«Денсаулық жолы-2015» акциясының аясында жылжымалы медициналық кешендер шалғайдағы ауылдарға баруын жалғастыруда
«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 24 және 27 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешендер (ары қарай ЖМК) Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылына, Қазалы ауданының Водокачка, Жалаңтөс ауылдарына және Шиелі ауданының 4 ауылына, сонымен қатар Жаңақорған ауданының шалғайдағы ауылдарына барады. Кампания құрамына терапевтер, кардиологтар, фтизиаторлар, онкологтар кіретін және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары бар жұмылдыру топтарының қолдауымен ұйымдастырылатын болады. 25-27 тамыз аралығында ЖМК Ақтөбе облысының Айтеке би ауданына барады. Медициналық көмек жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтарға көрсетіледі. 27 тамызда жылжымалы медициналық кешен Шығ…