Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналауға жататын 53,8% тұрғын егілді

Қазақстанда ағымдағы жылғы 19 қазандағы жағдайға сәйкес тұмауға қарсы 782 мың 957 адам егілді. Бұл вакциналауға жататын азаматтардың жалпы санының 53,8% құрайды, оның ішінде 117 мың 410 медициналық қызметкерлер, 40 мың 321 жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар 206 мың 313 бала, 85 мың 118 мектеп оқушылары, 25 мың 197 мектеп, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, 45 мың 959 қарт адамдар, 262 мың 639 жұмыс ұжымының өкілдері бар.

Аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мамандары өткізетін аулаларды тексеру шараларының барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, вакциналанған адамдардың арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды.

0
0
337

Биыл Қарағанды облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы аясында 481 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 7 млрд. теңге, оның ішінде ҚР Үкіметінің арнайы қорынан 1,9 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 481 жобаны жөндеу жоспарлануда, оның ішінде 465 – инфрақұрылымдық жобалар, 16 – дәрігерлік амбулаторияның құрылысы. Жөнделетін ғимараттардың 159 – білім беру, 103 – мәдениет, 22 – денсаулық сақтау, 56 – транспорттық инфрақұрылым, 8 – әлеуметтік қорғау, 9 – спорт, 108 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым нысаны және 16 – дәрігерлік амбулаторияның құрылысы болып табылады. Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 4948 жұмыс орнын құр…

0
0
304

ҚР ДСӘДМ кейбір функциялары бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі клиникалық хаттамаларды және стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ оларды жалпы медициналық практикаға енгізу бойынша функциялары кезең-кезеңмен бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беріледі. Бұл туралы бүгін Қазақстанда кәсіби медициналық қауымдастықтарды дамыту мәселері бойынша селекторлық тәртіпте өткен дөңгелек стол отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Ол халықты қанағаттандыратын бәсекеге қабылетті және тиімді денсаулық сақтау жүйесін құру үшін ҚР ДСӘДМ денсаулық сақтау саласындағы кейбір мәселелерді бірлесіп шешуге кәсіби медициналық қауымдастықтарды тартатынын атап өтті. Елжан Біртанов ә…

0
0
382

Ақтөбе облысының 8,6 мыңнан астам тұрғыны «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында медициналық тексеруден өтті

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында «Әлеуметтік проблемаларды шешу» Республикалық акциясының аясында Ақтөбе облысы Алға, Қандыағаш, Шалқар аудандарының тұрғындарына 8,6 мыңнан астам медициналық тексеру жасалып, оның ішінде 3312 адам Астана және Алматы қалаларының ғылыми орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттары мамандарының кеңесін алды. Медициналық тексеру нәтижесі бойынша 117 пациент (24 бала) мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін республикалық орталықтарға жіберілді. «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма басшысы, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс бас нейрохирургі Серік Ақшолақов Шалқар ауданының инсульт және ауыр түрдегі бас сүйек-ми жабық жарақатын алған адамдарға кеңес беріп, оның ішінде 3 азаматты Астанадағы «Ұлттық нейрохирургия орталығын…

0
0
274

Биыл Қостанай облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 429 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 5,2 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 429 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда. Жөнделетін ғимараттардың 139 – білім беру, 30 – мәдениет, 1 – денсаулық сақтау және 130 – транспорттық инфрақұрылым, 6 – әлеуметтік қорғау, 18 – спорт, 3 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым, 102 – абаттандыру нысаны болып табылады. Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 4877 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 2583 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады. Бүгінгі күні 368 жобаның іске асырылуы басталды,…

0
0
240

Қазақстанда тұңғыш рет психикалық денсаулық күні аталып өтуде

Бүгін Қазақстанда тұңғыш рет «Өмір – менің ең қымбат құндылығым!» ұранымен Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күіне аталып өтуде. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (әрі қарай - МСАК) ұйымдарында халық арасында психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы туралы ақпаратты тарату, психиканың бұзылу жағдайларының орын алуын азайту мақсатында психологтардың, учаскелік дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің тегін консультациялары ұйымдастырылатын болады. Сонымен бірге, МСАК ұйымдарында суицид жасауға әрекеттенген балалардың ата-аналарымен әңгімелесу жоспарланып отыр. Денсаулық бейінді мектептерінде психикалық денсаулықты қорғау, отбасында жағымды психологиялық климатты құру туралы сабақтар өткізіліп, сондай-ақ, психикалық денсаулықтың бұзылуын ерте диагностикалау мен оның алды…

