Армян халқының ұлттық нақыштары мен дәстүр сабақтастығы

Өрік жемісі - Армения мемлекетінің символы саналады. Мемлекет туындағы сары жолақ – өріктің түсімен тікелей байланысты.
Армян жазуының 1600 жылдан астам тарихы бар. Армян халқының ең айтулы ұлттық мерекелерінің бірі – Вардавар деп аталады. Күн жылынып, жадыраған жаздың лебі ескен кезде барлық жастар бір-біріне су шашып, мейрамды ұлықтайды. Неліктен армяндар өздерін әлемдегі ең ақылды халықтың санатына жатқызады? Дәстүрлі армян киімі немен ерекшеленеді? «Нұрлы отау» бағдарламасынан армян халқының ұлттық нақыштары мен дәстүр сабақтастығын тамашалаңыздар!








