Жалпыға қолжетімді сапалы білім.
Жалпыға қолжетімді сапалы білім Сәуір айының орта тұсында Еңбекшіқазақ ауданының Көлді ауылындағы шағын комплектілі мектепке (ШКМ) барған едік. 180 балаға арналған мектеп 2004 жылы ашылған. Қазір мектепте 146 оқушы білім алып жатыр, 2016-2017 оқу жылында мұнда мектеп бітіруші сынып жоқ. Көрші елдімекендерден келіп оқитын балалар да жоқ. Оқу орнының басшылығы информатика, музыка пәндерінен мұғалім жетіспейтінін айтады, бүгінде мектепте 28 мұғалім қызмет етеді. Жетпейтін оқытушылардың сағаты ұжым мүшелері арасында бөлінетіндіктен, кейде бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ береді. Мысалы, биология пәнінің мұғалімі Шынар Қасымжанова қосымша өзін-өзі тануды оқытады. Кей жағдайда мұғалімдерге өзінің саласына қатысы жоқ пәннен де сабақ беруге тура келеді. Мысалы, Индира Мыңжасарова экономика пәніні…