2017 жылы 200 мыңдай адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарлануда
Бұл туралы Мемлекет басшысының 2017 жылдың 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған ҚР Үкіметіндегі бүгінгі брифинг барысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова хабарлады. Өз сөзінің басында, ол, Мемлекет басшысы өзінің халыққа соңғы Жолдауында үшінші жаңғырту кезеңіне көшу қажеттігін жариялағанын еске салды. Еліміздің әлемдегі дамыған 30 ел қатарына кіруін қамтамасыз етуді көздеген бұл қадам, әлеуметттік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерді шешуде министрлік алдына бірқатар нақты міндеттер қойды. «Егер экономиканы жаңғырту жайын айтар болсақ, алдымызда келесі басты міндет тұр, ол – еңбек ресурстарының біліктілігін арттыру.Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан…