Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Алматыда Қазақстан урологтарының V съезі өтуде

Бүгін Алматыда «Урологиядағы кіші инвазивті технологиялар» тақырыбында жұмысын бастаған Қазақстан урологтарының V съезі 13 маусымға дейін жалғасады. Сол күні ТМД елдері урологтарының І құрылтайшы съезі өтеді. Съезд аясында 10-11 маусымда Ресей, Франция, Грузия және Өзбекстаннан келген атақты хирург-ғалымдар Б.У.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында эндоскопиялық және лапароскопиялық урология бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Шеберлік сабақтарына қатыспайтын съездің өзге қатысушылары бейне көрсетілім арқылы операцияның өткізілу барысын қадағалайды. «Урологиядағы кіші инвазивті технологиялар» атты бағдарламалық баяндамасында «Б.У.Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Мырзакәрім Алшынбаев отандық урологиядағы инновациялық диагностика және емдеу техн…

0
0
204

Оралда дәрігерлер Қазақстандағы генетикалық скринингтің нәтижелері мен перспективаларын талқылады

2015 жылғы 4-5 маусымда Оралда «Қазақстан Республикасындағы генетикалық скринингтің нәтижелері мен перспективалары» тақырыбында өңіраралық ғылыми-тәжирибелік конференция өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен жетекші генетик-дәрігерлер, акушер-гинекологтар, неонатологтар, ультра-дыбыстық диагностика дәрігерлері және Ресейден келген пренатальды генетикалық скрининг және туа біткен даму ақауларын нәресте дүниеге келгенге дейін диагностикалау саласының белді мамандары қатысты. Айта кету керек, бүгінгі таңда Қазақстанда медициналық-генетикалық қызмет табысты дамуда. Республикада туа біткен даму ақауларымен дүниеге келу жиілігі төмендеді. Үлкен профилактикалық жұмыстар атқарылуда. Генетикалық ауытқушылықтарды нәресте дүниеге келгенге дейін диагностикалаудың заманауи әдістері енгізілуде. Ген…

0
0
345

Қазақстанда 2015 жылғы І тоқсанда санитарлық авиация 473 ұшырылым жасады

Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылғы І тоқсанда 473 ұшырылым жасады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 82-ге немесе 17% артты. Барлығы 602 медициналық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 445 науқас тасымалданып, 130 кеңес берілді және 27 ота жасалды. Тасымалданған науқастардың 62% облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 38% Астана мен Алматы қалаларында орналасқан республикалық емдеу орталықтарына жеткізілді. 3 науқас шетелдерден елге әкелінді. Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар, ос…

0
0
271

Алыс және жақын шетелдердің жетекші мамандары астаналық дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізді

2015 жылғы 18-31 мамыр аралығында Астананың №1 қалалық ауруханасы базасында Литваның Вильнюс университетінің Сантариш клиникасының мамандары реабилитолог, кинезитерапевт, эрготерапевт, логопед сияқты мамандарға шеберлік сабақтарын өткізді. Іс-шара мақсаты – инсульт және көп жарақат алған науқастарды оңалтуда инновациялық тәсілдер енгізу. Оқу-клиникалық орталық базасында мамырдың 19-21 аралығында Сент-Луис (Миссури, АҚШ) университетінің ортопедиялық хирургия департаментінің профессоры Жолдас Құлжановтың қатысуымен травматолог, жедел жәрдем және қабылдау бөлімдерінің дәрігерлеріне арнап «Тіркес жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетудің заманауи стандарттары» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Оқу барысында астаналық дәрігерлер дәрістер тыңдап, алған білімдерін тәжірибелік сабақтарда бе…

0
0
335

Қазақстанда нашақорлықпен күрес жөнінде айлық басталды

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгін республикада «Сенің өмірің. Сенің қоғамың. Есірткіге орын жоқ!» ұранымен Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне арналған айлық басталды. Айлық барысында Қазақстанның барлық өңірлерінде психоактивті заттарды пайдаланудың профилактикасы жөнінде дөңгелек үстелдер, дебаттар мен пікірталастар ұйымдастырылып, оларға атақты актерлер, спортшылар мен әншілер қатысады. Халық көп жиналатын орындарда танымал адамдар мен ардагерлердің қатысуымен флэш-моб шараларын өткізу жоспарланған. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында, наркодиспансерлерде, жастардың денсаулық мектептерінде және темекі қарсы орталықтарда ашық есік күндері ұйымдастырылып, азаматтарға психологтар, наркологтар және әлеуметтік қ…

