Бір кездері анкета біз үшін әлеуметтік желі болатын. :-)
Естеріңізде болса, мектеп оқушысы болған кезімізде біздер үшін «Анкета» деген іші сырлар мен құпияларға толы қойын дәптер, енді бірі үшін қыз жайлы немесе бала жайлы білгісі келетін ақпаратты алуға таптырмас құрал болатын. Шынымен де қандай ақпарат білгің келеді, бәрін-бәрін сол кішкене ғана қойын дәптерден табуға болатын еді. Ол кездері біздер үшін компьютер, ұялы телефон деген таңсық нәрсе. Ал, үй телефоны бірінің үйінде болса, бірінің үйінде болмайтын. Кімнің үйінде үй телефон бар, сол мықты яғни жастардың тілімен крутой болатын. :-) Әр бір сыныпта боладығой қу балдар, сондай балалар анкетаны кейбір қыздардың үй телефонын алу үшін ғана, онда да қысқа-қысқа қылып әйтеуір толтырып беретін. Бір кездері анкета біз үшін әлеуметтік желі болатын. Иә, иә шыныменде солай болатын. Мысалыға, ВК ә…