Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Қазақстанда 5 жылда санавиация 8,6 мыңнан астам ұшырылым жасады

Қазақстанда санитариялық авиация қызметі құрылғаннан бастап (бірінші ұшырылым 2011 жылғы 12 шілдеде жасалған) 8643 ұшырылым жасалған: 2011жылы – 323, 2012 жылы – 1005, 2013 жылы – 1355, 2014 жылы – 1875, 2015 жылы – 2149, 2016 жылғы 10 айға – 1936 ұшырылым. Жоғарыда көрсетілген уақыт ішінде санитариялық авиация мамандарымен барлығы 10938 медициналық қызмет көрсетілген, оның ішінде 7850 науқас тасымалданып, 2434 - іне кеңес берілді және 654 ота жасалды. Нақты сол жерде көрсетілген көмек барлық медициналық қызметтің 28 % -ын құрайды. Сондай ақ, Астана қаласынан 2721 ұшырылым, Алматы қаласынан – 582, өңірлерде – 5301 ұшырылым, өңіраралық – 39 ұшырылым жасалған. Санитариялық авиация шақыртуларының ішінде бірінші орынды балалар жасындағы патология алады 22%; екінші орында - жарақаттанушылық, қ…

0
0
370

Қазақстанда Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтуде

Бүгін Қазақстанның барлық өңірлерінде Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтуде. Іс-шараның мақсаты – осы ауру және оны алдын алу туралы халықтың хабардарлығын арттыру. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАҚ) ұйымдарында эндокринолог, терапевт, педиатр, офтальмолог және басқа мамандарды тартумен ашық есік күндері өтеді. Ниет білдірушілер қандағы глюкоза деңгейін, қант диабетіне шалдыққан пациенттердің гликирленген гемоглобиның, бойын және дене салмағын, артериалды қан қысымы деңгейін анықтау үшін зертханалық диагностикадан өте алады. Диабет мектептерінде дұрыс тамақтану, қантты төмендететін дәрілік заттарды қолдану, липидтік алмасуды және артериалды қан қысымын нормаға келтіру бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Денсаулық мектептерінде мінез-құлық факторларының қауіп-қатері…

0
0
414

ҚР ДСӘДМ алматылық ғалымдардың әзірлеген инновациялық препараттарын тіркемейтіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары әзірлеген онкологиялық ауруларға қарсы инновациялық препараттарды тіркемейтіні туралы БАҚ жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық дәрілік заттар тіркеу рәсіміне дейін міндетті түрде клиникаға дейінгі зерттеулерден (зертханаларда) және клиникалық зерттеудің үш фазасынан (денсаулық сақтау ұйымдарында) өтуі тиіс. Қазақстанның аумағында зерттеу жүргізу үшін ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің рұқсат алу қажет. Дәрілік заттың сапасын, тиімділігін және қауіпсіздігін дәлелдейтін оң қорытындылар алынғаннан кейін, ол міндетті түрде ҚР ДСӘДМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлтт…

0
0
344

Биыл Маңғыстау облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 429 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Маңғыстау облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 185 инфрақұрылымдық нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жөнделетін ғимараттардың 57 – білім беру, 16 – мәдениет, 4 – денсаулық сақтау, 22 – транспорттық инфрақұрылым, 1 – әлеуметтік қорғау, 3 – спорт, 19 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым, 63 – абаттандыру нысаны болып табылады. Бүгінгі күні 184 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 946 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 686 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар. 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының б…

0
0
298

Қазақстанда шылым шегуден бас тарту онкүндігі басталды

2016 жылғы 14 және 23 қараша аралығында Қазақстанның барлық өңірлерінде Шылым шегуден бас тарту халықаралық күніне арналған онкүндік өтеді. Оның мақсаты – халықтың темекі бұйымдарының ағзаға әсері туралы хабардарлығын арттыру, шылым шегудің таратылуын азайту, дәрігерлер мен тұрғындардың шылым тәуелділігіне қарсы күрес белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Онкүндік шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында (бұдан әрі - МСАҚ) медициналық және әлеуметтік қызметкерлер, психологтар үшін халыққа профилактикалық көмек көрсету мәселелері бойынша семинар – тренингтер өткізу; темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартқысы келетін тұлғаларға қолдау көрсету мақсатында МСАҚ, темекіге қарсы орталықтар/кабинеттер және жастар денсаулық орталықтары мамадарының кеңестер…

