан жалыққан жоқ. Сондай бабаларымыздың бірі – Нұрмолда Алдабергеновтың    ерен еңбегін өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ету мақсатында «Еңбек ер атандырады» тақырыбында шара өткізіп, Көксу ауданындағы Шұбар ауылына да барып қайтты.

   Қарттар еліміздің алтын қазынасы деп, мектебімізде Алматы облысының Құрметті азаматы, Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Сарыбаев пен Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы, тыл ардагері Б. Жетпісбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Ортамызда жүрген ардагерлерді қадірлеу – біздің  парызымыз. Үлкенді сыйлау, оларға қызмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Ардагерлердің өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім- тағылымдары  өскелең ұрпақ  үшін орны бөлек. 

        Жетісудың киелі жерлері: Шарын шатқалы, Алакөл көлі, Көлсай, Есік, Түрген сарқырамасы, Тамғалы шатқалы, Бесшатыр қорғаны, Алтын адам, Айғайқұм, Әулиеағаш ағашы, Тамшыбұлақ, Қойлық өлкетану мұражайларына, көркем өнер галереясына жыл сайын баруын ұйымдастыруды жөн көрдік. Данагөй қазақ халқымыз, «туған жердей жер болмас» деген сөзді қандай көрегендік даналықпен айтқан десеңізші. 

 «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өз өлкесінің тарихын зерделеу барысында  Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 10 сынып жетекшілері Б.Садуакасова, Э.Сыдыкова мен 6 ә сынып жетекшісі Толеген Меруерт  оқушылары мен ата-аналармен бір күндік танымдық саяхатқа барды.  Оқушылар Шарын шатқалымен танысып, туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,  оқушылар бойындағы танымдық, табиғатқа қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттері оянды.                                                     

    «Ұлы дала әуендері» айдарында қазақтың дәстүрлі ұлттық музыкалық аспаптар әр өңірде әр түрлі жасау ерекшіліктері мен орындау шеберліктері  мен орындау ерекшіліктері мен музыкалық құралдардың айырмашылығын білу мақсатында мектептің белсенді оқушыларымен жоғары санаттағы бастауыш сынып мұғалімі Қарақөз Кабдолданова,  ұстаз- ұйымдастырушы А.Джакупова барлығы 80 оқушы мен ата-аналар қауымдастығы , жас маман ұстаздар  Алматы қаласында орналасқан  Ықылас атындағы қазақтың ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында болып, мұражай директоры Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынованың лекциясын тыңдап, музейдегі ұлттық аспаптар туралы ақпараттарды гид айтып берді.Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның студенттері домбырада, жетіген ұлттық музыкалық аспаптарда концерт берді. Алматы қаласында орналасқан 28 Панфиловшылар Паркте арнайы жазушы, қаламгер Ұлы Отан соғысы туралы тың деректі кітаптар авторы , тарих ғылымдарының докторы , профессор Лейла Сейсембекова Ахметованың лекциясын тыңдап,  Мәңгі Алауға  оқушылар, ұстаздар  гүл шоқтарын қойды . 

Сонымен қатар, біздің оқушылар мен мұғалімдер «Гүлстан» республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының  редакторы, өсімдіктанушы Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің Құрметті профессоры,  Гөзел Құлжабаева жерлесімізбенен кездесті. Мұғалімдер мен оқушылар «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені бойынша танымдық сабаққа қатысты. Сыйға әр оқушы боямақ, ертегілер, жұмбақтар, әңгіме кітапшалар топтамасын сыйға алып қайтты.

  Негізі  оқушыларымыздың бойларына ұлттық тәрбие  қалыптастыруға, өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін  арттыру мақсатында мұғалімдер, ата-аналар және демеушілер есебінен тақырыптық, танымдық саяхаттарды тұрақты ұйымдастыру басты мақсаттарымыздың бірегей болып табылады.

Кыстаубаева Камшат, Күреңбел қазақ орта мектебінің директоры, аудандық мәслихатының депутаты. Алматы облысы.

ФОТОСУРЕТТЕ : Кыстаубаева Камшат  мектеп директоры,Касенова Мейрамгуль  директордың оқу  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Калыбеков Нуркен  директордың оқу  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Ильясова Асем тарих пәні мұғалімі

0
0
1087

Құтты болсын 60 жас - Ғалия Ниязқызы (Ескелдинова) Ақбасова

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады.Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. 

Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында

- Ғалия Ниязқызы адамның жадында ұзақ сақталып, ерекше көңіл-күйге бөлейтін, үлкен жауапкершілікті артатын тарихи сәт ол- тұңғыш Президентпен алғашқы рет кездесуіңіз еді. Сол сәтті туралы әңгімелесеңіз.

