Мазмұнға өту
Mki_gov

МК РК

@Mki_gov

Сайтта 2013 ж. 2 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

241

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Бүгін 2014 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы VIENNAFAIR компаниясының Көркемдік жетекшісі Кристина Штенбрехер-Пфандт ханыммен кездесті

Бүгін 2014 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы VIENNAFAIR компаниясының Көркемдік жетекшісі Кристина Штенбрехер-Пфандт ханыммен кездесті.

Кездесу барысында қонақтар VIENNAFAIR компаниясының қызметі туралы сөз етіп және қазақстандық тарапты 2014 жылғы қазан айында Вена қаласында (Аустрия) өтетін халықаралық көрмеге шақырды. Министр өз кезегінде шақыруды қабылдады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастрады одан әрі дамытуға келісті.

0
0
259

Бүгін 2014 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников мырзамен кездесті

Бүгін 2014 жылдың 31 наурызында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Министр екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын жоғары бағалап, одан әрі қарым-қатынастардың, оның ішінде мұражай ісі және театр өнеріндегі қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Бочарников мырза кездесу үшін алғысын білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығына  тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға келісті.

0
0
351

50 жылдық үзілістен кейін «Айсұлу» операсы көрермендермен қайта қауышты

ҚазАқпарат, 29.03.2014 «Бүгінгі «Айсұлу», қазіргі заманғы қыздардың жиынтық бейнесі, сонымен қатар, өмірде махаббат пен арман, мақсат тоғысқан жерде дұрыс шешім қабылдаудың жарқын үлгісі». Бүгін Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен «Айсұлу» операсынан алған әсерін, осы туындыны жазған композитор Сыдық Мұхамеджановтың қызы Ләйла Мұхамеджанова осылай жеткізді. Оның айтуынша, бұл операның тәрбиелік мәні өте зор. Бүгінгі бойжеткендер де сахнадағы Айсұлу секілді алдарына нақты мақсат қоя біледі. Соған жетуге барынша күш салады. Мінезді, қайсар келеді. Бірақ қалай болғанда да, Айсұлу секілді махаббатқа адал болулары тиіс. «Опера түсінуге өте жеңіл, XXI ғасырдың жастарына өте лайықты бейімделген. Бұл комедиялық опера енді сахнадан түспей, ұзақ уақ…

0
0
959

Оралда Халықаралық театр күніне орай өнер тарландары марапатталды

ҚазАқпарат, 28.03.2014 Кеше Халықаралық театр күніне орай Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында мерекелік шара өтті. Театр ұжымы мен Ақ Жайық жұртшылығын мейраммен құттықтаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев аталмыш өнер ордасының қоғам өміріндегі маңызы зор екендігін атап көрсетті. Тәуелсіздік жылдары елімізде театрлар қатары көбейіп, олардың саны елуден асты. Жаңадан ашылған жиырма театрдың төртеуіне су жаңа ғимарат тарту етілсе, соның бірі - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры. Қазіргі кезде өңірде екі кәсіби театр, ондаған халық театрлары, қуыршақ үйірмелері жұмыс жасап келеді. Қазақстанда қазақ, орыс қана емес, ұйғыр, кәріс, неміс театрларының да болуы әр ұлттың өз өнерін дамытуына, ұлтаралық келісімнің нығаюына септігін тигізуде. Отау тіккеніне жиырма жылдан асқан БҚО қаз…

0
0
753

АҚШ-тағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті

ҚазАқпарат, 27.03.2014 Наурыз мейрамын американ жерінде ресми деңгейде ғана емес, қарапайым азаматтар, Америка Құрама Штаттарындағы қазақ диаспорасының өкілдері де атап өтеді. Нью-Йорк тұрғыны, Тараздың тумасы Әлима Қалыбаева ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы Қазақстаннан шыққан адамдар жыл сайын осы ежелгі шығыс мерекесін атап өту үшін Наурыз күндері бас қосатынын айтты. Әдетте әртүрлі шараларға қатысуға уақыт бола бермейді. Бірақ та Наурыздың жөні бөлек, бұл күні қазақша ет асып, бір-бірімізді құттықтап жатамыз, - деді А.Қалыбаева. - Біздің мерекемізді қарапайым американдықтар да бөліседі, мұнда кез келген мерекені атап өтуді жақсы көреді». 90 жылдардың ауыр кезеңдерінде ол Тараздан жақсы өмір іздеп, шетел асқан болатын, ол американдық ірі мегаполисте орнығып, мамандығы бойынша (тігін…

0
0
616

В Талдыкоргане презентована книга «Жетісу кітапханасы»

