Төкпе күйдің төресі – «Сарыарқа» күйі

Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйін тыңдаған жанның көз алдына қазақтың байтақ даласы елестейді. Күй сарыны бірде даланың еркін өскен ерлерін елестетсе, бірде терең толғанысқа бойлатып, сайын даланы мекендеген халықтың қадірін домбыраның қос ішегі мен жырына қосады.
Күй атасы Құрманғазының ел мен жердің құдіретін бейнелейтін әйгілі шығармасы бағдарлама санында баян етіледі. Студия қонағы – композитор, күйші Шәміл Әбілтаев.
