Қазақтың домбырасында тартылған ең алғашқы күй

Жанғали Жүзбаев – кие қонған дәулескер домбырашы, шертпе күйдің шебері. Саналы ғұмырын екі ішектің сырына жұмсаған ол осы уақытқа дейін «Қазақтың шертпе күйлері», «Шертпе күйдің 4 мектебі» сынды бірнеше еңбектер жазды. 50-ге тарта күй орындап, 200-ге жуық шертпе күйдің тарихын білетін күйші Жанғали Жүзбаевтың қазақ өнеріндегі орны бөлек. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, күйші, профессор Жанғали Жүзбаев қазақ хылқының күйлері, әсіресе, шертпе күйлердің тарихы жайында әңгімелеп бермек.
