12 жылдан бері алматылық мектеп бітірушілер командасы республикалық олимпиядалардан бірінші орын алып келеді. Оқушылар арасында өткен ғылыми сайыстарда он бесінші рет жеңіске жетіп, математика, физика, химия және биологиядан он бірінші сыныптар арасында өткен Президент олимпиядасында
төртінші рет топ жарып отыр.
Біздің оқушыларымыз шет елдік құрдастарымен халықаралық зияткерлік олимпиядалар мен ғылыми жарыстарда лайықты бәселекелес болып, иық тірестіре қатар тұра алатынын мақтанышпен айта аламыз. Жүлде қоржынымызға 2017 жылы 59 алтын, 75 күміс және 90 қола медаль түсті.
Алматыдағы білім саласындағы жарыстарды қаржыландыруға келер болсақ, соңғы 5 жыл ішінде 15 млрд теңгеге артқан. Биыл қаланың барлық мектептері физика, химия, биология, лингафонды-мультимедиялық кешендермен жабдықталып, жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылады. Қалада 88 жаңа білім беру ғимараттары мен мектеп жанындағы қосымша кешендер бой көтерді. Олардың барлығы соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған.