0
0
367

Алматыда Қазақстан терапевтерінің IV съезі және кардиологтарының VII конгрессі өз жұмысын бастады

Бүгін Алматыда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының, ҚР Терапевтері мен кардиологтары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Халық денсаулығы – Қазақстанның табысты дамуының кепілі» тақырыбында Қазақстан терапевтерінің IV съезі және кардиологтарының VII конгресі өз жұмысын бастады. Іс-шараға Түркі әлемі кардиологтары қауымдастығының президенті Омер Козан, Ұлыбритания, Италия, Франция, Германия, Жапония, Австрия, Португалия, Сербия, Словакия, Румыния, Болгария, Литва, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші ғалымдары, сондай-ақ, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері, кардиологтар мен терапевтер қатысуда. Маусымның 2-5 аралығында съезд және конгресс аясында терапевтік жә…

0
0
312

Астанада «ESOR Astana Tutorial 2015» ІІ Радиологтардың еуропалық мектебі өз жұмысын бастады

2015 жылғы 1-12 маусым аралығында Радиологтардың еуропалық қоғамының бастамасымен «ESOR Astana Tutorial 2015» ІІ Радиологтардың еуропалық мектебі ұйымдастырылады. Радиологтардың еуропалық мектебінің мақсаты - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның жас радиолог мамандарын радиологиялық диагностиканың халықаралық стандарттарымен жұмыс істеуге үйрету. Екі апта ішінде «ESOR Astana Tutorial 2015» қатысушылары Италия, Грекия, Бельгия, Ресей және Қазақстанның радиология саласының белгілі мамандарының дәрістерін тыңдайды. Дәріскерлердің ішінде Радиологтардың еуропалық қоғамының экс-президенті, профессор Lorenzo Bonomo, Радиологтардың еуропалық мектебінің директоры, профессор Nicholas Gourtsoyiannis және т.б. бар. Ғылыми-техникалық үрдісі барынша жоғары деңгейдегі елдерде…

0
0
325

Біржан Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 394  қаулысымен Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №22-ЖК бұйрығына сәйкес бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі қызметін атқарған Арғындықов Дәулет Рашидұлы «Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Президенті болып тағайындалды.

0
0
427

Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды

Ағымдағы жылғы 1-10 маусым аралығында ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік өтеді. Аталған іс-шара мақсаты - өткір ішек инфекциясының таралу жолдары, инфекция жұғуының алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, балалар мен жасөспірімдерді жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, тұрғындардың, жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және ата-аналардың денсаулық сақтау және нығайтуда жауапкершілігін арттыру жөнінде халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру. Онкүндік аясында еліміздің барлық өңірлерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында өткір ішек инфекцияларының алдын алу жөнінде терапевтердің, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің, педиатрлар кеңес беретін ашық есік күнд…

0
0
332

Тәуелсіздіктің 24 жылы ішінде 1 млн. жуық этникалық қазақ тарихи Отанына оралды

1991 жылдан бері 259 539 отбасы немесе 953 908 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл елдегі тұрғындардың жалпы санының 5,5% құрайды. Оралмандардың көпшілігі - 61,5% Өзбекстаннан, 14,3% - Қытайдан, 9,3% - Моңғолиядан, 6,8% - Түркіменстаннан, 4,6% - Ресейден, 3,5% - өзге елдерден келгендер. Оралмандардың көпшілігі - 21,2% Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% - Алматы облысына, 13% - Маңғыстау облысына, 9,4% - Жамбыл облысына, 40,1% - өзге өңірлерге орналасты. Елге келгендердің жалпы санының 55,6% - еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар, 39,9 % - 18 жасқа дейінгі балалар, 4,5 % - зейнеткерлер құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы оралмандардың көпшілігі (60,8%) жалпы орта білім, 20,5% - арнаулы орта білім, 8,7% - жоғары білім алса, білімі жоқ оралмандар саны - 9,9%. 201…

0
0
444