Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тіл кемел: қазақ тілін үйренуге көмектесетін технологиялар

Алдыңғы жазбаларымыздың бірінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының филолог ғалымдары дайындаған қазақ тілін оқытудың жаңартылған әдістемесі туралы жазған болатынбыз.
Естеріңізде болса, бұл әдістеме жиілік сөздігіне негізделген. Оқушылар қазақ тілін меңгеруді ең алдымен жиі қолданылатын белсенді сөздерді жаттаудан бастайды. Жаңа әдістемені Білім және ғылым министрлігі орыс мектептері оқушыларының тіл меңгеру деңгейін жақсарту мақсатымен бастаған болатын. Биыл да бұл мәселеге талдау жасалып, министрлік лингвистердің ұсыныстарын тыңдай келе, қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін енгізген. Бұдан бөлек жалпы көпшіліктің қазақ тілін үйренуіне арналған “Тіл кемел” мобильді қосымшасы https://play.google.com/store/apps/details?id=com.istepkz.solutions.kazaktili және бастауыш сынып оқушылары үшін осы аттас веб-сайт ашылды: tilkemel.kz. Бұл екі ресурс та Тіл білімі институтының жиілік сөздігінің негізінде жасалды. 

Жобаны жасаған топ туралы 

Жобаны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен (ХАТУ) бірлесе отырып жасады. Институт тапсырыс беруші ретінде жобаны қаржыландыру жағын да қолға алды. Жобаны жасаған топтың құрамы: университеттің коммерциялық директоры Медет Тұрғамбаев (жоба жетекшісі), оқытушы Саятбек Оразбеков және үш студент – Меруерт Нұрғазы (Android жүйесімен және дизайнмен), Төлеген Мұхаметали (iOS нұсқасымен), Әмір Халық (басқару тақтасына) жауап берді. 

Бұған дейін қазақ тілінің жиілік сөздігі бойынша әр тарап өзінше қызмет атқарғанын айта кеткен жөн. Мәселен, Саятбек Оразбеков осы тақырыпта диссертация қорғаса, институт сөздіктің өз нұсқасын ұсынды – ол грамматиканы, омонимдерді және бүкіл морфологияны есепке ала отырып жасалған. Институт әзірлеген сөздіктің лингвистика тұрғысынан алғанда дұрыс екенін Оразбеков мырза да мойындайды. Сондықтан институт жобаның мазмұнына жауап берсе, ХАТУ ІТ шешімдерін ұсынады деген шешім қабылданған. 

Институт қызметкерлері контентті (тақырыптар, сабақтардың реті) жасады: 100 сабақ 20 тақырыпқа бөлінген, Демек, тақырыптың әрбірі орта есеппен 5 сабаққа бөлінді. Институт ең көп кездесетін 600 танымал сөзді ұсынды, соның негізінде қазақ тілін үйренуді қызықты әрі қолайлы ететін бағдарлама жасау қажет болды. 
Оразбеков мырза ерекше жаңалық ашуды қажет деп таппағандарын, оны жасау кезінде орыс тілді пайдаланушылардың қазақ тілін үйренуі үшін Дуолинго атты белгілі қосымшаның тәжірибесіне сүйенгендерін айтты. Қосымшаны жасау процесі біршама созылып кетуінің себебі институттың жұмыс барысында сөздер базасын өзгерткенінде. Нәтижесінде қосымшаны әзірлеуге 4 ай уақыт жұмсалып, жұмыс 2016 жылдың қыркүйек айынан басталған. 

Қосымша туралы 

Қосымша пайдалануға өте қолайлы. Қазірге дейін “Тіл кемелді” Google play арқылы 1531 рет көшірген (Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан және Германиядан), белсенді пайдаланушылар саны – 320. App Store арқылы қосымшаны 230 адам пайдаланған (Қазақстан, Ресей, Қытай және АҚШ-тан). 

Оқу процесі алты түрлі сабаққа құрылған: 
- Қазақ тілінен орыс тіліне сурет бойынша аудару; 
- Орыс тіліндегі сөзді қазақ тіліне сурет бойынша аудару; 
- Орыс тілінен қазақ тіліне жазбаша аудару; 
- Қазақ тіліндегі сөзді тыңдап, естігеніңді енгізу; 
- Қазақша сөзді не сөз тіркесін тыңдап, аудармасын орысша енгізу; 
- Әріптерден сөз құрау немесе тіркес/сөздерден сөйлем құрау. 

Қосымша 60 сабақтан тұрады, ұсынылған тақырыптар саны – 15. Әр сабақтан кейін пайдаланушы 5-7 жаңа сөз үйреніп, нәтижесінде қазақ тілінде 323 сөзді меңгеріп шығады. 

Пайдаланушы сабақты бірден меңгере алмаса, жаттығуды қайталай алады. Пайдаланушы барлық сұраққа дұрыс жауап бергенге дейін сабақ есепке алынбайды. 

