Кеден комитетінде Түркиядан контрабандалық тауарлар бойынша қылмыстық топтың қызметінің жолын кесуі туралы брифинг өтті
Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері контрабандалық әкелімдердің ірі схемасының жолын кесті.
Операция басталар алдында, Түркияның кеден органдарымен өзара қатынаса отырып, Түркиядан бұдан бұрынғы әкелімдер бойынша терең жедел-талдау жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп, талдау барысында Түркия мен Қазақстан Республикасының кедендік декларациялары салыстырылып, нәтижесінде тауарлар туралы көрсетілген мәліметтерде (атауы, саны, құны) айтарлықтай айырмашылықтар бар екендігі анықталды.
Жүргізілген талдау мен қолда бар жедел ақпараттар тауарлар контрабандасымен ұйымдасқан қылмыстық топ айналысқандығын көрсетті. Бұл топ мүшелері тұрақты схемамен әрекет етіп, олардың басты мақсаты кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтару болып табылды.
Жедел мәліметтердің негізінде Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұл схеманың қатысушыларын кешіктірмей зерттеу туралы шешім қабылдады.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, қосылма фирмалар құру мен жалған құжаттар қолдану арқылы бірнеше жыл тауарлар контрабандасымен айналысқан қылмыстық топтың белсенді мүшелері анықталды.
Қылмыстық схеманы жасыру мақсатында, фирмалар бір-бірінен кейін құрылып, қысқа мерзімдік қызметінен кейін тоқтатылып отырған.
Контрабандалық тауарлар Қазақстанның әртүрлі аймақтарына (Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды қалалары) әкелініп, ол жерде жалған құжаттармен кедендік ресімдеуден өткен. Қабылданған шаралар нәтижесінде, жедел қызметкерлер 7 автофуралар мен 9 теміржол вагондарын тауарларымен бір уақытта ұстады.
Контрабандалық тауарлардың жалпы кедендік құны 116 млн. теңгені, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтар түріндегі мемлекетке келтірілген залал 23 млн. теңгені құрады.
Нетижесінде, кеден органдары 2014 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209-бабының 3-бөлігінің «б»-тармағымен көзделген қылмыс белгілері, яғни ұйымдасқан топпен аса ірі көлемде жасалған экономикалық контрабанда бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Істің толықтай мән-жайлары тергеу мүдделеріне байланысты жарияланбайды.
Бұдан аз емес резонанстық қылмыстық істерді кеден қызметкерлері 2013 жылы қозғады.
Өткен жылы, кеден органдары, Түркиядан, Ираннан тауарлар контрабандасы бойынша бірқатар тұрақты қылмыстық схемаларды әшкереледі.
Мысалға, 2013 жыл бойы Комитеттің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 16 жүк көлік құралдары мен 24 теміржол контейнерлері халық тұтынатын тауарларымен ұсталды. Сол кездегі мәлімделмеген тауарлардың жалпы кедендік құны 1,5 млрд. теңгеден асса, мемлекетке залал – 427 млн. теңгені құрады.
Бұл фактілер бойынша аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Соңғы уақытта, контрабанданың жиі қолданылатын тәсілі «жалған транзит» болып табылады, яғни шетелдік тауарлар Кеден одағының кедендік аумағы арқылы транзитпен тасымалдана отырып, кедендік ресімдеусіз заңсыз қалып қояды.
Көп жағдайларда, қаскүнемдер, қылмыс іздерін жасыру мақсатында, түсірілген тауардың орнына қаптардағы құм мен бұрын пайдаланылған тауарлар тасымалдаған.
Өткен жылы «жалған транзиттің» 47 фактісі анықталып, олар бойынша 21 қылмыстық іс қозғалған.
Жалпы, 2013 жылы кеден органдары 10 млрд. Теңгеден астам тауарлар құнына 645 қылмыстық іс қозғап, жалпы салмағы 244,8 кг әртүрлі есірткілердің заңсыз айналымының 50 фактісін анықтады.
12 342 әкімшілік іс қозғалып, олар бойынша мемлекетке келтірілген залал 1 млрд. теңгені құрады.
Кедендік бақылау комитетінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасы контрабанданың басқа да ірі схемаларын анықтау бойынша жұмысты осы жылы да жалғастыратын болады.
