Мазмұнға өту
KarakozT

Қаракөз Тасболат

@KarakozT

Сайтта 2014 ж. 23 маусымКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

143

пікірлер

0

тіркелуші

10

жазылымдар

0

Мұхтар Әуезовтің Мұрағат құжаттарындағы беймәлім хаттары

Жазушы әрі ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 2011 жылы 50 томдық толық шығармалар жинағы шықты. Тарих қыртыстарында архивтердің қуыс-қуысында зерттелмеген әлі талай дүниелері бар екен. Дәлірек айтсақ, жазушының 1922-1928 жж. жазған хаттары. 15 жыл бойы дайындалған 50 томдық академиялық басылымға енбеген, архивтерден соңғы жылдары ғана табылған бұл хаттар Әуезовті көрермендерімізге жаңа қырынан ашпақ.

0
0
343

Болат Ұзақов, режиссер: «Актер болып жүріп, режиссерға айналдым»

Астана күні мерекесіне орай елордада театр фестивалін өткізу дәстүрге айналған. Биыл бұл ауқымды шара халықаралық дәрежеде өтті. «Жеті муза» бағдарламасының кезекті қонағы – Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Бағдарлама барысында режиссер театрдың тыныс-тіршілігі мен қойылымдар туралы сөз етпек.

1
0
839

Қазақтың ежелгі тарихы мен даулы мәселелері

Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты б.з I ғасырында Еуразия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші Түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталды.

1968 жылы Монғолияда, Орхон алқабында түркі руналық жазуының ескерткіші табылды. Бұл көне ескерткіштерде не жазылған? Тарихтың біз білмейтін қандай тұстары бар? Студия қонағы – филология ғылымдарының докторы, профессор, түріктанушы, Кемел ата Түрік атындағы түрік тарих Құрылымының (Академия) мүшесі Қаржаубай Сарткожаұлы.

0
0
2076

«Тұсау кесу»

Об одном из самых важных понятий степного этикета - тұсау кесу. Когда родился обряд, его символические атрибуты, в чем суть образа - в программе "Этимология образа".

1
1
2212

Қазақтың Астанасы: мыңжылдықтар шарайнасында

Елбасы Н.Назарбаев 1997 жылы 20 қазанда «Ақмола қаласын – ҚР астанасы» деп жариялау тарыл жарлық шығарды. Осы құжатқа сай Ақмола Қазақстанның астанасы құқығына 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап ие болды. Осылайшы, жаңа Астананы әлемге таныстыру, ресми тұсау кесу тойы 1998 жылғы 10 маусыда тағайындалды. 2008 жылы 24 маусымдағы заңмен «6 шілде – Астана күні» мемлекеттік мереке болып белгіленді.
Ақмола – Кеңесары ту тіккен, Абылай ханның ордасы болған жер. Бағдарламада бұрынғы Ақмола, қазіргі Астананың тарихы жайлы баяндалмақ. Студия қонағы – Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, тарихшы және өлкетанушы Алдан Смайыл.

1
0
1774

Ядролық физика мүмкіндігі

Ядролық физика жетістігінің нәтижесінде ядролық энергетика, ядролық техника пайда болды. 2050 жылға қарай әлемде атом энергиясына деген сұраныс 2 есеге дейін артуы мүмкін. Бұл болашақта адамзат атом энергетикасына тәуелді болады дегенді білдіреді. Бүгінде Қазақстандағы Ядролық физика институты осы бағытта қандай жұмыстар атқаруда?

Институттың зерттеу еңбектері толығырақ бағдарлама барысында айқындалмақ.

2
0
2037

Төкпе күйдің төресі – «Сарыарқа» күйі

Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін тыңдаған жанның көз алдына қазақтың байтақ даласы елестейді. Күй сарыны бірде даланың еркін өскен ерлерін елестетсе, бірде терең толғанысқа бойлатып, сайын даланы мекендеген халықтың қадірін домбыраның қос ішегі мен жырына қосады.

Күй атасы Құрманғазының ел мен жердің құдіретін бейнелейтін әйгілі шығармасы бағдарлама санында баян етіледі. Студия қонағы – композитор, күйші Шәміл Әбілтаев.

1
0
3127

Ату жазасына ұшыраған білікті дәрігер – Әбубәкір Алдияров

Өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы Кеңес үкіметінің жүргізген ұжымдастыру саясаты қазақ халқына орасан зор қасірет болып тиді. Халықтың негізгі күнкөріс көзі болған мал шаруашылығы күйзеліске ұшырап, 1930-1932 жылдары елді аштық жайлады. 1937-1938 аштықтан күйзелген ел енді саяси репрессияға ұшырады. 147 мың отбасының мүлкі тәркіленді, 100 мыңдай адам жер аударылды, 25 мыңы ату жазасына кесілді.

Қостанайда патшалық билік тұсында 45 жыл волостной болыс болған Бердімұхаммед Алдияровтың баласы Әбубәкір Алдияров сол кезде сирек кездесетін жоғары білімді дәрігер болған. Орыс, латын, француз тілдерін жетік білген азамат әкесінің ісіне байланысты ату жазасына кесіледі.

0
0
796

Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы елшілігі

Египет – Қазақ елінің тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындап, 1992 жылы елшілігін ашуға ұсыныс жасайды. 1993 жылы Елбасы Н.Назарбаев ресми сапармен барып, бұл байланыс одан ары дами түсті. Негізінде бұл мұсылман мемлекетімен тарихи байланысымыз тереңде жатыр. Бағдарлама саны Ежелгі пирамидалар елінің тілі, діні, тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениетіне арналады.

Сонымен қатар еліміздегі Мысыр мәдени орталығының қазіргі тыныс-тіршілігімен таныс болып, араб және қазақ халқының тарихи байланысы туралы қызықты ақпараттарды біле аласыздар.

1
0
1933

«Алтын Саха» туралы аңыз

Сахалар – «якуттер» деген атпен де белгілі. Якут тілі түркі тілдерінің Солтүстік тармағына жатады. Қоныстанған жерлері мен шаруашылық дәстүрлері бойынша сахалар 2 негізгі топқа бөлінеді: Солтүстік тұрғындары жартылай көшпелі, аңшылық, балық аулау, бұғы өсірумен айналысса, Оңтүстік сахалар мал шаруашылығымен, жылқы және ірі қара өсірумен шұғылданады. Археологиялық деректердің негізінде сахалар Оңтүстік Сібірден шыққан деген. 1620 жылы олардың жеріне орыстар келіп, сахан елін өзіне қаратып, тіпті, халықтың көпшілігі орыс православ дініне өтіп болды. Ал саха және қазақ елінің ортақ тарихи тамырлары қандай? Көпке белгілі «Алтын сақа» қазақ ертегісінің якуттарға қандай қатысы бар?

1
0
1787