Ату жазасына ұшыраған білікті дәрігер – Әбубәкір Алдияров

Өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы Кеңес үкіметінің жүргізген ұжымдастыру саясаты қазақ халқына орасан зор қасірет болып тиді. Халықтың негізгі күнкөріс көзі болған мал шаруашылығы күйзеліске ұшырап, 1930-1932 жылдары елді аштық жайлады. 1937-1938 аштықтан күйзелген ел енді саяси репрессияға ұшырады. 147 мың отбасының мүлкі тәркіленді, 100 мыңдай адам жер аударылды, 25 мыңы ату жазасына кесілді.
Қостанайда патшалық билік тұсында 45 жыл волостной болыс болған Бердімұхаммед Алдияровтың баласы Әбубәкір Алдияров сол кезде сирек кездесетін жоғары білімді дәрігер болған. Орыс, латын, француз тілдерін жетік білген азамат әкесінің ісіне байланысты ату жазасына кесіледі.
