Мазмұнға өту
KarakozT

Қаракөз Тасболат

@KarakozT

Сайтта 2014 ж. 23 маусымКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

143

пікірлер

0

тіркелуші

10

жазылымдар

0

Қазақ сахнасының еркесі атанған Роза Бағланованың сырлы хаттары

«Оның даңқы әлемді шарлады. Қашан да сөзін «халқым» деп бастайтын. Сол халқының алдында еңбек те етті, сол халқының алдында еркелеп өмір сүрді.» (Ермек Серкебаев). Бағдарлама қазақтың біртуар әншісі Роза Бағланованың сырлы хаттарымен бөліспек.

2
1
458

Бұл жазушының бағын ашқан шығармасы біреу де, екеу де емес, шексіз...

Әрбір жазушының шығармашылық жолында ерте ме, кеш пе жұлдызы жанатын шығармасы болады. Әрине, ол үшін ең алдымен табиғи дарындық қажет шығар. Ал бұл жазушының бағын ашқан шығармасы біреу де, екеу де емес, шексіз... Ол – балалар әдебиетінің классигі, қазақ жазушысы – Бердібек Соқпақбаев. Бала кезінен-ақ өмірдің ащысы мен жетімдіктің күнін кешсе де, шығармаларының көбісі балалар әдебиетіне арналды.

0
0
658

Эрнест Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясы

Елімізге белгілі Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмі әйгілі Эрнест Хэмингуэйдің «Шал мен теңіз» хикаясының желісі бойынша түсірілген. Классикалық әдебиеттің ерекше туындысы саналатын «Шал мен теңіз» хикаясы Нобель сыйлығына ие болған. Бүгінгі «Әдебиет әлемі» бағдарламасы әйгілі қаламгердің ақындық рухпен жазылған туындысының табиғатына үңілмек.

0
0
2286

Қазақ киносының «Жансебілі» атанған актер

Өнер адамына талантпен қоса қилы тағдыр беріледі. Сол асқан талантымен қазақтың тағдырын көрсеткен Қасым Жәкібаев еш уақытта пешенесіне жазылған мұң-шерін айтып, жыламаған адам. Актердың жан баласына айтпаған талай қайғысы бір басына жететін үлкен трагедиясы оны ешқашан мойы да алмады. Басына түскен күйзелісті өнер тарланы қалай жеңе білді? Оған қарсы тұра алды ма? Қазақ киносының «Жансебілі» атанған актер Қасым Жәкібаевтің өмірбаяны мен шығармашылығы бағдарламада баяндалмақ.

0
0
610

Қазақ хандығының шынайы ақиқаты немесе «Көшпенділер» трилогиясы

Қазақ әдебиетінде тарихи роман жанрында ерекше құбылыс болған Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы 5 ғасырлық тарихы бар Қазақ хандығының дәуірлерін суреттейді. Ұлы далада елдік үшін күрескен хандардың тектілігі мен батырлығын, баһадүр батырлардың ел қорғаған ерлігін ерекше бейнелеген бірегей туынды. Бағдарлама саны «Көшпенділер» трилогиясына арналады.

1
0
1283

Әйгілі жазушы Ғабит Мүсіреповті Сталинге хат жазуға не итермеледі?

Сірә да, Кеңес Үкіметінің тұсында қазақ әдебиетінде дәл Ғабит Мүсіреповтей сый-құрметке бөленген адам болмаған болар деп ойлайсың. Алайда, оның өмірінде де талай аттан құлаған кездер болған. Оны Ғ.Мүсірепов хаттары айғақтайды. Жазушы 30 жылдары танымал бола бастады. Ал соғыс жылдарында оқырман оны М.Әуезов пен С.Мұқановпен бір қатарға қойды. Оны майдан шебінен келген хаттардан анық байқауға болады. Замандастарының айтуына қарағанда, ол әрбір хатқа жауап беруге тырысатын. Тіпті, кейін Кеңес Одағының депутаты болғанда да, сайлаушылардан келген хаттарға жауап беріп қана қоймай, сол хаттарының ішінде жазылған өтініш, тілектердің орындалуына көп көңіл бөлген. Ендеше, қазақтың әйгілі жазушысының жеке мұрағатындағы хаттарымен танысайық.

