Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Жыл басынан бері 48 мыңнан астам қазақстандық «Өрлеу» жобасына қатысты

Қазақстанда, 2017 жылдың қаңтар мен наурыз айлары аралығы, «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында 48,3 мың азаматқа жалпы сомасы 1 млрд 758 млн теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды. Ең көп қатысушы Оңтүстік Қазақстан (35126 адам), Жамбыл (3426 адам) және Алматы (2569 адам) облыстарында тіркелді. Есептік кезеңде жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 еседен астамға өсті (5947 теңгеден 15445 теңгеге дейін). Олардың еңбекке қабілетті 87%-ы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына тартылды. Республика бойынша атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың жалпы саны, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 22,4%-ға қысқарды. Жобада көзделген негізгі мақсат – 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілетін атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай – АӘК) көрсетудің жа…

0
0
216

80 мыңдай қазақстандық азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем жасалды

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына (әрі қарай – бағдарлама) бүгінде 80 мың адам қатысқан болса, олардың ішінде 75 мыңы (94%) жұмыссыздар, 5 мыңы (6%) өзін жұмыспен қамтыған жандар саналады. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 48 мың адам әлеуметтік жұмыс орындары арқылы еңбекпен қамтылып, қоғамдық жұмыстар мен жастар тәжірибесіне жолданды. Тағы 31 мың адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы тәрбиеші, мұғалім, фельдшер, слесарь, бухгалтер, монтажшы, инженер, фермер, элекр монтері, тігінші, бұрғылаушы, техник-электрик, қазандық операторы, электр-газ дәнекерлеуші сынды мамандар бойынша жұмыс берушілердегі бос орындарға орналастырылды. Жоғарыда келтірілген бағдарламада сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйрету,…

0
0
265

Астанада ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеудің әдісін жетілдіру жолдары талқыланды

Бүгін, Астанада, орталық мемлекеттік органдар, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, ҚР «Атамекен» ҰКП, «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС, «Ардагер» ҚБ және де ҚР салалық кәсіподақтары өкілдері мен басқа да тараптардың қатысуымен, ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеудің әдісін жетілдіру жолдарын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде пікірін білдірген ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, Қазақ тағамтану академиясы жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша халықтың нақты тұтынушылық шығыстарының құрамын ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымын, оның азық-түліктік емес бөлігінің үлесін 40%-дан 45%-ға дейін өсіру арқылы қайта қарау ұсынылғандығын атап өтті. «Нәтижесінде, 2018 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі 2017 жыл…

0
0
318

Көпбалалы аналарды 2018 жылдан бастап жұмыс істеуге мәжбүрлейтіні жайлы БАҚ бетінде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмектің енгізілуіне байланысты, көпбалалы аналарды жұмыс істеуге мәжбүрлейтіні жайлы кейбір БАҚ бетінде және Facebook әлеуметтік желісінде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. 2015 жылдың 29 қазанында Мемлекет басшысы қол қойған ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»» Заңында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысу талабымен, әрбір мүшесіне санағанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50 пайыздан төмен отбасыға, атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) көрсетудің жаңа тәртібін енгізу қарастырылған. Олар қазіргі іс жүзін…

0
0
277

672 отбасы Оңтүстік Қазақстан облысынан солтүстік өңірлерге көшуге ниет білдірді

3-5 сәуір аралығы Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Сарыағаш аудандары және Шымкент қаласында өткен солтүстік өңірлер жұмыс берушілерінің бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысында, 672 отбасы еліміздің теріскей аймақтарына қоныс аударуға шешім қабылдады. Олардың ішінде 96 отбасы Мақтаарал ауданынан болса, 124 отбасы Сарыағаш ауданында және 452 отбасы Шымкент қаласында тұратын болып шықты. Солтүстік облыстарға бет бұрған отбасыларда 1 мың 8 еңбекке қабілетті жан саналса, бұл жердегі 794 адам мемлекеттік қызметте, 116 азамат ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге құлшыныс танытып, 98-і кәсіпкерлікпен айналысуды жөн көруде. 187 отбасы Солтүстік Қазақстан, 169 отбасы Шығыс Қазақстан, 161 отбасы Қостанай және 155 отбасы Павлодар облысын таңдап отыр. Жалпы алғанда солтүстік өңірлердегі 6…

0
0
316

Астанада жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер талқыланды

Бүгін, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде, ҚР «Халықты жұмыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өткізілді. Шараға бейнебайланыс арқылы ҚР Парламенті, орталық мемлекеттік органдар, ҚР Заңнама институты, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» ҰКП және жергілікті атқарушы органдар өкілдері қатысты. Қоғамдық тыңдауда баяндама жасаған ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов, аталған заң жобасы, 2016 жылдың 9 қыркүйегіндегі жұмыспен қамту саласын мемлекеттік қолдау құралдарын жетілдіру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгенін атап өтті. «Жаңа Нәтижелі жұмыспен қамтуд…

0
0
379

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қоғамдық кеңес мүшелері таңдалады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (әрі қарай – ҚР ЕХӘҚМ) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау байқауы жарияланды. Қоғамдық кеңесті жұмыс тобы мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар арасынан қалыптастырады. Қоғамдық кеңеске мүшелікке үміткерлерді ұйымдармен қатар, азаматтар өздері ұсына алады. Қоғамдық кеңеске мүше болуға 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматттарының мүмкіндігі бар. Ол сотталмаған, сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған, психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмаған болуы тиіс. Қоғам…

0
0
276

2017 жылы Жамбыл облысының 7,9 мыңнан астам тұрғынын жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарлануда

Жамбыл облысында, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында, 7,9 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы, бүгін, аталған бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері жөнінде облыс әкімдігінде өткен семинар-кеңес барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Шараға Жамбыл облысы қалалары мен аудандарының әкімдері, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, жұмыспен қамту орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және тағы да басқа тараптар қатысты. Вице-министр, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйре…

0
0
358

Б.Нұрымбетов ОҚО басшылығы мен активіне еңбек саласындағы негізгі жаңалықтар туралы айтып берді

Бүгін, Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, алдағы зейнетақылар мен жәрдемақыларды өсіру және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілін енгізу мәселелері жөнінде семинар-кеңес өткізді. Шараға ОҚО қалалары мен аудандарының әкімдері, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, жұмыспен қамту орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары және тағы да басқа тараптар қатысты. Вице-министр, өз сөзінің басында, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде сұранысқа ие кәсіптерге және кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқыту және дағдыларды үйрету, несиелендіру арқылы жаппай кәсіпкерлікке жа…

0
0
370

Биыл Қазақстанда 630 мыңнан астам жұмыс орны құрылады

Бұл туралы, бүгін Шымкент қаласында өткен «Еңбек нарығының мобильділігін арттыру» өңіраралық бизнес-форумы барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады. Шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, ОҚО қалалары мен аудандарының әкімдері, жоғарыда келтірілген өңірлердегі жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының басшылары, жұмыс берушілер және тағы басқа да тараптар қатысты. Форум жұмысын ашқан министр, Елбасы халықты жұмыспен қамту саласында жаңа жұмыс орындарын құруды басым бағыт ретінде айқындағанын атап өтті. Осыған байланысты, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, е…

0
0
240