- Елбасымен жүздескен сәттен ой-толғау (Алматы облысы «Кербұлақ жұлдызы» газеті 20 сәуір 2001 жыл) Мұғалімдердің республикалық басқосуына біздің ауданнан екі мұғалім аттандық. Ауданымыздың бетке ұстар азаматы, жарты ғасыр өмірін бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз – Хметжан Ақбербаев аға және мен. Съезд туралы түрлі ақпарат құралдарынан оқып, көріп, біліп жатырсыздар. Менің бүгінгі ортаға салайын дегенім Елбасы Нұрсылтан Әбішұлымен кездесу жайлы болмақ. Осы жерде цифрларды сөйлете кетуді жөн көрдім. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы республика ұстаздары атынан 9 ұстазды съезден бір күн бұрын өзінің резиденциясында қабылдады. Осы тоғыздың бірі болып, Елбасының Алғыс хатын алғаныма әрине, қатты қуандым. Бұл мен үшін үлкен бақыт, қуаныш. Қазақта «Таудай талап бергенше, бас бармақтай бақ берсін» деген сөз бар. Құдайдың маған берген бағы, әрі сыйы деп түсінемін.Ақпанның алғашқы күні Қаныш Сәтпаев атындағы ғылым академиясында сағат түскі екіде Қазақстан білім және ғылым министірі Н.Бектұрғанов қабылдады. Елбасына кездесуге барар алдында біраз әңгіме өткізіп, айтулы мерекемен құттықтады. Бұдан соң министр өзі бастап бізді Елбасымен кездесуге алып барды. Елбасы қабылдайтын үлкен бөлмеге кіргізіп, әрқайсымыздың отыратын орнымызды көрсетті, микрофонды қалай қолданатынымызды айтып түсіндірді. Көрсетілген орындарға жайғастық. Белгіленген уақытта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы залға кіргенде орнымыздан тұрып, ізет көрсеттік. Сәлемдесіп, бізден отыруымызды сұрап, өзі де орнына отырды. Мен Нұрсұлтан Әбішұлына өте жақын отырдым, себебі Ақбасова Ғ. Алфавит бойынша «А» әріпі бірінші болғандығында .  Елбасы өзі сөз бастады – Жаңа мыңжылдықтың басында өткелі отырған құрылтайдың келер ұрпақ үшін маңызының зор екенін, оған ұстаздар қауымының тигізер ықпалының әсері, жалпы оқу-тәрбие жөнінде пікірлесу үшін бүгін бас қосып отырмыз. Алдарыңызда қандай мақсат, тілектеріңіз бар? Соны ортаға салып, ой бөлісейік, - деді.Алдын-ала құрылған жоспар бойынша бірінші сөз кезегін академик, ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының бас директоры Әзімхан Сатыбалдин, одан соң Әл-Фараби атындағы университеттің профессоры Абламова, Алматы техникалық лицейдің директоры М.Шакирова, Шымкент қаласындағы балабақша меңгерушісі Нәдіровалар сөйледі. Тиісті жерінде Елбасы жауаптарын беріп отырды. Осы жоғарыдағы топ сөйлеп болған соң , «енді қандай сұрақтарыңыз, тілектеріңіз бар, мен сіздерді құрылтайдан І күн бұрын жинап отырмын. Ойларыңызды қысылмай ортаға салыңыздар» - деді. Осы тұста Шығыс Қазақстан облысынан келген Қайыртай Ақылбеков деген мұғалім.Нұрсұлтан Әбішұлы, ауыл балаларына жеке грант берсеңіз – деп салғаны. Бұл сұрақ бәріміз үшін күтпеген жағдай еді. Елбасы даусын сәл көтеріңкіретіп: Білім барлық жерде бірдей, дұрыстап оқытыңдар – деп сөзін аяқтады. Осыдан соң залда тыныштық орнады. «Тағы кімде қандай сұрақ бар?» дегенде ешкім үндемейді. Үнсіздік залды жайлап алды. Адында «ыңғайы келсе сөйлесе дұрыс болар еді» деп отыр едім, анадай тосын сұрақтан соң іркіліп қалдым. Бірақ залда пайда болған тұманды сейілту керек болды. Осы мақсатпен микрофонға қолымды созғанда, ҚР Білім және ғылым министр «Сөйлеме» деп басын шайқады. Онсызда дүрсілдеп отырған жүрек, министрдің бас шайқауынан кейін тіпті атша тулады. Сонда да микрофонды басып, сасқаным сондайлық қайдан келгенімді, өзімді таныстырмастан былай деп сөз бастадым.Нұрсұлтан Әбішұлы, егеменімізді алған 10 жылдың ішінде білім саласында үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз. Атап айтқанда, мектептеріміз жыл аяғына дейін толық компьютерленеді деп отырсыз, төл оқулықталарымыз шығуда, мектептерде дербес пештер салынған, айлық көбейтілді, уақытылы алып отырмыз, бұл үлкен жетістік. Бүгінгі ұстаздар қауымына көрсетіп отырған құрметіңізге республикамыздағы барлық ұстаздар қауымынан рахмет айтамыз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еліміздің егемендігін жыл сайын Сізбен бірге тойлай берейік! Рахмет сізге, - деп сөзімді аяқтадым. Залда жаңа серпіліс пайда болып, бәрі қол соғып, Елбасына құрмет көрсетті. Министр сондай риза болып жайдарланды.  Нұрсұлтан Әбішұлы: Осымен бәрі жақсы демексіңдер ғой, - деп күлді. Қалған әңгімені ертең құрылтайда жалғастырамыз деп, Алғыс хатын тапсыруға кірісті. «Ғалия Ниязқызы Ақбасова» дегенде, жанына бардым, алдымен қолымды алып, Алғысын ұстатты. Екі рет иығымнан қақты да бір тілектер айтты, шынымды айтсам соны естімедім, құлағым шыңылдап ерекше бір толқу үстінде болдым. Бәріне тапсырып болды, қалалық ұстаздарға пәтерлердің кілті тапсырылды. Ерекше бір сәтте, Өзіме берілген Алғыс хатымды , гүлімді алып бұрыла бергенімде, Нұрсұлтан Әбішұлы менің жаныма келіп қалыпты. Тез бұрылып тұра қалдым. Жаныма келіп «Сен қайдан келдің?» деді. Мен, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы орта мектебінен, - дедім де сөзімді жалғастырдым, - Нұрсұлтан Әбішұлы, мен бүгін мына сәйкестікке қайран қалып тұрмын. Оқушыларымның айтқан тілектері қабыл болды. Съезге кетерде оқушыларыма «Тыныш жүріңдер, мен келгенше тәртіпті болыңдар» дедім. Балаларым : « Апай, жолыңыз болсын, аман барып, сау келіңіз» деді. Қош айтысып, есіктен шыға бергенімде Мырзабаев Әділет деген оқушым «Апай, Нұрсұлтан Әбішұлына сәлем айтыңыз» дегені. Есік алдында тұрып қалдым.Қайта сыныпқа кіріп, «Балалар, ондай мүмкіндік болар ма екен? Бірақ, съезге міндетті түрде қатысады деп жатыр, білмеймін» дедім. Сыныпта тыныштық орнады, балалар маған қарап тұр. Түрлерінде «неге болмайды?» деген сұрақ тұр. Көңілдірейін дедім де «жарайды сәлемдеріңді айтамын» деп қолымды бір сермедім. Сізге 24 оқушы сәлем айтты. Екіншіден, үлкен бір сайыстан келгенімде кіші қызым Назгүл «Мама, сізді енді Президенттің жанынан көрейік» деп еді, сол періштелердің тілегі қабыл болып, мен бүгін Сізбен кездесуге келіп тұрмын, - деп едім, Нұрсұлтан Әбішұлы шын көңілден қатты күлді. Күлкісі әлі құлағымда тұр.Мен сөзімді аяқтаған кезде профессор Абламова өзінің тұңғыш қазақша шыққан кітабын Елбасына тарту етті. Біздің тілегімізді қабыл алып, бізбен бірге суретке түсті. Бұл тарих беттерінде қалатын сәттер.

- Осы тұста мұғалім беделі туралы Сіздің ойыңыз жас буын өкілдеріне ой салары сөзсіз. 

- Мұғалім өз беделін ең алдымен өзінің жағымды қасиеттерімен, біліктілігімен, білімділігімен, жан-дүниесінің көркемдігімен тірнектеп жияды. Бедел бір күнде, тіпті бірер жылда да келмейді. Ол күнбе-күнгі, қала берді талай жылдың еңбек жемісі. Осындай үлкен жетістікке жеткенім ең бірінші менің ұстаздарымның арқасы, олардың көбі өмірден кетті, бірақ, көңілден бір сәт кеткен емес. Бүгінгі күні білім саласында үздіксіз еңбек ету, жастарға үлгі өнеге көрсету жалғасын табуда. Зейнеткерлікке шыққан 2017 жылы "Балдырған бөбекжай - балабақшасының" ауласына көгалдандыруды жалғастыру мақсатында 10 түп туя қылқанжапырақтыларды өз отбасымның атынан сыйға тартқан едік. Бүгінгі таңда өсімдіктер әлемі жайқалып өсіп тұр. Әр адам туған ауылына еңбек етсе деп ойлаймын.

