Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундауға жататын 74%-ден астам жасөспірім вакциналанды
Ағымдағы жылдың 13 қазанында Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясының аясында мақсатты топтың жалпы санынан (316 мың 704 жасөспірім) 15-19 жас аралығындағы 235 мың 164 адам немесе 74,3% жасөспірім вакцинацияланды. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 100%-дық қамтумен аяқталды. Ақмола, Атырау, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында 90%-дан астам адам вакцинацияланды. Өзге 10 аймақта (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы) вакцинамен қамту көрсеткіші 50-ден 80 %-ға дейін құрайды. Иммундау шараларын жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас ар…