Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Қазақстанда онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасы жасалады

Гюстава Русси клиникасы онкологиялық кампусының Бас директоры Александр Эггермонт (Франция) пен Берлиндегі университет жанындағы «Шаритэ» медициналық комплексінің профессоры Гюнтер Хенце отандық мамандарға Қазақстандағы онкологиялық қызметті дамытудың Жол картасын жасауға көмектеседі. Аталмыш келісім ҚР ДСӘДМ-де өткен жұмыс барысындағы кездесулерде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен белгілі профессорлар арасында жасалды. Александр Эггермонтпен болған кездесуде ҚР ДСӘМ Ұлттық ғылыми-медициналық орталық базасында сүйек кемігін трансплантациялау бөлімін ашу, сонымен қатар, пациенттердің ауруын жеңілдету бағдарламалары, химиотерапияны дайындау мен өткізу, химиотерапияға арналған препараттарды жасаудың орталықтандырылған жүйесін енгізу мәселелері талқыланды.…

0
0
275

Қазақстанда оқушылар арасында «Денсаулық сабағы» апталығы өтуде

Ағымдағы жылдың 1-7 қыркүйегі аралығында Қазақстанда «Менің құнды байлығым – отбасым» ұранымен «Денсаулық сабағы» апталығы өтіп жатыр. Оның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. «Денсаулық сабағы» апталығының аясында республиканың барлық аймақтарында алғашқы медико-санитарлық ұйымдарында ашық есік күндері өткізілуде. Онда оқушыларға кеңес беру мақсатында арнаулы дәрігерлердің, мұғалімдердің, психологтардың, 7-11 сынып оқушыларының, сонымен қатар ата-аналардың және оқушылардың денсаулығын нығайту бойынша медицина қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек столдар мен оқыту семинарлары; қауіптің мінез-құлық факторларын алдын алу, тиімді тамақтану, физикалық белсенділікті насихаттау, репродуктивті тамақтану, отбасын жоспарлау, түсіктің а…

0
0
909

Астанада азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру саласында АКТ технологияларын қолдану мәселелері талқылануда

Бүгін Тәуелсіздік сарайында (Астана қ.) «Әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаттарына жетудегі АКТ саласының стандарттары мен бірыңғай шешімдерін қабылдау жолдары» атты ХӘҚҚ-ның ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы Халықаралық XIV конференциясы өз жұмысын бастады. Шараны Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (әрі қарай - ХӘҚҚ) ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және ҚР Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Конференцияға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, ХӘҚҚ Президенті Эррол Франк Стуве, ХӘҚҚ Бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов, Дүниежүзілік банктің бас экономисі Алексей Случин…

0
0
462

Жаңа Еңбек кодексінің жобасы еңбек қатынастары барлық тараптарының мүдделер тепе-теңдігін қамтамасыз етеді

Бұл туралы ҚР ДСӘДМ-де өткен ҚР жаңа Еңбек кодексінің негізгі нормаларын түсіндіруге арналған брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Ол Еңбек кодексінің жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалғанын атап айтты (83 қадам). Жаңа Еңбек кодексін дайындауға бизнес қауымдастықтардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, республикалық және салалық кәсіподақтардың, еңбек заңы саласы ғалымдарының, Халықаралық еңбек ұйымы өкілдерінің және Дүниежүзілік банктің мүдделерін қорғайтын сарапшылар қатысты. Жұмыс тобының 20-дан астам отырысы өткізілді. «Жаңа Еңбек кодексінің тұжырымдамалық моделі тараптардың мүдделер тепе-теңдігін сақтай отыры…

0
0
809

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар сапалы дәрілік заттарды төмен бағамен сатып ала алады

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразия Экономикалық Одақ елдері үшін (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) дәрілік заттардың ортақ нарығы өз жұмысын бастайды. ЕАЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын «алтын стандарт») сай келетін медициналық препараттар таратылады. Бұл қазақстандықтар үшін ЕАЭО елдері өндірушілері арасындағы бәсекелестіктің есебінен тиімді дәрілік заттарды төмен бағамен алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер Еуразия Экономикалық Одақ аумағында Еуропалық Одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу тәртіптерінен өткеннен кейін еркін айналымда болады. Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медициналық қолданылуларды таңбалау, айналым…