- Туған жеріңіз «Қоянкөз» ауылына арнап  Дүйсен Аңсабаев сөзін, ал әнін Жанғазы Жексенбаев жазған екен. 

Қоянкөз

Сөзін жазған Дүйсен Аңсабаев,

Әнін жазған Жанғазы Жексенбаев

1. Өткен күннен қалған бұл бір белгі деп ,

Қариялар жиі айтатын елжіреп.

Шоқы үстінен қолын бұлғап тұрғандай,

Бір ғазиз жан қоян көзі мөлдіреп.

Қайырмасы:

Бабаларым бақыт іздеп өткен жер,

Ата-анам маңдай терін төккен жер,

Қоянкөзден түлеп ұшқан түлектер,

Армандардың асуына беттеңдер.

Атақ-даңққа бөленіңдер бірақ та,

Туған жерді ұмытып еш-(2рет) кетпеңдер.

2. Татулықтың бұзылмаған қаймағы,

Әзіл думан өрісті өнер аймағы.

Балалықпен жастық шақтың куәсі,

Қасиетті Қоянкөздің қойнауы.

Қайырмасы:

3. Қайда жүрсем өсіп – өнген мекенім,

Саған қарай құстай ұшып жетемін,

Қоянкөзім құлай сүйген ғашықтай,

Сағынышты сезім сырын шертемін. 

Қайырмасы:

- Сіздің тілегіңіз.

- Барлық туғаныма, жора-жолдастарыма, сыныптастарыма, аудандық оқу бөліміне, шәкірттеріме өзімнің сүйікті газетім «Кербұлақ жұлдызы» арқылы үлкен алғысымды айтқым келеді. Елбасынан келген шапағат Сіздердің барлықтарыңызға нұр боп жаусын, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Егеменді елімізге тыныштық берсін!

- Сұхбатыңызға рахмет Ғалия Ниязқызы. Жастарға үлгі – өнеге болатындай мерейлі  отбасының ұйытқысы, көшбасшы  екеніңізді білетін, түсінетін және осы жолды жалғастыратын ұрпақтарыңыз аман болсын!

Cұхбат жазып алған,  Қаракөз Аскербекқызы  Қабдолданова

Күреңбел қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, «Жақсы бастамалар жалғасын табады» жинақ (2012ж.), «Оқытудың белсенді әдістері- білім беру үдерісіндегі құзіретті қадам» қызықты математика авторлық бағдарлама (2018ж.) құрастырушысы. 

1
0
2209

Бұтақ жайған ағаш қартаймайды.....

 Экологиялық тәрбие –азаматтардың саналық деңгейінің және табиғат ресурстарын сақтау.   

Тал егу- өте маңызды. Тал- бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретіні де белгілі. Егілген талдар қоршаған ортамызды жақсартатыны сөзсіз. 

Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы болашақ ұрпақтың табиғат анаға деген ықыласын ояту. Иә, болашақта ең бастысы ауа тазарып, мектеп ауласында балаларға сая болатын ағаштар егу. Жамбыл облысы, Шу аудандық мәслихат хатшысы Ержан Көрікбайұлы Өмірәлиев, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария»  факультет деканы, Жамбыл облысы, Шу ауданының Құрметті азаматы Құрмангүл Төлеутайқызы Абаева, «Гүлстан» Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының PR менеджері Батима Аскербекқызы Кабдолданованың ұйымдастыруымен және қолдауымен  2019 жылы 1-ші сәүір күні үлкен игі бастама жалғасын тапты. 

Қазақ  ұлттық  аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті атынан 350 түп сәндік ағаштар мен жеміс ағаштарының көшеттері Алматы қаласынан арнайы жеткізілді. Осыған орай, экологияны жақсарту және абаттандыру бағытында, Мұхтар Әуезов есімін иеленген қарашаңырағымызда арнайы жер бөлініп, Ұлы жазушының атынан арнайы аллея ашылды. 

Аталған шараға Шу аудандық мәслихат хатшысы Ержан Көрікбайұлы Өмірәлиев, « Нұр Отан» партиясының Шу аудандық филиалының төрағасының орынбасары Д.Әліпбаев пен аудандық мәслихат депутаттары және аяулы ұстаздар қатысты. Шара барысында аталған аллеяға келген қонақтар мен ұстаздар ағаш егу жұмыстарына белсенді қатысты.

М. Әуезов атындағы  мектеп әкімшілігі, Шу ауданы, Жамбыл облысы

0
0
1519

Жақсы сөз - жан тебірентеді

Қажеттіліктің астарында өздеріне деген сенім мен жауапкершілік, патриоттық тәрбие, білімнің биік шыңына жету, өмірде көшбасшылық қасиетке ие болу. 

Жастарымызға қолдау көрсетуде Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жыл «Жастар жылы» - деп атап өткен. Мемлекеттік бағдарлама аясында, 2019 жылдың 11 ақпан күні Алматы қаласы, Алмалы ауданында орналасқан М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектептің директоры Есдаулетова Жаннат Жұмаділқызының ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, ақын ағамыз Тойлыбаев Сайлаубай Есжанұлымен кездесу кеші мектептің 9,10,11 сынып оқушыларымен  өтті.

