Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

2015 жылы 6 млн-нан астам жұмыс істейтін қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылды

2015 жылы жұмыспен қамтылған халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту деңгейі 6 млн. 68,3 мың адам болғанын, олар 658,1 млрд. теңге сомасында зейнетақы аударымдарын жасады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5%-ға артық.

БЗЖҚ-дағы жинақталған зейнетақы көлемі 2016 жылғы 1 қаңтарда 5,8 трлн. теңге болды, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28,3%-ға ұлғайды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі екі еседен астам көрсеткішке ұлғайып, 15,6%-ды (2014 г ж. – 6,3%) құрады.

0
0
247

2015 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2015 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1216 кәсіпорнында 42,8 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 5,4 млрд. теңгеден аса қарыз бар екенін анықтады.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1151 ұйғарым беріліп, 108,7 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 4,9 млрд. теңге төленді.

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 11421 тексеру жүргізді. 19 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 429 млн. теңге сомаға айыппұл салынды.

0
0
296

25 жыл ішінде Қазақстанға 957 мың оралман келді

1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды. Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,6% - Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2% - Қытайдан, 9,2% - Моңғолиядан, 6,8% - Түрікменстаннан, 4,6% - Ресейден және 3,6% - өзге елдерден оралған қандастарымыз. Олардың 21,2% - Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% - Алматы облысына, 13% - Маңғыстау облысына, 9,4% - Жамбыл облысына, 40,1% - еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды. Елге оралған қандастарымыздың 55,6% - еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері - 39,9%, зейнеткерлер - 4,5% құрайды. Еңбекке жарамды оралмандардың 8,8%-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,6%-ында о…

0
0
307

Б. Нұрымбетов: «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын азаматтар санатын кеңейтуге мүмкіндік береді

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов жуырда Парламент Сенатында ұсынылған «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасының нормаларын түсіндіруге арналған брифингте мәлімдеді. Ол аталған заң жобасының Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалғанын еске салды. Құжат сапалы еңбек нарығын құруға және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын кеңейтуге бағытталған. Оны әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің тәжірибелері зерделенді. Заң нормаларын түсіндіре келе, Біржан Нұрымбетов азаматтар үшін ең маңызды…

0
0
382

ҚР ДСӘДМ-де Қазақстанда медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жобаны жүзеге асыру Жол картасы жасалды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Ол өз сөзінің басында Қазақстандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (әрі қарай - МӘМС) Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 80 қадамын жүзеге асыру және Денсаулық сақтау саласын дамытудың "Денсаулық" 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында енгізіліп отырғанын еске салды. Президент «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына 2015 жылғы 16 қарашада қол қойды. «Бүгінгі таңда «МӘМС жүйесін енгізу туралы» жобасын жүзеге ас…

0
0
331

Т. Дүйсенова халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша заң жобасын ұсынды

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Парламент Сенатында «Жұмыспен қамту туралы» ҚР Заң жобасын ұсынды. «Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалып, экономиканың тиімділігін арттыру мен құрылымын ұзақ мерзімді өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ететін сапалы еңбек нарығын құруға бағытталған. Оны әзірлеу барысында Халықаралық еңбек ұйымының негізгі қағидалары есепке алынып, сонымен қатар, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің тәжірибелері зерделенді», - деп хабарлады Тамара Дүйсенова. Заң жобасы келесі мәселелерді қарастырады: 1. Еңбек нарығының көрсеткіштерін өлшеудің халықар…

0
0
323

2015 жылы Қазақстанда онкологиялық аурулармен сырқаттанған пациенттерге 13 мыңнан аса жаңа сызықтық үдеткіштің негіізінде сәулелі терапия жүргізілді

2015 жылдың сәуір айынан бастап 191 онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдарға радиациялық онкологияның жоғарғы технологиялы орталықтары құрылған Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОРҒЗИ), Астанадағы онкологиялық диспансердің, Семей қаласындағы аймақтық онкодиспансердің және Ақтөбедегі М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті медициналық орталығының базасында жаңа сызықтық үдеткіштің негізінде сәулелі терапияның 13292 сеансы өткізілді. Аталған орталықтар Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында онкологиялық аурулармен сырқаттанған адамдар үшін емдеудің жоғарғы технологиялық әдістерін қолжетімді ету мақсатында ашылған. Сызықт…

0
0
445

2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты және оның бiр жасқа толғанға дейiнгі күтіміне төленетін жәрдемақыларға 68,2 млрд. теңге бөлінді

2016 жылы республикалық бюджеттен бала тууына байланысты берілетін бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақыға 30,9 млрд. теңге, бала күтімі жөнiндегi, ол бiр жасқа толғанға дейiн төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға 37,3 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бірінші, екінші және үшінші бала туылғанда төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 66 621 теңгені құраса, төртінші және одан көп бала дүниеге келген жағдайда 111 035 теңге төленеді. Бірінші баланың туылуына байланысты төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 12 217 теңгені, екінші балаға – 14 445 теңгені, үшінші балаға – 16 650 теңгені, төрт және одан да көп балаларға берілетін қаржы көлемі 18 877 теңгені құрап отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы жоғарыда аталған жәрдемақыларды төлеу мақсатында республикалық бюдже…

0
0
355

1-10 ақпан аралығында қазақстандықтар онкологиялық аурулардың алдын-алу мақсатында бейінді мамандардың кеңесін тегін ала алады

Бүкіләлемдік обырға қарсы күрес күні шеңберінде 2016 жылғы 1-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Біздің қолымыздан келеді! Менің де қолымнан келеді!» ұранымен онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте кезеңде анықтауға арналған онкүндік өтеді. Шара шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (әрі қарай – МСАК) ұйымдарында және онкологиялық диспансерлерде ашық есік күндері ұйымдастырылады. Азаматтар тегін медициналық тексеруден өтіп, бейінді мамандардың кеңесін ала алады. Онкүндік мақсаты – онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте кезеңде анықтау мәселелерінде тұрғындардың және медициналық қызметкерлердің хабардарлығын арттыру, сондай-ақ, скринингтік тексерулерді уақытылы өтудің қажеттігі жөнінде халықты ақпараттандыру болып табылады. Шара шеңберінде республиканың…

0
0
350

2015 жылы қызметкерлердің есепшоттарына 31,1 млрд. теңгеден астам міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары түсті

2015 жылы 5 мыңнан астам жұмыс беруші 372 889 қызметшіге 31,1 млрд.теңге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударды.

2013 жылғы 31 желтоқсандағы Үкіметтің Қаулысымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен  зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілді.

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілердің есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына  міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді.

0
0
205