Мазмұнға өту
Mki_gov

МК РК

@Mki_gov

Сайтта 2013 ж. 2 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

241

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

0

Абзал ақынды ардақтады

Егемен Қазақстан, 11.04.2014 Сәруәр сәуірде жыр маржаны төгілді. Облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында ұлт руханиятына қатысты талай игі бастамаларға мұрындық болып жүрген Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Ақтоғай ауданының құрметті азаматы», белгілі ақын Абзал Бөкеннің «Тұла бойым көне сөз, көне мүсін» атты шығармашылық кеші өтті. Отыз жылға жуық рухани астанамыз – Алматыда тұрып, ал асқаралы алпысында Арқаға қоныстанған Абзал ақынды оқыр­мандары зор құрметпен қарсы алды. Поэзия кешінде ақын А.Бөкенге жан-жақтан құттықтаулар құ­й­­­ылды. Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Жайлыбай бастап бір топ қаламгерлер келді жыр кешіне. Облыс әкімі…

0
0
636

Бағаңды басқалар берсін

Егемен Қазақстан, 08.04.2014 Жақында Ресейдің солтүстік астанасындағы Мария театрының жаңа сахнасында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының «Аттила» және «Бiржан-Сара» қойылымдары, ал ескі сахнасында Гала балет өткен болатын. Нева жағалауының әсерлі бояуы ескірмейтін естелікке түсті. Ресей басылымдары бұл жайында жарыса жаңалықтар жариялап, шуақты лебізге толды. Есепке жүгінсек, мұнда 44 мақала және 18 теледидар сюжеті жарық көрген екен. «Ведомости», «Итар-Тасс», «Северная звезда», «Час пик», «Культурная столица», «Петербургский театрал», «Литературная газета» және «Опера ньюс», «Музыкальный Клондайк», «Музыкальный журнал» сияқты көптеген орыстың озық басылымдары қазақ-орыс мәдени байланыстары жайында жалықпай жазды. Мысалы, «Аттила» операсы туралы «Российская газета»: «Пе…

0
0
348

Рухани байлық

Егемен Қазақстан, 08.04.2014 Әлемдік деңгейдегі баспа туындыларына сай «АМАNАТ» журналы мен 200 томдық кітап шығарудағы игі бастама елімізде жүзеге аса бастағаны мәлім. Өзіндік ерекшелігі мол осынау игілік Алматы облысында да жалғасып, «Жетісу кітапханасы» айдарымен былтырғы жылы жарық көрген алғашқы 8 кітаптың тұсаукесер рәсімі Талдықорғанда өтті. «Жетісу кітапханасы» – біз­дің аймақтың ғана емес, қазақ руханиятының дамуына кеңінен ашылған жол деп бағалаймыз. «Жетісу кітапханасы» біз сағына тосқан бабалар үні, бабалар ойы, бабалар аманаты», депті Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов кітапқа жазған алғы сөзінде. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалам­герлер қауымы елдігімізді сақ­тауға, Тәуелсіздікті ел санасына ұялатуға, азаттық ұғымын ел са­насына бекітуге абыройлы еңбек…

0
0
1463

2014 жылы 11 сәуірде Астана қаласындағы Конгресс холл залында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері аясында салтанатты концерт пен көрме өтеді

2014 жылы 11 сәуірде Астана қаласындағы Конгресс холл залында Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері аясында салтанатты концерт пен көрме өтеді.

Концертте Беларусьтің жекелеген орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары, соның ішінде «Песняры» Беларусь мемлекеттік ансамблі, Беларусьтің халық әртістері Ядвига Поплавская мен Александр Тиханович, Беларусь Республикасының еңбек сіңірген әртісі Александр Кремко,  Беларусьтің мемлекеттік еңбек сіңірген «Хорошки» хореографиялық ансамблі өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, Астананың қонақтары мен тұрғындары Беларусь телеграф агенттігінің коллекциясынан «Бүгінгі Беларусия» атты  фотокөрмені тамашалауға мүмкіндік алады.