0
0
278

Астанада Қазақстан үшін бірегей жаңа медициналық ұйымның жобасы ұсынылды

Бүгін Астанада «Қазақстанның денсаулық сақтау саласына мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті енгізу» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және МЖС жобаларын үйлестіру орталығымен бірлесе ұйымдастырған, Қызылорда облысы әкімдігінің, «Бәйтерек» АҚ және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және Қазақстанның МЖС орталығының қолдауымен денсаулық сақтау саласындағы Алматы қаласы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы 300 орынға арналған көп салалы және Қызылорда қаласындағы аурухананың құрылысы мен эксплуатациясы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің пилоттық жобалары алғаш рет ұсынылды. Шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Александр Цой, K…

0
0
386

2015 жылы 30 мыңнан астам жұмыскерлердің еңбек құқығы қорғалды

Жыл басынан бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбекақы қарызы бар кәсіпорын басшыларына 1098 орындау туралы міндетті нұсқама беріп, 92,5 млн. теңгеден астам сомаға 1008 әкімшілік айыппұл салды. Қолданылған шаралар нәтижесінде еңбекақы қарызының көрсеткіші төмендеді. 30,4 мыңға жуық жұмыскерлердің құқығы қорғалып, оларға 3,7 млрд. теңгеден астам қаржы төленді. Жалпы алғанда, мемлекеттік еңбек инспекторлары бір жылдың ішінде 902 кәсіпорынның 31,4 мың жұмыскерлеріне 4 млрд. 86 млн теңге көлемінде еңбекақы қарызы бар екенін анықтады. Аймақтық дағдарысқа қарсы штабтың 21 тамыздағы мәліметіне сәйкес, республикада 17 жұмыс берушінің 847 жұмыскерге жалпы сомасы 222,9 млн. теңгені құрайтын 3 ай мерзімге кешіктірілген еңбекақы қарызы сақталған. ҚР ДСӘДМ мамандары жергілікті атқарушы органдарме…

0
0
415

Аймақтық жұмыспен қамту кешенді бағдарламаларының көмегімен 234 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

Аймақтық жұмыспен қамту кешенді бағдарламаларына жүргізілген мониторингтің 2015 жылдың 1 тамызындағы мәліметіне сәйкес белсенді жұмыспен қамту шаралары 250 мың адамды қамтыды. Бұл жоспарланған жылдық көрсеткіштің 78%-ын құрайды. Көмекке жүгінгендердің 234 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобаларға 25 мың 825 адам жұмысқа орналастырылды. 14 мың 162 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 11 мың 324 адам жастар практикасы аясында жұмысқа тұрды. 121 мың 584 қазақстандық мемлекеттік қолдау шараларының көмегінсіз жұмыс тапты. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтудың тиімді түрлерінің бірі – қоғамдық жұмыстарға бағыттау болып табылады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, аталмыш бағытқа 61 мыңға жуық азамат қатысқан. Ағымд…

0
0
342

2015 жылы бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан 1,5 мың азамат жұмысқа орналастырылды

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ол мемлекеттің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес құрамына бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан және анықтау қызметінде есепте тұрған азаматтар кіретін тұрғындардың мақсатты топтарын жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ететіндігі туралы мәлімдеді. Олар әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу, кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру және ақысы төленетін әлеуметтік жұмыстарға орналасуға бағыттау барысында басым құқыққа ие. «2015 жылы 891 түрмеден босап шыққан азамат жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде айм…

0
0
344

Қазақстанда жиі қолданылатын дәрілік заттар бағасының өсуі байқалмайды

Қазақстанның барлық аймақтарында ҚР ДСӘДМ мен фармацевтикалық қауымдастық арасында өзара келісілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын ұстап тұру бойынша Меморандум шарттары сақталуда. Ағымдағы жылдың 23 тамызында ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті аймақтық департаменттері мамандарының медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларының бағасын ұстап тұру бойынша жүргізген мониторинг нәтижесінде елімізде аталмыш дәрілер бағасының қымбаттауы анықталған жоқ. Сондай-ақ, тұрғындардан өтініштер мен шағымдар түскен емес. Кәсіпкерлер Меморандум аясында құны бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын қайта бағалауға жол бермеу туралы хабарландырылды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 наурызында ҚР…

0
0
297