Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Қазақстанда АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан балалар қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етілген

Қазақстанда, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан балалар қажетті дәрілермен толық қамтамасыз етілген. «СҚ-Фармация» ЖШС-нің сатып алу бойынша тендерлік шараларының қорытындылары шыққанға дейін медициналық ұйымдарды АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан балаларды емдеуде қолданылатын «Алувия» препаратымен қамтамасыз ету республика өңірлері арасында қайта бөлу аясында толық көлемде іске асырылады. Айта кететін жайт, Қазақстанда АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын балалар тек түпнұсқалық дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі. АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан науқастарды емдеу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бекіткен хаттамалар негізінде жүзеге асырылады. Антиретровирустық препараттарды медициналық ұйымдар ұсынған қажеттілік негізінде бекітілген бағалар бойынша орталықтанды…

0
0
409

Астанада сәулелік терапия бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты, Varian Medical Systems және Medpark B.V бірлесіп ұйымдастырған «Жоғары технологиялық сәулелік терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында екі күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Іс-шараға еліміздің барлық бейінді емдеу мекемелерінен сәулелік терапия саласының мамандары қатысуда. Конференция барысында АҚШ, Швейцария, Латвияның жоғары білікті сарапшылары баяндама жасайды. Сондай-ақ, жұмыс қондырғыларында дозиметриялық жоспарлау бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылып, түрлі оқшауларда орналасқан ісіктерді сәулелендіруді жоспарлаудың бірнеше клиникалық амалдары қарастырылады. Конференцияға шақырылған дәріскерлер жергілікті мамандар…

0
0
358

Өскеменде есірткі тұтынушыларды емдеуді қолдау мәселелері талқыланды

Бүгін Өскеменде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және БҰҰ-ның Нашақорлық және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен «Аман-саулық» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында есірткінің орнын басу терапиясын дамыту перспективалары» тақырыбында қоғамдық тыңдау болып өтті. Іс-шараға денсаулық сақтау басқармаларының, облыстық ЖИТС орталықтарының, наркологиялық диспансерлердің, құқық қорғау органдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, есірткіге тәуелді науқастар және олардың туыстары қатысты. Қоғамдық тыңдауға қатысушылар орнын басу терапиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ, оны Қазақстанда дамыту перспективалары жөнінде талқылады. Есірткінің орнын басу терапиясы – тәуекел топтар…

0
0
245

6 мыңнан астам ауыл тұрғындары әлеуметтік төлемдер тағайындау жөнінде кеңес алды

2015 жылғы 16 наурыз бен 25 мамыр аралығында еліміздің шалғай елді мекендерінде тұратын 6160 азамат арнайы жұмылдыру топтарының құрамында ауылдарға барған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөнінде кеңестер алды. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін аталған ұйымдардың 830 қызметкері жұмылдырылды. Атқарылған жұмыс қорытындысында жүгінген 6160 азаматтың 3747-сі түрлі әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу бойынша кеңес алды, 1471 адамнан деректемелерді өзгерту жөнінде өтініштер қабылданды, 942 ауыл тұрғыны зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарын тапсырды. Ағымдағы жылғы 16 наурыз бен 25 мамыр аралығында жұмылдыру топтары еліміздің барлық өңірлерінде 866 ш…

0
0
258

Қазақстанда әйелдер обырдан емделгеннен кейін де дүниеге бала әкеле алады

Репродуктивтік медицина институтында обырға шалдыққан 3 әйелге репродуктивтік денсаулығын қалпына келтіру оталары сәтті жасалды. Емдеу шаралары біткеннен кейін олар балалы бола алады. Онкологиялық науқастардың аналық безі тіндерін криоконсервациялау оталарының өзектілігі сонда, соңғы жылдары репродуктивтік функцияларын табысты іске асыра алмаған жас әйелдерде қатерлі ісік ауруларын анықтау жағдайлары арту түсуде. Обырды емдеуде қолданылатын химиотерапия, сәулелік терапия сияқты әдістер гонадотоксикалық әсер етеді. Әйелдер бала көтере алмай, бедеулік пайда болады. Инновациялық әдістерді ендіру үшін Репродуктивтік медицина институтына Жапонияның университеттік клиникасынан мамандар шақырылды. Аналық безі тінінен лапароскопиялық алу және криоконсервациялау шараларын жапондық профессорлар қаз…

0
0
365

Азаматтық кодекске енгізілген толықтырулар еңбекке жарамдылығын жоғалтқаны үшін өтемақы 2015 жылғы 10 мамырға дейін тағайындалған қазақстандықтарға таралмайды