Казинформ, 26.03.2014 Во Дворце языков прошла презентация книг под рубрикой «Жетісу кітапханасы», собранных писателем Ролланом Сейсенбаевым. Как сообщили в пресс-службе акима области, презентация организована и представлена читателям Алматинской областной универсальной библиотекой им.С.Сейфуллина. На мероприятии присутствовал заместитель акима области Серик Муканов. В своем вступительном слове С.Муканов подчеркнул особую значимость данной серии книг для фонда областной библиотеки и читателей Жетысу. Заместитель акима отметил огромный труд Роллана Сейсенбаева и его заслугу в выпуске произведений великих казахских писателей, выразил благодарность за патриотизм и пожелал творческих успехов. Писатель Роллан Сейсенбаев рассказал о книгах и поделился идеей о том, что великие личности не должны…

0
0
516

Талдықорғанда «Жетісу кітапханасы» кітаптары таныстырылды

ҚазАқпарат, 26.03.2014 Тілдер сарайында жазушы Роллан Сейсенбаев жинаған «Жетісу кітапханасы» айдарымен шығарылған кітаптардың таныстырылымы болды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, таныстырылымды ұйымдастырып, оқырмандарға ұсынған С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы. Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов қатысты. Өз сөзінде С.Мұқанов бұл сериядағы кітаптардың облыстық кітапхана қоры мен Жетісу оқырмандары үшін зор маңызын атап көрсетті. Әкімнің орынбасары қазақтың ұлы жазушыларының шығармаларын шығарудағы Роллан Сейсенбаевтың сіңірген зор еңбегін атап өтті және оған патриотизмі үшін алғыс айтып, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді. Жазушы Роллан Сейсенбаев кітаптар туралы әңгімелеп, ұлы адамдар ешуақытта ұмытылмауға ти…

0
0
399

Астанада «Жыл басы — Наурыз» мерекелік шарасы өтпек

ҚазАқпарат, 18.03.14 22 наурыз күні Астана қаласы Есіл ауданындағы «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің алаңында «Жыл басы - Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтеді, деп хабарлайды шараның ұйымдастыру алқасы. Іс-шара барысында театрландырылған көріністер, мерекелік қойылымдар, өнер майталмандарының дайындаған концерттік бағдарламасы, ата-бабадан жеткен халқымыздың жоралғылары мен дәстүрлерін дәріптеу шаралары, қолөнер көрмесі және ұлттық спорттық ойындар өткізіледі. Наурызды тамашалауға келген қонақтар ұлттық ойындарда бақ сынасып, әр түрлі байқауларға қатыса алады. Атап айтар болсақ, «Наурызым - нұрлы ырысым» наурыз көжелер байқауы, «Жарқыраған жас нұрлы, Жаса, Наурыз дәстүрлі» атты ең тәтті самаурын шайы, «Киім пірі - кимешек» ұлттық киімді нақыштайтын әжелер байқауы, «…

0
0
411

26 наурыздан бастап «Үйлесім сабақтары» фильмі Францияда көрсетіле бастайды

ҚазАқпарат, 17.03.2014 Қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің «Үйлесім сабақтары» фильмі 26 наурыздан бастап Франция кинотеатрларында көрсетіле бастайды. Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады. Айта кетерлігі, бұл туынды өткен жылдың 26 қыркүйегінде Австрия, 6 наурызда Португалия кинотеатрларында көрсетілген еді. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Эмир Байғазиннің «Үйлесім сабақтары» фильмі Базель қаласында мамырдың 29-ы мен маусымның 2-і аралығында өткен «Bildrausch Film Fest Basel» атты Халықаралық кинофестивалінде үздік деп танылып, фильмнің аты мен жас режиссердің есімі жазылған сақинамен марапатталды. Аталған кинотуынды өткен жылдың басында қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Халықаралық Берлин кинофестивалінің не…

0
0
291

Бүгін Астанада ҚР Суретшілер одағының мүшесі Елена Тёнің көрмесі ашылады

ҚазАқпарат, 14.03.2014 Бүгін «Рамада Плаза Астана» отелінің «Шежiре» қазіргі заманғы өнер галереясының көрме залында сағат 16.30-да ҚР Суретшілер одағының мүшесі Елена Тёнің «Жандану» атты жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Елена Тё өзінің туындыларын Астанада алғашқы рет 2002 жылы «Шежiре» галереясында көрсетті. Суретшінің шығармашылық қолтаңбасы Астанада да танымал, оның жұмыстарына қызығушылық білдірушілер көп. Елена көктемнің келуімен астаналықтарды өзінің көркем жаңалықтарымен, шығармашылық дамуының нәтижелерімен, ізденістерімен, тәжірибелерімен қайта бөліспекші. Суретші Алматы қаласында туған, Н.В. Гоголь атындағы көркем училищеде оқыған, кейін Абай атындағы АМУ көркем-графикалық факультетін бітірген. 1991 жылдан республикалық және шетелдік көрмелерге қатысып жүр. Жұмыстары ТМД елдері, А…

0
0
624