Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

«ЖҚЖК 2020» бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде 222 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтылды

2011-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын (әрі қарай – «ЖҚЖК 2020») жүзеге асыру аясында бос орындарға 222,5 мың адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының аясында 34,7 мың қазақстандық кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтіп, өз істерін ұйымдастыру үшін микрокредит алды. Жастар практикасына 80,8 мың, мемлекет субсидиялайтын әлеуметтік жұмыс орындарына 103,1 мың адам жіберіліп, кәсіби оқыту, біліктілікті арттыру мен қайта даярлаудан 122,9 мың азамат өтті. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ҚР ДСӘДМ мамандары Мемлекет басшысының жұмыссыздыққа жол бермеу бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жандандыру жұмыстарын жүргізді. Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында ҚР Үкіметі жұмыс о…

0
0
242

Астанада онкологиялық орталық базасында химиялық препараттарды жасау бойынша бірегей орталық ашылды

Астана қаласының әкімдігі мен Гюстав Русси (Франция) атындағы онкология институты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында астаналық онкоорталық базасында химиялық препараттарды жасау бойынша орталық ашылды. Орталықтың ерекшелігі – онкоауруларды емдеудің халықаралық хаттамаларына сай химиялық препараттардың мөлшерлемесін дәл белгілеу және қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қымбат медициналық препараттарды тиімді қолдану – бюджеттік қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Орталық дәріні тағайындау мен емдеуді бақылауды, сонымен бірге, медикаменттердің зарарсыздығын қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ауыр жағдайларда Франциядағы әріптестермен онлайн режимде телеконсультация өткізу мүмкіндігі де бар. Сонымен қатар, француздық әріптестермен б…

0
0
572

Қазақстан ауруханаларында тұмаудан 115 адам емделді

Жыл басынан бастап республиканың тәулік бойғы стационарларына «Тұмау» диагнозымен 201, ЖРВИ-мен 12 мың 669 адам жатқызылды. 27 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 115, ЖРВИ-дан 8 мың 643 пациент емделді. Қазіргі таңда ауруханаларда «Тұмау» диагнозымен 86 адам емделуде. Сырқаттанған адамдардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылауына алынды. Қазақстанның медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканың 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған. Сонымен бірге, республикан…

0
0
288

Т. Дүйсенова санавиация тікұшағының құлауы салдарынан қайтыс болған адамдардың туған-туыстарына көңіл айтты

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова Алматы облысында санавиация тікұшағының құлауы салдарынан қайтыс болған адамдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. «Санавиация тікұшағының құлауы салдарынан бортында болған 5 адамның: ұшқыш, дәрігер, санавиация фельдшері және 2 айлық сәби мен оның анасының қайтыс болуына байланысты олардың туыстары мен жақындарына өз атымнан және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұжымының атынан көңіл айтамын. Дәрігердің борышы – адамдарға мейірімділік мен ерекше көңіл бөлуді, абзал адамгершілікті, қажет болған жағдайда, өзін-өзі құрбан етуді талап етеді. Дәрігер мамандығы өте күрделі. Олар бар өмірін медицинаға арнай отырып, өзгелердің өмірі үшін жауапкершілікті өз мойындарына алады. Менің әріптестерім кішке…

0
0
333

2016 жылы жаңа бағдарлама бойынша білім алған 144 педиатр оқуын аяқтайды

Биылғы жылдың жаз мезгілінде қазақстандық медициналық ЖОО-ларда жаңа бағдарлама бойынша білім алған педиатрлардың алғашқы толқыны бітіреді. Осылайша, 144 педиатр жұмыс істеуге дайын болады. Бұрындары хабарланғандай, 2007 жылдан бастап Қазақстанда барлық дәрігерлік мамандықтардың, оның ішінде педиатрларды дайындау бойынша жаңа жүйе енгізілген болатын. Жаңа бағдарламаларда 5 жыл ішінде барлық дәрігерлерді жалпы базалық дайындау, сонымен бірге, әрі қарай интернатурада негізгі клиникалық мамандықтар бойынша (терапия, педиатрия, хирургия, акушерлік пен гинекология) бағдарлау және бейінді дәрігерлік мамандықтар, соның ішінде педиатрия бойынша міндетті резидентураны оқыту қарастырылған. Аталған өзгерістер дәрігерлік кадрларды дайындаудың сапасын арттыруға бағытталған. Педиатрларды оқыту туралы а…

0
0
314

Қазақстанның медициналық оқу орындарында жалпы практикалық дәрігерлерді дайындаудағы педиатрия бойынша сағаттар саны ұлғайтылады