Журналист, ақын ағамыз оқушыларды жігерлендіру үшін болашақ мамандықтарынды дұрыс таңдау – бұл өмірлеріндегі ең керек мамандықты таңдау деді. Өзінің өмірі туралы былай деді, 1951 жылдың 8 мамырында Талдықорған облысы, Ескелді ауданының Жетісу ауылында дүниеге келгем. Осы жердегі орта мектептің он жылдығын 1968 жыл бітіріп, 1969-1971 жылдары әскер қатарында болып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып ,1972 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітірдім. Одан соң «Қайнар» баспасында редактор, «Кітап жаршысы» газетінде аға редактор,ал 1991- 1996 жылға дейін «Қазақ мұнай өнімдері» концерні Президентінің көмекшісі және Қазақ радиосында 10 жылдан астам уақыт редактор қызметтерін атқардым , деп оқушыларға айтып берді. Өзінің Талдықорған облысы , Жетісу орта мектебінің кішкентай болғанына қарамастан, сол шаңырақтан 40-қа жуық академиктер, ғылым докторлары мен өнер адамдарының шыққаны туралы оқушыларға ақпаратты айтты. Себебі адамның үнемі ізденіс үстінде жүруі, әр түрлі қырынан танып білу тек алдыға қарай жетелейді. «Жақсы сөз - жан тебірентеді» демекші өзінің ақындық жолы мектептің қабырға газетіне кішкене өлең жолдарын жазып бергенде сыныптастарының қолдау көрсетіп, мақтау сөздерін айтқаннан-ақ басталғанын айтты. Әрбір адам алдына мақсат қойғаннан кейін, сол мақсатқа жетпей қоймайды- деген ақын сөздері оқушылар бойында құлшынысты оятқандай. Кітапті көп оқу адамға, үлкен талпыныстың болғанын қаласаңыздар, алға қойған мақсаттарына жеткілеріңіз келсе, ой сана мен сөздік қордың кеңейгенін қаласаңыздар,  ең әуелі кітапқа үйір болып, шексіз  ізденіп, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру керек , деді ақын ағамыз. С.Е.Тойлыбаев ағамыз өзінің сөзінде мектепке деген сүйіспеншілікті арттыруда ұлы тұлға М.Әуезовтың кім екенін танып білу, қабырғалардағы суреттерін үнемі көру мен кітаптарын оқу, ол үлкен септігін тигізетіні ақиқат – екені айтылды. 

Сонымен қатар, С.Е.Тойлыбаев ағамыздың «Қазағым ай», «Тәуелсіздік таңы», «Қазақстан Республикам менің» атты CD -үнтаспада қойылған өлең жолдары тыңдалды. Оқушылар тарапынан ағамызға деген жылы лебіздері айтылып, көкейлеріндегі сұрақтарын қою мен қатар, өлең жолдары оқылды.9,10,11 сынып оқушыларының өлең әлеміне, журналистика саласына қажет болуына өзінің авторлық "Үркер ауып барады», «Өмірімнің бәрі өлең" кітаптарын сыйға тартты. 

Республикалық "Мамандығым мақтанышым" жоба аясында ұйымдастырылған шара қортындысында, мектеп директоры Ж.Ж.Есдаулетова апайымызға  "Қазақ елім-Мәңгілік Ел!" Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған Ақын Сайлаубай Тойлыбаевтың жүрек жарды өлендері жазылған CD үнтаспа,  "Сарноқай Саздары" 1,2 том ақын кітаптарын сыйға тартты.

Шараға PR саласының сарапшысы  Батима Кабдолданова, мектептегі жас мамандар, психолог, сынып жетекшілер қатысты.

Батырбаева Айзада, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары , М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектеп.Алмалы ауданы, Алматы қаласы 

1
0
1260

Apple Pay қызметі Халық және Казком банк карталарын тұтынушылар үшін қолжетімді

Алматы, 2018 ж. 28 қараша — Бүгінгі күннен бастап Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және Mastercard карталарын ұстаушылар өз тұтынушыларына жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз қызмет ұсына отырып, мобильді төлемдер саласын жаңа деңгейге шығаратын жеңіл әрі қауіпсіз төлем құралы Apple Pay арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу мүмкіндігін алды.

«Біз клиенттерімізге тауарлар мен қызметтерге контактісіз төлем жүргізудің қарапайым әрі ыңғайлы тәсілін ұсынуға қуаныштымыз және өз тарапымыздан эквайринг инфрақұрылымын ApplePay қызметін қабылдауға дайын болуын қамтамасыз еттік. Аталған технологияның Қазақстанға келуімен, менің ойымша, үйден шыққанда алып шағатын жалғыз зат смартфон ғана болмақ»,- деді Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

«Apple Pay жүйесін Қазақстанда іске қосу – біздің нарық үшін банктердің контактісіз төлемдерді қолдану аясын кеңейтуге деген талпынысын және тұтынушылардың инновациялық төлемдер тәсіліне көшуге дайындығын көрсететін жағымды белгі. Біз Apple Pay қызметі арқылы төлем жасаудың жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз тәсілін ұсына отырып, Visa төлем карталарына арналған барлық артықшылықтарды сақтаймыз. Apple Pay сервисіне Visa Token Service[1]технологиясы негіз болып табылады. Оның көмегімен Halyk Bank-тің Visa карталарын ұстаушылар аталған қызмет қосылған кез келген Apple құрылғысы арқылы өз карталарын сатып алынған заттары үшін төлем жасауға қолдана алады», — деді Орталық Азия елдеріндегі Visa-ның бас менеждері Ғалым Табылдиев.

«Mastercard – технологиялық көшбасшы, сондықтан біз әлемдік төлем ұсыныстарын қолдану арқылы және цифрлық болашақты жақындата отырып, қазақстандық нарыққа ең жаңа алдыңғы қатарлы инновацияларды енгізуге тырысамыз. Apple Pay қызметін іске қосумен бірге смартфон және басқа Apple құрылғыларын қолданумен әлем бойынша контактісіз төлемдер технологиясын қабылдайтын кез келген жерінде төлем жасаудың қауіпсіз, қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі қолжетімді болмақ. Mastercard жүйесімен бірге карта ұстаушылар ауқымды мүмкіндіктер таңдауына ие», – деген ойын білдірді Қазақстан, Белорусия және Армениядағы Mastercard жүйесінің атқарушы директоры Нина Виллемс.

Apple Pay қызметін іске қосу өте оңай: клиенттер Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және Mastercard картасын Homebank қосымшасы немесе Wallet қосымшасы арқылы төлем қызметіне қоса алады. Дүкендерде Apple Pay арқылы төлем жүргізу үшін iPhone SE, iPhone 6 және одан кейінгі жаңа үлгілерді, сонымен қатар Apple Watch қолдануға болады.

Apple Pay технологиясының негізін қауіпсіздік пен клиенттер деректерінің құпиялылығы құрайды. Карта Apple Pay қызметіне қосылғаннан кейін оның нөмірі құрылғыда да, сол сияқты Apple серверінде де сақталмайды. Бұның орнына есептік жазбаның бірегей нөмірі тіркеліп, арнайы шифрлау арқылы Apple құрылғысының «Қауіпсіз Элемент» чипінде қауіпсіз жағдайда сақталады. Әрбір транзакция димамикалық түрде түрлендірілетін, бір-ақ рет қолданылатын бірегей құпия код арқылы авторландырылады.