0
0
771

Алматыда ТМД елдерінің педиатрлары Қазақстандағы балалардың денсаулығын қорғауды жетілдіру мәселелерін талқылауда

Бүгін Алматыда аймақтардағы педиатрлардың, ҚР ДСӘДМ штаттан тыс қызметкерлерінің, Қазақстан, Ресей және өзге де ТМД елдерінің әртүрлі салаларындағы жетекші мамандардың қатысуымен ҚР Балалар дәрігерлерінің VIII съезі басталды. Шараны ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен Қазақстан педиатрларының одағы ұйымдастырып отыр. Форум қатысушыларының алдында сөз сөйлеген ҚР ДСӘДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті басшысының орынбасары Роза Қуанышбекова Съезд өткізілгеннен бері 4 жылда Қазақстанда балалардың денсаулығын қорғау деңгейін арттыру бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін атап айтты. Диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялы, заманауи тәсілдері енгізіліп, педиатрлық және т.б. бағы…

0
0
242

Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында менингококк инфекциясымен сырқаттану 1,7 есеге азайды

Қазақстанда соңғы 25 жылда менингококк инфекциясымен сырқаттану көрсеткіші 1991 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 743 жағдайдан (оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 611 жағдай) 2015 жылғы 424 жағдайға дейін (балалар арасында 273 жағдай) 1,75 есеге азайды. Менингококк инфекциясы – клиникалық белгілері аурудың жеңіл түрі назофарингиттен бастап, менингит және сепсис түріндегі ауыр формаларында кездесетін жіті жұқпалы ауру. Менингококк инфекциясы көп жағдайда өлімге әкелуімен, қоршаған ортаға қарқынды әрі жылдам түрде таралуымен, ауыр асқынуларымен аса қауіпті. Инфекцияны сырқаттанған адам мен менигококк тасымалдаушы таратады. Ауа тамшылары арқылы жұғады. Инкубациялық кезең 2 күннен 20 күнге дейін созылады, көбінесе 2-4 күн. Сырқаттанудың 3 негізгітүрі бар: жіті назофарингит; менингок…

0
0
230

ҚР ДСӘДМ Ақтөбе облысы тұрғындарын «Өрлеу» жобасына тарту үшін белсенді шаралар қолданбақ

Алдағы айларда ҚР ДСӘДМ мамандары кірістері ең төмен айлық көрсеткіштен аз Ақтөбе облысының тұрғындарын «Өрлеу» жобасына тарту және жастарды жұмыспен қамтмасыз ету үшін кең көлемді жұмыстар жүргізеді. Бұл жөнінде бүгін Ақтөбе қаласында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Ол 2014 жылдан бастап Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында аз қамтылған азаматтар үшін шартталған ақша қаражатын енгізу бойынша пилоттық «Өрлеу» жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті. Жоба атаулы қолдаудың шартсыз формасынан «өзара міндеттемелер» (әлеуметтік контракт жүйесі) принциптеріне өтуін қарастырады. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап осындай өңірлік пилоттық жобалар жергілікті бюджет есебінен 38 аудан мен қалаларда іске асырыла бастады. «Жобан…

0
0
446

Т. Дүйсенова медициналық сақтандыруды түсіндіру бойынша аймақтық штаб мүшелерімен қорытынды семинар өткізді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (әрі қарай – МӘМС) енгізу мәселелері бойынша аймақтық штаб мүшелері үшін қорытынды семинар өткізді. Селекторлық тәртіпте ҚР ДСӘДМ басшысы Жамбыл, Ақмола облыстарының, Астана және Алматы қалаларының өкілдерінің сұрақтарына толыққанды түсініктеме берді. Өз сөзінде Тамара Дүйсенова мемлекеттің құрамына 17 миллион қазақстандықтарды вакциналау, әлеуметтік маңызы бар ауруларға көрсетілетін медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек қызметтері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінің аясында медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландырудың бүгінгі таңдағы бар көлемін сақтап қалатынын атап айтты. Сақтандыру медицинасы жүзеге асырылға…

0
0
328