Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Казахстанцы, внесшие вклад в повышение производительности труда и конкурентоспособности экономики, будут награждаться орденом «Еңбек Даңқы»

С этого года рабочие и труженики различных отраслей материального производства, внесшие вклад в повышение производительности труда и конкурентоспособности экономики, будут награждаться орденом «Еңбек Даңқы». Об этом сегодня на брифинге в Службе центральных коммуникаций при Президенте РК, посвященном Дню труда, сообщил Вице-министр здравоохранения и социального развития РК Биржан Нурымбетов. Он напомнил, что в 2014 году по поручению Главы государства была учреждена медаль «Еңбек Ардагері», которой награждаются ветераны труда, достигшие пенсионного возраста, имеющие общий стаж работы более 40 лет (в том числе не менее 10 лет в одной отрасли), и показавшие в своей трудовой деятельности наивысшие результаты. 26 сентября 2014 года в ходе прошедшего в г. Астана первого Республиканского форума «…

0
0
346

Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен еңбек өнімділігін арттыруға үлес қосқан қазақстандықтар «Еңбек Даңқы» орденімен марпатталады

Биылғы жылдан бастап экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен еңбек өнімділігін арттыруға үлес қосқан материалдық өндірістің түрлі салаларының еңбеккерлері мен жұмысшылары «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек күніне арналған брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Ол 2014 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен 40 жылдан астам еңбек өтілі бар (оның ішінде белгілі бір саладағы өтілі 10 жылдан кем емес), өзінің еңбек қызметінде өте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, зейнет жасындағы еңбек ардагерлерін марапаттауға арналған «Еңбек Ардагері» төсбелгісінің тағайындалғанын еске салды. 2014 жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласында өткен «Жалпыға Ортақ е…

0
0
638

Медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардың қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған

2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Facebook әлеуметтік желісінде медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардың қайтыс болғаны туралы таратылған ақпарат жалған болып табылады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардың жанама әсеріне тұрақты тұрде мониторинг жүргізіп отырады. 2015 жылғы 25 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардың өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), алклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай шұғыл мәлімет келіп түскен жоқ. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың ақпан айында қалта телефондарына арналған WhatsApp хабарлама алмасу жүйесі арқылы о…

0
0
469

ҚР Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары бірінші және екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заң жобасын мақұлдады. Бұл Заң жобасы Мемлекет басшысы ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 5 мамырындағы кеңейтілген отырысында айқындаған бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленді. Заң жобасының аясында төмендегі мәселелер қарастырылады: 1. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен ша…

0
0
264

Мәжіліс «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында палата депутаттары «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заң жобасын Мемлекет басшысы айқындаған бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 80-қадамын іске асыру шеңберінде әзірледі. Заң жобасын дайындау барысында үздік халықаралық тәжірибе мен әлеуметтік әділеттілік қағидалары қолданылды. Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызметтің 2 түрлі пакеті ұсынылады: Біріншісі – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол Қазақстанның барша азаматтары үшін қо…

0
0
407

Астанада Орталық Азиядағы босқындар ағымы мен оларды қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін Астанада «Орталық Азиядағы еңбек көші-қонының мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлері» тақырыбында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процесі бойынша жоғарғы лауазымды тұлғалардың екінші кездесуі өтті. Жиынның мақсаты – Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны саласындағы жаңа беталыстарды сараптау мен өзара тәжірибе алмасу, қатысушы мемлекеттердің көші-қон заңнамасындағы олқылықтарын анықтау мен ортақ ұсынымдар жасау болып табылады. Кездесу барысында олардың әрі қарай бейімделу құралы ретінде Алматы процесіне қатысушы мемлекеттердің еңбек нарығына босқындардың қолжетімділігі мәселелері қарастырылды. Шараға ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов, БҰҰ-ның Орта Азия бойынша босқындардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқа…

0
0
229

Қазақстандық дәрілік заттардың сараптама орталығы Еуропалық сапаны бақылайтын зертханалардың ресми желісіне кірді

ҚР ДСӘДМ дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығының Сынақ орталығы (әрі қарай - ДҚСҰО) 2019 жылдың наурызына дейін жарамды EDQM/MJA-093 аккредиттеу аттестатын алып, OMCL (GEON) жалпы Еуропалық дәрілік заттардың сапасын бақылау зертханалар ресми желісінің қауымдастырылған мүшесі дәрежесін иеленді. Бұл Сынақ орталығының ISO/IEC 17025 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес екендігін куәландырады. Дәрілік заттар мен денсаулық сақтау еуропалық директораты (әрі қарай - EDQM) – Еуропадағы дәрілік заттардың сапа стандарттарын анықтауға жауапты ресми үкіметаралық орган. Сонымен қатар, ол Еуропалық фармакопеяны (ЕО елдерінде фармацевтикалық өнім шығаруда қолданылатын құжат) шығарушы болып есептеледі. EDQM міндеті – денсаулық сақтау…

0
0
568

Атырау облысында 9,8 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтудың кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында жұмысқа орналасты

Атырау облысында 2015 жылы аймақтық жұмыспен қамтутың кешенді жоспарын жүзеге асыру жұмыстары аясында 9,8 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, бұл жоспарланған жылдық көрсеткіштің 66%-ын құрап отыр. «Нұрлы жол», индустриалды-инновациялық даму, «Агробизнес-2020», «Саламатты Қазақстан», «БДК-2020» мемлекеттік және салалық бағдарламаларының аясында облыстың 931 тұрғыны жұмыспен қамтылды. 2015 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметтерге сәйкес, 1000 адам кадрларды қайта даярлау және кәсіптік оқуға бағытталса, 368 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды, 444 түлек жастар практикасын өтуге ниет білдіріп, 203 адам микронесие алды. Халықты жұмыспен қамтудың тиімді шараларының бірі – қоғамдық жұмыстарға бағыттау. Соңғы деректерге сәйкес, аталмыш шараға облыстың 4,4 мың адамы қатысты. 2 мың…

0
0
297

ҚР Парламенті Алматы қаласындағы ДДҰ–ның МСАК бойынша географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады

Бүгін Парламент Сенатының пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын қабылдады. ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша (ары қарай - МСАК) тұңғыш офисі әлемнің 53 елі кіретін ДДҰ Еуропа аймағы үшін денсаулық сақтау саласының аталған бағытын дамыту бойынша зерттеулер жүргізіп, ұсынымдар жасаумен айналысатын болады. Бұл Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меңгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және МСАК бойынша үздік әлемдік тә…

0
0
259

ҚР Мәжілісі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялады

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау» және «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалардың) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасын мақұлдады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы өз жұмысын бастайды. Сонымен, ЕАЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына (дәрілік заттардың сапасы, қауіпсіздігі мен тиімділігін растайтын «алтын стандарт») сай келетін медициналық дәрілік заттар таратылады. Дәрілік заттар мен медиц…

0
0
298