Балаларға арналған tilkemel.kz веб-сайты туралы 

Мобильді қосымшадан бөлек, институт бастауыш сынып оқушыларына арналған веб-сайт дайындауға тапсырыс берген. Оны ХАТУ студенттері диплом жобасы аясында жасап шықты. Бұл жұмысты дизайнер Шахиза Ашенова және программистер Омарбек Дінасыл мен Сымбат Нұрбай жасады. 

Саятбек Оразбеков олардың диплом жетекшісі болды. Сайттың ерекшеліктері туралы жетекші былай дейді: “Веб-сайт, яғни tilkemel.kz, 1-4-сынып оқушыларына арналған. Шахиза Ашенова психологияны арнайы оқығандықтан, дизайнға қатысты ұсыныстарын балалар педагогы ретінде ұсынды. Оның пікірінше, күлгін түс, айдаһарлар және қорған-сарайлар ойын атмосферасын қалыптастырып, балалардың қазақ тілін емін-еркін үйренуіне ықпал етеді. 

Тіркелу барысында оқушы қай сыныпта оқитынын көрсетуі тиіс. Қосымшадағыдай, мұнда да “Сабақтар” деген бағанда пайдаланушының оқитын сыныбына сай тақырыптар мен тапсырмалар бар. “Өз-өзіңді тексер” секциясында бала кез келген сыныптың (біріншіден төртіншіге дейін) тапсырмасын орындап, өз білімін тексере алады. “Менің сөздігім” бөлігінде үйренген сөздері сақталады. 

Оқушы жеке парақшасында жетістіктерін көреді: онда айдаһарының қалай өсіп жатқаны графика түрінде берілген (жаңа сөздерді табысты үйренуіне қарай). Кез келген ойындағы секілді мұнда да әр дұрыс жауап үшін ұпай мен жұлдызша беріледі. Тапсырмалардың түрі де мобильді қосымшадағыдай, тек бастауыш сынып оқушыларына арналған. 

Нəтижесінде сапа көрсеткішінің барлық талабына жауап беретін өнім шықты. Ол қолдануға қолайлы, ІТ тұрғысынан әркім үшін қолжетімді, сонымен бірге жиілік сөздігін жасаудың математикалық тəсіліне негізделген, филолог мамандар дайындаған сапалы контенттен құралып отыр. Техникалық базасы мықты университет пен Тіл білімі институтының өзара əріптесуі нəтижесінде лингвистер мен ақпараттық технолог мамандар осындай нəтижеге қол жеткізе алады. 

Балаларға арналған tilkemel.kz веб-сайты туралы 

Мобильді қосымшадан бөлек, институт бастауыш сынып оқушыларына арналған веб-сайтқа тапсырыс берген. Оны ХАТУ студенттері диплом жобасы аясында жасап шықты. Команданы дизайнер Шахиза Ашенова және программистер Омарбек Дінасыл мен Сымбат Нұрбай құрады. 

Саятбек Оразбеков олардың диплом жетекшісі болды. Сайттың ерекшеліктері туралы жетекші былай дейді: “Веб-сайт, яғни tilkemel.kz 1-4-сынып оқушыларына арналған. Шахиза Ашенова психологияны арнайы оқып, дизайнға қатысты ұсыныстарын балалар педагогы ретінде ұсынды. Оның пікірінше, күлгін түс пен сарайлар ойын атмосферасын қалыптастырады, бұл балалардың қазақ тілін емін-еркін үйренуіне ықпал етеді. 

Тіркелген уақытта оқушы қай сыныпта оқитынын көрсетуі тиіс. Қосымшадағы сияқты мұнда да “Сабақтар” деген бағанда пайдаланушының оқитын сыныбына сай тақырыптар мен тапсырмалар бар. “Өз-өзіңді тексер” секциясында бала кез келген сыныптың (біріншіден төртіншіге дейін) тапсырмасын орындап, өзінің білімін тексере алады. “Менің сөздігім” бөлігінде сабақты оқыған уақытта үйренген сөздері сақталады. 

Жеке бетінде оқушы өзінің жетістігін де көре алады: онда айдаһарының қалай өсіп жатқаны графика түрінде берілген (жаңа сөздерді табысты үйренуіне қарай). Кез келген ойындағы секілді мұнда да әр дұрыс жауапқа ұпай және жұлдызша беріледі, олар айдаһардың өсуіне ықпал етеді. Тапсырмалардың түрі де мобильді қосымшадағыдай, тек бастауыш сынып оқушыларына арналған”. 

Нəтижесінде сапа көрсеткішінің барлық талабына жауап беретін өнім шықты: қолайлы жəне ІТ тұрғысынан халыққа қолжетімді, сонымен бірге филологтар жасаған жəне жиілік сөздігін жасаудың математикалық тəсіліне негізделген сапалы контент. Техникалық базасы бар университеттер мен филология бойынша іргелі білімі бар оқу орындарының өзара əріптесуі нəтижесінде лингвистер мен айтишниктер осындай нəтижеге қол жеткізе алады.


0
0
1782

Осы тақырып бойынша

Тіл кемел: қазақ тілін үйренуге көмектесетін технологиялар - Yvision.kz