0
0
713

Қазақтың көрнекті ақын қызы – Фариза Оңғарсынова

«Өлең» дейтін қасиетті өнердің қазанында қайнаған рухы асқақ, мұраты анық нәзік жанды ақындарымыздың ел-жұртына берген еселі еңбегі тек қана құдіретті өлеңдерімен ғана өлшенбек. Жас ғұмырын Қыз Жібектің көшіндей сәнге де, әнге де бөлеген ақындарымыздың қатарында шыншылдығымен өлеңге өр мінез берген Фариза Оңғарсынованың орны ерекше.

Өлең өлкесінде өрнекті ізін салып, рухы мен сезімін, мұңы мен шерін өлеңге ғана арнаған ару ақынымыз оқырманның талғам-таразысынан өтіп, кестелі жырдың керім әуенін тыңдатып келеді. Қазақ қыздарының образын тәтті өлеңмен сәтті өре білген Фариза Оңғарсынованың сүбелі жырлары оқырманға айрықша ой салады. Ендеше, қазақтың ақын қыздарының бірегейі Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен «Ғажайып туынды» бағдарламасында жете танысайық!

-1
0
4518

Бейбарыс сұлтанның шынайы есімі кім?

14 жасында тұтқынға түскен Байбарыс Дамаск қаласында бар болғаны 800 динарға сатылады. Осылайша, бала кезден қиыншылықпен өмір сүрген ол ер жүректігінің арқасында Египет сұлтанының көзіне түсіп, бүкіл сарбаздарын басқаратын «әмір» деген ең жоғары әскери шенге дейін ие болады.

Араб тарихының жазбаларында Байбарыс сұлтанның ерліктері мен қоғамдық жұмыстары жақсы сақталған. Қазақ тарихнамасында үлкен орын алатын Бейбарыс сұлтанның өмірі мен әмірлігі жайлы толығырақ «Тарих айнасы» баян етеді.

-1
1
886

Мыңжылдықтар есебін шешкен қазақ математигі

1900 жылы ғылымның дамуы үшін аса маңызды деп танылған XX ғасырдың басты проблемалары аталған 23 есептен тұратын Гильберттің тізімі шықты. Ғасырдың аяғына дейін бұл есептердің 20-сы шешілді. 2-і дұрыс құрастырылмаған деп танылды да, 1 ғана есептің шешімі табылмады. Жыл басында Қазақстанда ерекше бір жаңалық дүр сілкіндірді. «Мыңжылдықтар есебі» боп саналатын әлі күнге дейін шешімі табылмаған әлемнің 7 есебінің бірін Қазақтың ғалым академигі, математик Мұхтарбай Өтелбаев шығарды. Бүкіл әлемге жайылған жаңалық туралы, дәлірек айтқанда қазақ ғалымының шешкен мыңжылдықтар проблемасы туралы бағдарлама барысында біле аласыздар.

0
0
1017

Қазақтың домбырасында тартылған ең алғашқы күй

Жанғали Жүзбаев – кие қонған дәулескер домбырашы, шертпе күйдің шебері. Саналы ғұмырын екі ішектің сырына жұмсаған ол осы уақытқа дейін «Қазақтың шертпе күйлері», «Шертпе күйдің 4 мектебі» сынды бірнеше еңбектер жазды. 50-ге тарта күй орындап, 200-ге жуық шертпе күйдің тарихын білетін күйші Жанғали Жүзбаевтың қазақ өнеріндегі орны бөлек. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, күйші, профессор Жанғали Жүзбаев қазақ хылқының күйлері, әсіресе, шертпе күйлердің тарихы жайында әңгімелеп бермек.

0
0
1504