Apple Pay бізге Touch ID-ге саусақтың ұшын тигізіп немесе шеткі батырманы екі рет түртіп, iPhone X-те Face ID арқылы операцияны растау үшін бір қарап, қосымшаларда және вебсайттарда жеңіл сатып алуды мүмкін етеді. Енді байланыс деректері бар үлкен құжаттарды қолмен толтырудың немесе жеткізу және шот қою туралы деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ. Сатып алулар үшін қосымлашарда немесе Safari-ден төлегенде — Apple Pay iPhone 6-да және одан кейінгі үлгілерде, iPad Pro, iPad Air 2, iPad mini 3-те одан кейінгі үлгілерде жұмыс істейді. Сондай-ақ Сіз Apple Pay-мен Safari браузерінде, компьютерге macOS Sierra жүйесі орнатылған, шығарылған жылы 2012 жылдан аспайтын кез келген Мас-та қолдана аласыз, бұл ретте төлемді өзіңіздің iPhone 6 немесе одан кейінгі үлгідегі телефоныңыз арқылы, немесе тікелей Apple Watch-тан, немесе жаңа MacBook Pro-да Touch ID-ге саусақтың ұшын тигізіп, растау қажет. Apple Pay туралы толығырақ: http://www.apple.com/apple-pay/

Осыған қоса, Apple Pay сервисін қосу қарсаңында Halyk Bank клиенттерге арналған бонустық акцияларды әзірледі: Wallet қосымшасында қосылған әрбір Halyk және Qazkom картасына 500 теңге Go! бонус есепке қосылады, ал танымал кофеханаларда төлем жүргізгенде қосымша 5% Go! бонустар есептеледі.

Бүгінгі күнде Halyk Bank-тің эквайрингтік желісі контактісіз төлеу функциясы бар 26 мың POS-терминалдарды қамтиды. Бұл – елдегі ең ірі POS-терминалдар желісі. Бұл ретте Visa, Mastercard картасын немесе алып жүретін Apple құрылғыларын жай ғана тигізу арқылы тауарлар мен қызметтерге төлеуге болатын терминалдар Қазақстан бойынша 9 585 коммерсанта орнатылған. Жалпы алғанда, әлемде Apple Pay қолжетімді болатын 11 миллионнан артық локациялар бар.

Halyk Bank мамандары түсіндіргендей, клиенттер тауарлар мен қызметтерге төлеу үшін, оның ішінде сауда-сервистік кәсіпорындарда есеп айырысуларды, Homebank арқылы төлемдер мен аударымдарды қоса, төлем карталарын жиі қолдана бастады: соңғы кезеңде онлайн-платформа арқылы 28 млн төлем жүргізілді. Apple Pay-дің келуі бұдан бұрын Ресей мен Украинада болғандай, Қазақстандағы контактісіз төлемдер нарығының дамуына жаңа импульс береді. [1] Visa Token Service картаның 16-таңбалы нөмірі сияқты құпия ақпаратты мобильді құрылғыда қаупсіз сақталып, сатып алуларға төлем жасауға қолданылатын бірегей сандық сәйкестендіруші – токенге ауыстырады. Visa Token Service туралы толық ақпарат мына жерде Байланыс үшін: Halyk Bank + 7 727 259 0301 [email protected]

0
0
1010

Тағылым мен Өнеге егіз...

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті 1948 жылы «Орман шаруашылығы» факультеті болып бұрынғы Қазақ ауылшаруашылығы институтында құрылған. Бұл факультет табиғат байлықтарын игеру мамандарын оқыту десек, артық айтпаймыз.

Осы орайда Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Орман,жер ресурстары және фитосанитария факультетінің  деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Құрманкүл Абаева деканының тәрбие жөніндегі орынбасары, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Шабалина Майя  , "Гүлстан" республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының PR менеджері Батима Кабдолданованың ұйымдастыруымен 2016 жылдың қазан айының 25 жұлдызы күні Жамбыл облысы Шу ауданының «Жерұйық» жас натуралистер станциясында семинар – практикум  өткізілді. 

Семинар – практикумге «Жерұйық» жас натуралистер станциясының үйірме жетекшілері, кіші қызметкерлері және бағбандар қатысты. 

Тәжірибелі , тұрақты осы салаға өмірін арнаған оқытушы Шабалина Майя семинар барысында көгалдандыруға байланысты көптеген қажетті мәліметтер және табиғаттың ерекше ауа райы ескеру туралы кеңестер берді. Соның ішінде «Раушан гүлдер» тұқымдасын көбейтуді, қалемшелеуді көрсетті . Қылқанжапырақты бозаршаның қауызынан тұқымын ажыратып көрсетіп, оны жерге егу әдісін үйретті және туя ағашы туралы тың деректер беріп, күтіп баптауды, көбейтуді көрсетті.Мекеме ауласындағы арнайы берілген 10х10 м2 жер бөлімшесіне қылқанжапырақты бозаршаның  тұқымы себілді. 

 Бірігіп атқарылған іс - шаралардың бірегейі, атап айтқанда; «Табиғатты бағала, қылқанжапырақты аяла» атты акция. Акцияға  қатысқан қонақтар Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің орман ресурстары және аңшылық тану каферасының аға оқытушысы Шыныбеков Мұрат осы акция барысында «Тянь-Шянь» шыршасын біздің аймақта өсіру жолдарымен таныстырды, Республикалық ғылыми -танымдық , көпшілік «Гүлстан» журналының PR- Қабдолданова Батима "Өсімдіктер әлемі " оқу-әдістемелік құралдарының қажетілігене тоқталды,  «Жерұйық» жас натуралистер станциясының үйірме жетекшілері және Е. Бекмаханов мектеп гимназиясының 4-6 сынып оқушылары табиғат туралы дайындаған баяндамаларын оқып берді Акцияны «Жерұйық» жас натуралистер станциясының негізін қалаған көшбасшы  Абдикеримова Р. ашып қонақтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар шыршаны отырғызу әдіс-тәсілімен, көбейту жолын, күтіп, баптау әдістерін үйретті. Шыршаның көшеттерінің  910 данасы отырғызылды . Болашақта біз  шыршалардың көшеттерін  күтіп, баптап аудан орталығында отырғызуға өз үлесімізді қосамыз деп деген үмітпен жұмыстарымызды аяқтадық.Аудан көлемінде мектеп , балабақшалар ауласына қажетті көшеттер болып өсіп өнуіне қосымша тәжірибелі мамандардың көмегі, оқушылардың қызығушылықтарын қамту болып табылады. Табиғатты аялап, таза ауамен тыныстау денсаулық кепілі ұстанымы бойынша, отырғызған жасыл шыршаның өсіп-өнуіне әр эколог-ұстаздар мен үйірме мүшелері өз жауапкершілігінде екендігін атап өтті.

  Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру 2017ж.» үндеу  аясында  аудандық мәслихат хатшысы Е.Өміралиев  , "Гүлстан" республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналының PR менеджері Батима Кабдолданованың ұйымдастыруымен  Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің қосымша білім беру мекемесі «Жерұйық жас натуралистер  станциясының » қолдауымен мекеме учаскесінде «Жүз есім – жүз ағаш» ағаш егу акциясы өтті. Акцияға аудандық мәслихат хатшысы Е.Өміралиев , аудандық мәслихат депутаттары І.Тортаев пен А. Жандабаева, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев, аудандық білім бөлімі , кәсіподақ комитетінің төрайымы Қ.Иманбаева , мекеме қызметкерлері ,ұстаздар мен оқушылар белсенді  қатысты. Шараның мақсаты – егілетін жүз дананың  әр ағашқа ауданның  Құрметті азаматтарының есімін беріп, оқушыларды ауданымыздың үлгілі азаматтарын үлгі тұтып, ұлтжанды , елі мен жерін қорғайтын жастарды тәрбиеге баулу.  «Жерұйық жас натуралистер станциясы» директоры А.Т.Сарсенбаева оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда, балаларды үйірмеге қамтудың бала үшін де, ата- ана үшін де пайдасы зор екенінде атап өтті. Келесі сөз кезегін Е.Өміралиев орталық жұмысының маңыздылығына тоқтала келіп, осында атқарылып жатқан жұмыстардың көңіл толтырарлық іс – шаралардың ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. 

  Сөз кезегін алған; Шу ауданы білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы Қ.Иманбаева ауданымыздың экологиялық ахуалын жақсартуға осы мекеменің қосқан үлесі осы атқарылған іс – шаралар арқылы көрініп тұр деп құттықтады. М.Х. Дулати мектеп директоры аудандық маслихат депутаты Ақмарал Жандабаева, осындай акциялар жиі – жиі өтіп тұрса ауданымыздың көгалдандыру абаттандыру жұмыстары нығая түсер еді деп сенім білдірді.  Орталықтың үйірме жетекшісі Р.Абдикеримова Елбасының халыққа жолдауын орындау барысында "Рухани жаңғыру 2017ж." аясында мекемеде түрлі  байқаулар мен акциялардың жоспарлы өтуіне ұжымның қолдауы және Ізденістің нәтижесінде Республикалық ғылыми –танымдық көпшілік «Гүлстан» журналының PR менеджері , «Гүлзар» қоғамдық бірлестіктің директоры Батима  Қабдолданова сыйға 100 әдеби, ғылыми кітаптар сыйға берілді  деп қортындылады. 

 Шара барысында станцияның директордың оқу –әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қ.Н.Садыкова орталықта  оқушыларды экологиялық тәрбиеге баулуда жүзеге асырылатынын және осы орайда станцияда 3 бөлім , ауданның 12 мектебінен 1505 оқушы қамтылғанын атап өтті. Республика , Облыс , аудан көлемдерінде өтетін жоспарлы шараларда ұжымның белсенділігін айтып өтті. Шара барысында оқушылар мен келген қонақтар мекеме ауласына  жеміс ағаштарын, терек, ақ қайын, катальпа, гибесскус ағаштарының көшеттерін мерекелік көңіл күймен егіп қортындылады. Іс -шара барысында қатысушы қонақтар  оқушылардың  өнерін тамашалап , қолөнер бұйымдарын көрмелер көріп, емдік қасиетке ие шөп шайларының дәмін татты.

19 - қараша күні Шу қалалық мәдениет үйінде Шу ауданы әкімдігінің  білім бөлімінің «Жерұйық» жас натуралистер станциясының ұжымымен ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Туған елге – құрмет!» атты республикалық семинар өткізілді. Ел тағдыры, ер тағдыры қыл үстінде тұрған талай қилы заман өткеніміз бізге мәлім. Тәуелсіздікке жетудің өзі бір қиямет еді біз үшін. Батыр елдің ұрпағы үшін тәуелсіздіктің ақ таңы атты. Қашанда ел тәуелсіздігінің қаз тұруынан бастап, бүгінгі таңда еңбектері бағаланып, Ғылыми педагогикалық еңбек жолында талай жетістіктерге қол жеткізіп жүрген азаматтардың еңбектерін насихаттау және жасөспірімдерді елдің өркендеп өсуіне мемелекетіміздің нығайюына өз үлесін қосуға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған семинар көптің көңілінен шықты. 

Қазақ Ұлттық аграрлыық Университетінің « Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультетінің деканы , экономика ғылымдарының докторы, доцент Абаева Құрмангүл Төлеутайқызы  Шу ауданының тумасы,  жерлесіміз ауданымыздың көгалдандыруына және көркейуіне 2016-2017 жылдар аралығында "Ауылым гүлденсін, көркейсін, көгалдансын" деген ниетпен «Жерұйық» жас натуралистер станицясымен ауданымыздың ауыл мектептеріне бес мыңнан астам ағаштар , қылқанжапырақты ағаштардың көшеттерін, 100 түп алма , 500 – ге жуық түрлі көшеттер өрік, қарағай, емен, үйеңкі, терек, ғылыми әдебиеттерін сыйға тартқан . 2017 жылы аудандық теміржолшылар мәдениет үйінде 300 ге жуық ауылдастарымен кездесуі болып "Шу ауданының Құрметті Азамат -2017ж" иегері атанды . Абаева Құрмангул Төлеутайқызының туған жеріне деген тартуын насихаттауда «Туған елге – құрмет» тақырыбында ұйымдастырылған Республикалық көлемде семинарға Қазақ Ұлттық Университетінің аға оқытушылары, доцент, профессорлар, ауданымыздың мектеп директорлары мен орынбасарлары және ауыл шаруашылығына қызығушылық танытып жүрген 10-11 сынып оқушылары, сонымен қатар қосымша білім беру мекемелері қатысты. (қатысушылар саны -300) .Семинар барысында келген қонақтар еліміздің ауылшаруашылығы мен орман шаруашылығының дамуы және қажеттілігі сонымен қатар Ел басы Н.Назарбаевтың «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша әр азаматтың елінің , жерінің көркейуіне өз үлесін қосу парыз екенін ескере отырып, осындай игі істі атқарып жүрген жерлесіміздің еңбектерін , насихаттау көпшілік назарынан шықты. Сонымен қатар семинарда «Жерұйық» жас натуралистер станциясының ұлағатты ұстазы Р.Абдикеримова «Экологиялық білім мен тәрбие берудегі жұмыс нәтижелері» баяндамасында , ауданымыздың экологиялық проблемаларды шешудегі атқарған жемісті жұмыстары туралы айтып өтті. Семинарда ауданымыздың мәслихат хатшысы Е.К.Өміралиев мырза К.Т.Абаева ханымға құттықтау сөз жолдай отырып, Құрмет грамотасымен мадақтаса, білім бөлімінің басшысы К.И.Қожағапанова ханым бағалы сыйлықтармен шапан жауып құрмет көрсетті. Семинар концерттік бағдарламамен ұласып, оқушылардың өлең – жырлары, музыкалық ән- шашуларын тарту етті. Осы мақала өткен шаққа саяхат болды. 2018 -2019 жыл атап өтетін факультеттің 70 жылдық мерекелі күндер құтты болсын деп тілеймін.

Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  Қуаныш Садыкова

2
0
1573

Қазақстан мен Түркия. Екі ел арасындағы ынтымақтастық

 Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Туркияның Қазақстандағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз қазақ  журналистермен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық байланыс төңірегінде әңгімелесті. 

Бүгінде бауырлас елдер  – Қазақстан мен Түркия арасында тарихи-мәдени байланыстармен қатар экономика саласындағы әріптестіктің тарихы тереңге кетеді. БАҚ өкілдерімен кездесуде Бас Консул байланыстары түркі әлемінің қойнауына кететін, рухы мен тарихы туыс елдердің саяси-экономикалық, дипломатиялық, тарихи және рухани мәселелер жайлы кеңінен  мағлұмат берді. Рыза Қаған Йылмаз айтуынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның бастамасымен, екі ел арасындағы сауда айналымын жуық арада 10 миллиард долларға жеткізу мақсат етілген. Ежелгі Жібек жолын жаңғырту мақсатында қолға алынған «Заманауи Жібек жолы» жобасы мен жуырда ғана іске қосылған Баку-Тбилиси-Карс теміржол торабы бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстарды нығайта түсері анық. Бүгінде қазақ және түрік инвесторлары мұнай, мал шаруашылығы, азық-түлік, фармацевтика мен экономиканың басқа да салаларда өте белсенді. Түбі бір түркі елдері саяси, мəдени, рухани бағыттағы байланыстарын Түркі Кеңесі, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы халықаралық ұйымдар шеңберінде дамытып келеді. Ирак, Сирия сияқты соғыс өрті өршіген аймақтарда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде де Қазақстан мен Түркияның мүддесі ортақ. Бас консул Рыза Қаған Йылмаз мырза Түркияның қайырымдылық шараларына баса назар аударатынын айтты. Мəселен, түріктер Жер шарындағы көмекке мұқтаж аймақтарына 8 миллиард долларға жуық қаражат бөлген, соғыс болып жатқан елдердің азаматтарын шекарадан кедергісіз өткізіп, азық-түлік, баспанамен қамтамасыз еткен. Бүгінде Түркияда жүрген сириялықтардың  саны 4 млн асады.  Түркияның адам құқықтарын қорғау мен гуманитарлық көмек көрсету жобалары жайлы  да кеңінен мәліметтер берді. Бүгінде Түркия жер шарындағы бейбіт өмірдің орнықтылығын қалайды әрі Қазақстанмен рухани-мәдени әріптес ретінде бейбітшілік миссиясында ортақ қадамдар ұстанады. «Сириядағы қантөгісті тоқтатуда Түркия мен Қазақстан бірлесе әрекет етіп келеді. 2016 жылы 15 шілдеде Түркияда әскери төңкеріс жасауға әрекет еткен фетуллахшылардың қылмысынан кейін Түркияға ең бірінші болып ресми сапармен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келуі кездейсоқтық емес.Бұл бауырлас ел – Түркияға деген қолдау» деп атап өтті Бас консул.

1
0
957

Отандық продакшндар мен Түрік елінің кино мамандары кездесті

Бүгін,  дәстүрлі түрде өтетін түрік Фильмдерінің апталығы аясында қазақ  тілінде өнім шығаратын продюсерлік орталықтарының басшылары түрік әріптестерімен кездесті. 

Түркия жағынан Бешикташ Мәдени Орталығының (BKM) фильм үйлестірушісі Фырат Сезгин, Түркия Кинематографистерінің кәсіби қауымдастығы (FİYAP) Бас хатшысы Ахмет Эдебали, Түрік Фильмдері Апталығының Бас Үйлестірушісі Өнер Кылыч және  тұсаукесері өткен "Міндетіміз - демалыс" көркем фильмінің режиссері Мұрат қатысты. Нәтижелі өткен жиналыс Стамбұлда жалғасады, бұйыртса.

  Шара соңында барлық қатысушылар кездесу ұйымдастырушыларына алғыс білдіретіндіктерін жеткізді.

Екіжақты тиімділікке құрылған сәтті кездесу болды деуге болады бұл шараны.

Кездесу барысынан бірер сурет

1
0
721

Факультетімізге 70 жыл толып отыр

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті 1948 жылы «Орман шаруашылығы» факультеті болып бұрынғы Қазақ ауылшаруашылығы институтында құрылған. Оны ұйымдастыруға Қазақстандағы ең бірінші орман шаруашылығы министрі У.У. Урумбаев тікелей ат салысқан. Бұл күнде факультетімізге 70 жыл толып отыр.

Ұжымда барлық пәндер кредиттік жүйе талаптарына сай оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілген. Факультетте жүргізіп жатқан, оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, студент-жастарға тәрбие беруде істеліп жатқан ауқымды іс-шараларды атай аламыз. Барлық пәндер оқулықтар, оқу құралдарымен, әдістемелік нұсқаулармен толық көлемде қамтамасыз етілген, жаңа лабораториялық құрал-жабдықтар жабдықталған, жас оқытушы – ғалымдардың кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіретін жағдай жасалған, олардың шет тілін игеру қарқыны жоғары деңгейде өтуде. Факультеттің кафедраларында электрондық оқулықтар және қазіргі заман талабына сай оқу үрдісінде инновациялық технологиялар қолданылуда.

Бұл факультет табиғат байлықтарын игеру мамандарын дайындау орталығы десек, артық айтпаймыз. Себебі, факультет дүниежүзілік сапа стандарттарына сай бакалавриат жүйесі бойынша 5В080700 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 5В080300 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы, 5В090300 - Жерге орналастыру, 5В090700 - Кадастр, 5В081100 - Өсімдік қорғау және карантин, магистратура жүйесі негізінде 6М080700 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 6М080300 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы, 6М090300 - Жерге орналастыру, 6М090700 - Кадастр, 6М081100 – Өсімдік қорғау және карантин сондай-ақ, Ph.D докторантура бойынша факультетте 6D080700 - Орман ресурстары және орман шаруашылығы, 6D090300 - Жерге орналастыру, 6D090700 - Кадастр, 6D081100 – Өсімдік қорғау және карантин мамандықтары бойынша даярланады. 

