Кейбір қателіктердің өзі бақытқа бастар үлкен жолдың жемісі.

... Өткенге оралатын болсақ сізде және сіздің дос балаңыз немесе құрбыңыз екеуіңіздің араларыңызда бәрі жақсы, бәрі бар. Бақытқа толы сәттер, қуанышы мол күндер. Айналаңыздағы достарыңыз сіздердің қарым-қатынастарыңызға қызыға да қызғанып, тамсана да таңданып қарайды. Бірақ, уақыт өте келе өз ара түсініспеушілік туындап , келіспеушіліктер көбейіп, сенім жоғала бастайды. Әлгінде сіздерге қызығып, тамсанған достарыңыз сыртыңыздан күліп, әңгіме айта бастайды. Ал сіздің көкейіңіздегі : «Неге олай? Қай тұста қателестім? Ол неге олай өзгерді? Басқаны таңдауға не себеп?» - деген сияқты сан алуан сұрақтар сізге маза бермей, тынышыңызды ала бастайды. Ең бастысы бұл соққыға төтеп беріп, сізге күле қарағандарға басыңызды тік ұстап, өмірден өз орныңызды қайта таба білу.

"Мен біреуді сүйген едім, ал ол мені сүймеді!"-деп өкінудің қажеті жоқ. Және "Ол мені бағалай алмады, мен оған әлі дәлелдейтін боламын, оның қандай бақыттан айырылып қалғанын!"-деп те тырысудың қажеті шамалы. Сенің өміріңе ол адам келді, тиісінше өзінің рөлін ойнады, кетті. Сен ол адамды таңдауда қателік жасадың. Себебі, таңдау барысында сен мұның қате екенін білген жоқсың. Маңыздысы, сен бұл өмір деген өзіңнің кішігірім хикаяңның басты кейіпкері, авторы, режисеры да бір өзің. Өзгертуде немесе құр елеспен әрі қарай жалғастыруда өз қолыңда және таңдау өзіңде. Бір кездері күтпеген жерден келіп, сенің өміріңде маңызды орын алған адам, кенеттен қайта кетті және өзге адамға айналды. Бірақ, өмір мұнысымен тоқтамайды, әрі қарай жалғасады. Ол кетсе, басқа бір адам келері сөзсіз. Және алдынғы желіден сәл өзгеше бағытта жалғасуы мүмкін. Кім білсін, бәлкім сіз іздеген басты кейіпкеріңізде сол болар?! Қателік жасаудан қорықпаңыз.

Өкінішке өкінішпен, қателіктерге қайғырумен емес, керісінше өзіңізді жоғалтып алмай, бұны да бір өмірлік тәжірбие ретінде қабылдап, тек алдыға қарай қадам басыңыз. Қателеспейтін адам болмайды, барлығы да қателеседі тиісінше қателік жасайды. Адам өз таңдауын жасағанда қателесіп, жіберген қателігі үшін өкінумен уақытын өткізбей, сананы сезімге емес, ақылға жеңдірсе , ол кезде тығырықтан шығудың жолын оңай тауып, жіберіп алған қателіктерін жөндеуге мүмкіндіктер алып, өз-өзіне тез әрі оңай оралатын еді.

Кейде адам бір жүрген жолымен қайта жүріп, бір жасаған қателігін қайталап жасап жатады. Мүмкін бұл оның жолы, оның таңдаған бас кейіпкері емес шығар? Бұл жағыдайда адамның жасаған қателіктері мен таңдауы - бұл жүріп жатқан жолдың оның жолы, оның таңдауы, оның басты кейіпкері еместігін ұғындырады. Егер жаслған қателіктер дұрыс таңдау жасауға алып келсе, бұл орынды жасалған қателік болар еді.

Қорытындылай келе, қателіктер өз жолыңды, өз адамыңды дұрыс таңдай білуіңе көмектеседі. Және өмірде үлкен сабақтар беріп, тәжірбие жинақтауыңа себеп болады. Өмірден алған сабақтарың ұзаққа сақталады. Ең бастысы жасаған қателіктеріңді – өзің мойындай білуің және сол қателіктерден нәтиеже шығарып, өмірден өз орның мен өз бас кейіпкеріңді таба білуің.
© Мереке Жарасқызы