0
0
502

Медициналық мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және техникамен жабдықтау саласындағы әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды

Бүгін 13-ші Қазақстандық халықаралық «AstanaZdorovie - 2016» көрмесі және «Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы. Заманауи беталыстар» тақырыбында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «СК-Фармация» ЖШС мен «ҚазМедТех» АҚ бірлесіп ұйымдастырған халықаралық конференция шеңберінде шетелдік компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, отандық және шетелдік фармацевтикалық өндірушілер қауымдастықтарының өкілдері қатысты. Конференцияны ашқан Тамара Дүйсенова тәуелсіздік жылдары Қазақстанда өзіндік фармацевтикалық нарық қалыптасқанын атап өтті. «Қазіргі уақытта отандық фармацевтикалық нарығы кеңес…

0
0
916

«СК-Фармация» ЖШС Ситуациялық-талдау орталығын іске қосты

Бүгін «СК-Фармация» ЖШС-ның базасында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен Бірыңғай дистрибьютордың ситуациялық-талдау орталығы іске қосылды. Іс-шараға Қазақстанның денсаулық сақтау және фармацевтикалық салаларының ардагерлері, ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Ситуациялық-талдау орталығының негізгі функциялары – медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарына дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және жеткізу жөнінде ақпарат жинау және талдау. Ситуациялық-талдау орталығында дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы ақпараттың топтасуы нақты…

0
0
388

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын азаматтардың 88% астамы егілді

Қазақстанда ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдайға сәйкес тұмауға қарсы 1 млн. 281 мың 784 адам егілді. Бұл егілуге жататын азаматтардың жалпы санының 88,1% құрайды, оның ішінде 148 мың 14 медициналық қызметкер, 65 мың 262 жүкті әйел, созылмалы аурулары бар, соның ішінде  мектеп оқушылары 455 мың 224 бала, 51 мың 993 мектеп, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, 55 мың 52 қарт адамдар, 506 мың 239 жүмыс ұжымының өкілдері бар.

Аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мамандары өткізетін аулаларды тексеру шараларының барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, егілген адамдардың арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды.

0
0
248

Қазақстанда Эссенциале Форте Н бос капсуладағы дәрілік заты туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Германиядағы Sanofi компаниясында жасалатын Эссенциале Форте Н препаратының бос капсулада өткізілуі туралы әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Капсулада ұнтақталған зат бар деп ойлайтын тұтынушылар қателеседі. Нұсқауда көрсетілген препараттың сипаттамасына сәйкес, капсулада паста тәріздес қоспа болады. Дәрілік затты көру үшін капсуланы ашып, оның сыртқы қаптамасын сығу керек. Аталған дәрілік зат Қазақстанда тіркеліп, медициналық қолдануға рұқсат берілген. Орталық Азия және Кавказ аймағындағы Sanofi компаниясының қауіпсіздік жөніндегі директоры Денис Астанинның айтуынша, Қазақстанда аталған препараттың жалған түрін қолданудың бірде бір жағдайы тіркелмеген. «Әлеуметтік желілердегі шындыққа жанаспайтын бейнежазбалардың пайда болу себебі – халықтың…

0
0
220

Шымкентте ана мен баланы қорғау мәселелері талқыланды

Бүгін Шымкентте ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ мен Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік сақтандыру: ана мен баланы қолдау» тақырыбында Республикалық семинар өтті. Шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары қатысты. Семинардың мақсаты – отбасылық және демографиялық саясат саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, ана мен баланы қолдаудағы үздік тәжірибені зерделеу, сонымен бірге, отбасы институтын нығайту мен туу, өмір сүру ұзақтығы және халықтың көші-қон саласындағы тұрақты әрі жағымды динамикасын сақтау. Семинарда сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуме…

0
0
240