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жалпы практикалық дәрігерлердің (әрі қарай - ЖПД) базалық дайындау бағдарламасын қайта қарап, нәтижесінде педиатрия бағытындағы дисциплинаның сағаттар саны 40-50%-ға ұлғайтылды. Өзгертілген білім беру бағдарламалары ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізілмек. Сонымен бірге, ҚР ДСӘДМ-де амбулаторлық-емханалық қызмет дәрігерлерін дайындаудың сапасын арттыру мақсатында жалпы дәрігерлік практикадағы міндетті резидентураны енгізу мәселесі қарастырылуда. ЖПД дайындау стандарттарын өзгерту – медициналық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыруға ықпал ететін болады. Бүгінде Қазақстанда 3,5 мың ЖПД (қайта бағдарланған учаскелік педиатрлар үлесі - 36%, учаскелік терапевтер – 35%) жұмыс істейді. Республикада қазіргі таңда жалпы практикалық дәрігер 2…

0
0
408

Қазақстан емханаларында тұмаудан 23 адам емделді

Жыл басынан бастап республиканың тәулік бойғы стационарларына «Тұмау» диагнозымен 116, ЖРВИ-мен 10 мың 269 адам жатқызылды. 24 қаңтардағы ақпаратқа сәйкес, тұмаудан 23, ЖРВИ-дан 4 мың 246 пациент емделді. Бүгінгі таңда емханаларда «Тұмау» диагнозымен 93 адам ем қабылдауда. Сырқаттанған адамдардың жағдайы тұрақты деп бағаланып, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылауына алынды. Қазақстанның медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканың 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған. Сонымен бірге, республик…

0
0
215

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге азайды

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 2,2 есеге, өлім жағдайы 5 есеге төмендеді. 2015 жылы сырқаттану 11,9%-ға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 58,5-ті құрады (2014 жылы – 66,4), өлім жағдайы 22,4%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 3,8-ді құрады (2014 жылы – 4,9). Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтары туберкулезді, сонымен бірге, оның дәрілерге төзімділігі бар түрлерін диагностикалауға арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Республикада қажетті дәрілік заттардың көлемі жеткілікті дәрежеде. 2015 жылы алғашқы рет сезімтал туберкулезбен сырқаттанған адамдарды емдеу тиімділігі жақсарып, 2014 жылы 86,4% болған көрсеткіш 87,6%-ды құрады (ДДҰ стандарты– 85%). 2015 жылдың нәтижесі бойынша сырқаттанған адамдарды туберкулезге дәрілік төзімділігі көп екінші қ…

0
0
310

ҚР ДСӘДМ тұмаумен сырқаттанған адамдарды емдеуге қажетті барлық шараларды қолдануда

21 қаңтардағы мәліметтерге сәйкес, республика емханаларына «Тұмау» диагнозымен 90 пациент қабылданды. Сырқаттанған адамдардың жағдайы тұрақты деп бағаланды. Сонымен қатар, олар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бақылауында. Бүгінгі таңда Қазақстанның медициналық ұйымдары қажетті дәрі-дәрмектер, жабдықтар, вирусқа қарсы дәрілердің кемімейтін қоры мен залалсыздандыру құралдары, сондай-ақ, жеке қорғану құралдарының (респираторлар, маскалар) артық қорымен қамтамасыз етілген. Республиканың 19 жұқпалы аурулар емханасында ауруларға медициналық көмек көрсету мақсатында 6277 аурухана төсегі қарастырылған. Сонымен бірге, республиканың барлық аймақтарында ЖРВИ мен тұмауды ерте кезеңде анықтау мақсатында аулалық тексерулер ұйымдастырылды. Қазақстанда аурудың алдын алу мақсатында…

0
0
210

Қазақстанда 2015 жылы санвиация 2,1 мыңнан астам ұшырылым жасады

Медициналық қызмет көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылы 2149 ұшырылым жасады. 2014 жылмен салыстырғанда ұшырылымдар саны 274-ке немесе 13%-дан астам көрсеткішке артты. Санавиация мамандары өткен жылдың 12 айында 2704 медициналық қызмет көрсетті. Оның ішінде 2098 науқас тасымалданып, 463-іне кеңес берілді және 143 ота жасалды. Сонымен қатар, 16 донорлық ағза тасымалданып, 1 биоматериал жеткізілді. Аталған мерзім ішінде шетелдік емханалар мен медициналық ұйымдардағы ҚР азаматтары-пациенттерін Астана және Алматы қалаларына емдеу шараларын жалғастыру үшін 10 ұшырылым жасалып, тасымалданды. Бангкоктан (Тайланд) және Сеулден (Оңтүстік Корея) – 2 ұшырылымнан, Пекиннен (Қытай), Омск, Екатеринбург қалаларынан (РФ), Кельннен (Германия), Киевтен (Украина), Бали арал…

0
0
291