Өндірісте еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан қазақстандықтар өтемақыны зейнеткерлік жасына дейін ғана алатыны көрсетілген ҚР Азаматтық кодексінің 944 бабының 1 тарауы өтемақысы 2015 жылғы 10 мамырға дейін, яғни «Сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы күшіне енгенге дейін тағайындалған қазақстандықтарға таралмайды. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 37 бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілер олар күшіне енгенге дейін туындаған қатынастарға таралмайды. ҚР Азаматтық кодексінің 4 бабында азаматтық заңнама актілерінің кері күші болмайтыны және олар күшіне енгеннен кейін ғана туындаған қатынастарға таралатыны көрсетілген. Осыған орай, «Сақтандыру және исла…

0
0
356

Емдеу ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтарға биыл жыл басынан бері 30,5 млрд. теңгеге дәрі-дәрмек берілді

2015 жылғы 1 қаңтардан бері медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар 30,5 млрд. теңгеге дәрі-дәрмек алды. Жалпы 2015 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық науқастарды дәрімен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 34 млрд. теңге, ал республикалық бюджеттен 50 млрд. теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Республиканың барлық өңірлерінде дәрілік қамтамасыз етудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл дәрігерлердің рецепт жазуын, науқастардың мемлекет кепілдік берген препараттарды нақты алуын тікелей бақылап отыруға мүмкіндік береді. Дәрілік заттар фармацевтикалық қызметтер ұсынатын дәріханалық ұйымдар арқылы жіберіледі. Еске сала кетейік, амбулаториялық науқастарды дәрімен қамтамасыз ету тегін медициналық көмекті…

0
0
287

Қазақстан өкілі ДДҰ Атқарушы комитетінің мүшесі боп сайланды

Бүгін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясының 68-ші сессиясында Құлжанов Мақсұт 2015 жылғы мамырдан 2018 жылғы мамырға дейінгі кезеңге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Атқарушы комитетінің мүшесі боп сайланды. Атқарушы комитеті ДДҰ-ның басқарушы органы боп табылады. Комитет отырыстарында әлемнің денсаулық сақтау саласының дамуына әсер ететін маңызды шешімдер қабыданады. ДДҰ Атқарушы комитеті ұйымның даму стратегиясын анықтап, ДДҰ Штаб-пәтерінің және алты өңірлік кеңсесінің қаржы, маман және техникалық саясатын басқарады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясының басшылығы Қазақстан ДДҰ Атқарушы комитетінің жұмысына лайықты үлес қосатынын мәлімдеді. Мақсұт Құлжанов – Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің негізін қалаушы. Мұндай ұйым Орталық Азия өңірінде ған…

0
0
308

ҚР ДСӘДМ мен «Джонсон&Джонсон» ЖШҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен «Джонсон&Джонсон» жауапкершілігі шектеулі қоғамының ТМД елдері бойынша директоры Алексей Кузнецов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумның басты мақсаты Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған тараптардың өзара ынтымақтастығы боп табылады. ҚР ДСӘДМ мен «Джонсон&Джонсон» ЖШҚ арасындағы ынтымақтастық келесі бағыттарды қарастырады: - әлеуметтік маңызды аурулардың қазіргі заманғы терапиясы мәселелерінде денсаулық сақтау мамандарының білім деңгейін арттыру мақсатында ғылыми-білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; - әлеуметтік маңызды аурулардың қазіргі заманғы диагностикасы мен терапиясын Қазақстан Республикасында клиникалық тәжірибеге енгізу үшін ұсыныстар әзірлеу;…

0
0
428

Министр Тамара Дүйсенова Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мерекелік іс-шараларға қатысу үшін Қарағандыдан Астанаға келген 19 ардагерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. Министр ардагерлерге ел басына күн туған қиын-қыстау жылдары көрсеткен ерліктері мен шыдамдылықтары үшін алғысын білдірді. «Сіздердің қан майданда көрсеткен ерліктеріңіз бен тылда аянбай еткен еңбектеріңіздің арқасында Жеңіске жеттік. Соғыстан кейінгі жылдары да елімізді қалпына келтіруге және дамытуға зор үлес қостыңыздар. Жастардың тәрбиесіне көңіл бөліп, оларға еңбектегі және өмірдегі мол тәжірибелеріңізді бердіңіздер»,-деді Тамара Дүйсенова Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтау салтанатында. Кездесу қорытындысында Министр ардагерлерге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеп, естелік сыйлық…

0
0
330