Бұл мамандықтарды игерген жас мамандар орман өсіру мен орман қорын, су ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, жер қорын тиімді пайдалану, сақтау, жер құқығы мен қатынастарын жүргізу, жерді және жылжымайтын мүлікті тіркеу, есепке алу, бағалау және өсімдіктерді өсімдік қорғау және карантин маманы ретінде өсімдік қорғау инспекцияларында, кедендерде, аэропорттарда теміржол вокзалдарында үлкен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жауапты қызметтерді атқара алады. Көрсетілген мамандықтар бойынша арнаулы кәсіптік орта білімді жастар мамандықтарына сәйкес қысқартылған мерзім-3 жыл, жоғарғы білімі бар мамандықтар – 2 жыл оқып білім ала алады. Талапкерлерге кәсіби бағыт беру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

Бұл күнде өсімдік қорғау және карантин, жер ресуртары және орман-ағаштары сияқты табиғи өнімдерге сұраныстың жоғарылауынан, осы салада білікті мамандар даярлау Үкіметтің алға қойған басты бағдарламаларының бірі болып отыр. Оның дәлелі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің осы мамандықтарға жыл сайын бөлген мемлекеттік грант санын көбейтуінен аңғаруға болады. Факультетте мамандарды 3 кафедраның жоғары білікті профессор- оқытушы құрамы даярлайды. Факультеттің үш кафедрасы 5 мамандық бойынша бакалаврларды, магистрлерді, Ph.D докторанттарды даярлайды. Факультет ұжымында 73 жоғарғы білікті оқытушы мамандар, олардың ішінде 1 ұлттық ғылым академиясының академигі, 17 ғылым докторлары мен профессорлары, 5 қауымдастырылған профессорлары, 17 ғылым кандидаттары, доценттер және 16 аға оқытушылар, 7 магистр академиялық дәрежесі бар ассистенттер және 10 көмекші оқу қызметкерлері оқу –тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Қазір факультетің күндізгі бөлімінде 769, ал сырттай оқу бөлімінде 120 студент, 37 магистрант және 26 Ph.D докторант оқиды, оның 81%-ы, яғни 623-сі қазақ тілінде, ал 19 %-ы, яғни 146-і орыс және көптілді бөлімде оқиды. Олардың ішінде 607-і, яғни 79%-ы мемлекеттік грант негізінде, ал 162-і, яғни 21 %-ы ақылы келісім-шарт негізінде оқып жатыр. 

Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысы. Факультет ғалымдары мемлекеттік грант жобалары бойынша: академик С.Б.Байзаков, профессорлар К.Т.Абаева, Е.Ж.Кентбаев, Т.Д.Джуламанов, Т.Пентаев, М.В.Шабалина, Б.А. Кентбаева, А.Ж.Ағыбаев., Х.Қ.Торыбаев, Р.Д.Карбозова, К.Н.Туленгутова Б.Т.Таранов, Р.А.Ескендирова, Е.Б.Дутбаев және т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, әрқайсысы 3-4 студентті ғылыми жұмыс атқару жұмылдырып, жетекшілік етті. Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу үшін барлық кафедраларда ғылыми үйірмелер жұмыс жасауда. Оларға бағыт-бағдар беру үшін факультеттің барлық оқытушылары қатысады. Өткен оқу жылында факультет бойынша университет конференциясында 63 студент баяндама жасап, 16 студент әр түрлі деңгейде марапатталды. Факультеттің «Үздік оқытушы» мемлекеттік грант иегерлері: Қ.Т.Абаева, Е.Ж.Кентбаев, Б.А.Кентбаева, Т.Д.Жоламанов, А.Ж.Ағыбаев. 

Студенттеріміз «Орманшы», «Кинолог», «Жас геодезист», «Жерге орналастырушы», «Фитосанитария» сияқты құрылған топтарда ғылыми жұмыстармен айналысып, республикалық және халықаралық деңгейде өтетін конференцияларға қатысты. 

Халықаралық жоғарға оқу орындарының тәжірбие алмасу бағдарламасы бойынша факультет студенттері, магистранттары, докторанттары Америка Құрама Штатында, Солтүстік Дакота Штатында, Германияда, Латвияда, Словакияда, Испанияда, Польшада, Чехияда, Болгарияда оқып тәжірбие алып келді. Мұндай бағдарламалар университет тарапынан әр жылда ұйымдастырылады.Интеграция мен өндіріс жайында көрсетілген. Практикалық-лабораториялық сабақтарды қазіргі заман талабына сай жаңа қондырғылар мен приборлар қолданып жүру үшін «Орман ресурстары және аңшылықтану», «Жер ресурсы және кадастр», «Өсімдік қорғау және карантин» кафедралары өздерінің филиалдарын ғылыми-зерттеу институттарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, өндірістерде ашып, сонда сабақ өткізу іс жүзінде қалыптасқан.Сондай-ақ, студенттер өздерінің теориялық білімін бекіту үшін тәжірбиеден өтеуге өңдірістерге жіберіледі. Мысалы, Орман ресурстары және орман шаруашылығы мамандығының студенттері Ақмола облысының Сандықтау орман шаруашылығы оқу-өндірістік мекемесінде, барлық облыстардағы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері мен пиомниктеріне, ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттік қорықтарда,  Кадастр және Жерге орналастыру мамандықтарының студенттері Жер комитеттері және жылжымайтын мүлікті бағалау басқармаларына, Өсімдік қорғау және карантин мамандығының студенттері аумақтық өсімдік қорғау инспекцияларына, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылындағы «Агроуниверситет» оқу тәжірибе шаруашылығы, үлкен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, шаруашылық қожалығына  жіберіледі. Оқу-білім, спортпен бірге студент жастар адамның мәдени-рухани жағынан дамуына бойдағы бар қабілет, дарынын көрсету үшін факультетте түрлі өнерге бейімдейтін үйірмелер өз жұмысын тоқтатқан емес. Талантты студенттерден әншілер мен бишілер тобы құрылып, олар университет пен қалалық әкімшілік тарапынан ұйымдастырылатын түрлі мәдени шараларға белсене қатысып отырады. Салауатты өмір салтына көп көңіл бөлінеді. Студенттердің бос уақытында спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Факультеттін мерейін республикалық және халықаралық денгейде көтеріп жүрген студенттерімізде аз емес. 

Студенттердің екінші үйіне арналған №10  “Ақ-қайын” студенттік үйі жалпы саны 118 бөлме бар. Жатаханадағы студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы жүйелі түрде жұмыс жасауда.  416 студент орналасқан. Бұл ұйым түрлі диспуттар мен кездесулер өткізіп, жастардың бос уақытын тиімді әрі қызғылықты өткізулеріне игі ықпал етуде. Сонымен қатар, студенттер үшін оқырмандар залы мен акт залы бүгінгі күн талабына сай жабдықталған. Алдағы уақытта да игі істер өз жалғасын табары сөзсіз. 

Қорыта келе, «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультеті кафедраларының оқу-ғылыми, тәрбие жұмыстарының тиімділігін ары қарай жетілдіру және жаңа талаптарға сай деңгейге көтеру мақсатында университеттің 2018-2020 жылдарға жасалған даму жоспарын толық орындауға талпынамыз.

Абаева Құрманкүл Төлеутайқызы факультет деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор

2018ж. Алматы қаласы 

2
0
998