0
0
453

Мемлекет басшысы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады

Кездесу барысында Ұлттық мұражайды ашу мәселелері, ЕХРО-2017 халықаралық көрмесіне дайындықтың мәдени аспектілері, сондай-ақ министрліктің қызметінің басты бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы Республикада 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет мекемесі жұмыс істейтінін, олардың рөлі күннен-күнге ұлғайып келе жатқанын атап өтті. – Соңғы 10 жылда театрға келушілер саны – 50 пайызға, музейге келушілер –25 пайызға, кітапханаға келушілер – 40 пайызға, концерт залдарына келушілер – 100 пайызға, кинотеатрға келушілер саны 400 пайызға көбейді. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатының артқанын және мәдениетке, білімге деген ынтаның өскенін білдіреді. Соған байланысты осы саладағы кадрларды сапалы даярлау, қызметтің бірыңғай тәжірибелерін әзірлеу мәселесін қарастырған жөн. Әр облыста мемлекет қ…

0
0
396

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлық

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес мыналар: Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Әсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі; Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі; Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі; Салидат Зекенқызы Қайырбекова – Қазақст…

0
0
577

Бибігүл Төлегенова «Достастық жұлдызы» сыйлығын алды

Егемен Қазақстан, 04.04.2014 КСРО халық әртісі, күміс көмей, жез таңдай әнші Бибігүл Төлегенова «Достастық жұл­дызы» халықаралық сый­лы­ғы­ның лауреаты атанды. ТМД елдері мемлекет­аралық гуманитарлық ын­тымақтастық қорының Дос­тастық елдері арасында белгілеген бұл сыйлығы 2009 жылдан беріліп келеді. Ол жыл сайын ғылым мен білім беру, мәдениет пен өнер, гуманитарлық әрекет салалары негізінде Достастық елдерін әлемдік жетістік деңгейіне көтеру жолында елеулі еңбек сіңіріп, елдер арасында гуманитарлық ынтымақтастықты өркен­детуге үлес қосқан таңдаулы тұлғаларға тапсырылып тұрады. «Достастық жұлдызы» марапаты ақшалай сый­лықтан, лауреат дипломынан, төсбелгісі мен оның куәлігінен тұрады. Үш номи­нацияның әрбірі бойынша үш жүлде тағайындалып, лау­реаттардың әрбіріне 2 миллион Ресей рублі көлемі…

0
0
515

2014 жылғы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиялар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4-сәуірдегі № 266 қаулысымен бекітілген Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру ережесінің 6-тармағына сәйкес 2014 жылғы мәдениет саласында берілетін мемлекеттік стипендияларға үміткерлердің ұсыныстары 1 тамызға дейін қабылданады.

Шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары ағымдағы жылдың бірінші тамызына дейін мемлекеттік стипендия алушыға берілетін қолдаухат пен шығармашылық мiнездеменi ҚР Мәдениет министрлігіне қағаз немесе электронды түрде жібереді.

0
0
374

Астанада Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы тойланады

ҚазАқпарат, 01.04.2014 11 сәуір күні Астана қаласындағы Назарбаев орталығында әлемге әйгілі спорт шебері, Қазақстанда таэквондо мектебінің негізін қалаушы қарсаңында «Қазақстан-Түркия достық кеші» атты концерт болады. Бағдарламада Түркия қазақтарының күйлері шертіліп, әндері шырқалады. Өнер кеші Астана қаласы мемлекеттік филармониясының Қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов. Дирижер, Мәдениет қайраткері, сазгер Нұрлан Бекеновтің айтуынша, бұл күні Қазақ елі мен Түркияның достығын паш ететін, шетелдегі қазақтардың өнерін атажұртында көрсететін тамаша концерт болады. Концертте Қазақстанда орындалмаған жаңа туындылар астаналықтардың назарына ұсынылмақ. Соның ішінде Мір…

0
0
455

Ақтауда «Шерқала» журналы таныстырылды

ҚазАқпарат, 01.04.2014 Маңғыстау облысының әкімдігінде жаңа көркем-әдеби, мәдени-тарихи «Шерқала» журналының таныстырылымы өтті. Басылымды «Маңғыстау-Медиа» ЖШС шығарған. Жылтыр қағазды журналдың бірінші саны 3 мың дана тиражбен жарыққа шыққан. Журналдың тұсаукесеріне облыс әкімі Алик Айдарбаев, оның орынбасарлары Сүйіндік Алдашев пен Халила Нұрғалиева, Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Бекмұрат Жүсіпов пен басқалары қатысты. «Журналдың жарыққа шығуы - өңірдің мәдени-рухани саласындағы маңызды оқиға. «Шерқала» журналы біздің «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына қосқан үлесіміз болады», - деді оны шығарушыларға жемісті еңбек пен сәттілік тілеген Алик Айдарбаев. «Журналда Маңғыстау өңірінің тарихы мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар мен тарихшылар, этнографтардың, мәденеттанушыларды…

0
0
592