Мазмұнға өту
Gulnur88

Gulnur88

Сайтта 2015 ж. 5 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

34

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Тәуекел Мүсілім мен Айдана Меденова жаңа бейнебаянның тұсауын кесті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Тәуекел Мүсілім мен Айдана Меденова «Кинопарк дастаны» атты әндеріне арнап түсірілген жаңа бейнебаянның тұсауын кесті. Бейсенбі күні болған шараға олардың әріптестері, жақындары, тілшілер қатысты.

Әншілердің айтуынша, туынды қос ғашықтың ертегіге бергісіз әдемі махаббатын, романтикаға толы хикаясын баян етеді. Тұсаукесер рәсімі Алматы қаласындағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірі – ESENTAI MALL-да орналасқан Кинопарк кинотеатрлар желісінде өтті. Аталмыш бейнебаян көрерменнің назарына жақын күндерде ұсынылады.

0
0
334

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған дүбірлі айтыс көрерменге жол тартады!

Еліміздегі ең үздік айтыскерлер  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Алтын домбыра» жыр сайысында бақ сынасты. Айтыс – қазақтың өзіне ғана тән, рухыңды қамшылайтын, жанды жадырататын ұлы өнер, тәрбие мектебі.

Биылғы «Алтын домбыра» үшін Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Серікзат Дүйсенғазы, Иранғайып Күзембаев, Айбек Қалиев, Нұрмат Манзұров, Еркебұлан Қайназаров, Нұрлан Есенқұлов, Әсем Ережеқызы, Рүстем Қайыртайұлы және т.б. арқалы ақындар тартысқа түсті.

Айтыс десе жүрегі ерекше соғатын иісі қазақтың барлығын жаңажылдық демалыс күндері, атап айтсақ, ескі жылдың 31 желтоқсаны мен жаңа жылдың 1, 2, 3 қаңтары күндері сағат 12.00-де теледидардың алдында күтеміз. Төл өнеріміз айтысты «Еуразия» бірінші арнасының эфирінен бірге тамашалайық!

0
0
455

«Еуразия» бірінші арнасы Шымкенттің тұрғындарына ауызсумен көмектесті

Екі апта бұрын Шымкент қаласының тұрғыны Абай Түзел «Бірінші бағдарламаның» редакциясына сумен қамтамасыз ету мәселесімен хабарласты. Ол тұратын ықшамаудан бес жыл бұрын пайдалануға берілген, бірақ мұнда күні бүгінге шейін ауызсу болмаған. Тұрғындар құдықтың буылдыр, лас суын қанағат етіп келген. Қазақстанның аса ірі әрі дамыған қалаларының біріндегі азаматтардың денсаулығына қатер төндірген кереғар жайтқа төзуге болмайтын. Абай Түзел тиісті орындарға сан мәрте арыз жазғанымен, олар жауапсыз қала берді. Бәрін телефонның бір қоңырауы өзгертті. Бір апта өткен соң «Бірінші бағдарламаның» тікелей эфирінде Абай Түзел мен Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі Талғат Қасымбековтің өзара телефон арқылы әңгімесі ұйымдастырылды. Қасымбеков мырза аталмыш мәселе бойынша жұмыстың көпте…

0
0
483

«Еуразия» бірінші арнасының қызметкерлері үкіметтік марапаттарға ие болды

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Астанада үздік журналистер мен медиасала қызметкерлері марапатталды. Салтанатты мерекеде Үкімет атынан тілшілерді республиканың премьер-министрінің орынбасары құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде Бердібек Сапарбаев қазақстандық журналистер күнделікті көтеретін жүктің жауапкершілігін, жалпы олардың еңбектерінің маңыздылығын атап өтті. «Сіздер билік пен халықтың арасындағы көпір болып есептелесіздер. Қарапайым халық сіздер арқылы өздерінің шешілмей жатқан мәселелерін билікке жеткізіп, шешеді. Сіздер экономикамыздың дамуына үлкен үлес қосасыздар. Өйткені қазіргі даму заманында ең қымбат, ең керек - ол мәлімет. Сіздер мемлекетке оның ішінде үкіметке тез, жылдам керекті мәліметтерді бе…

0
0
327

«Еуразия» бірінші арнасының жүргізушілері халыққа көруге кеңес береді...

Қазақстандық журналистика жұлдыздары, республиканың ең рейтингілі телеарнасы – «Еуразия» бірінші арнасының жүргізушілері қатардағы телекөрерменге айналады. «Арнаның бет-бейнесі» деген мәртебеге ие журналистер телеарна эфирінен тарайтын әрбір өнімге боямасыз баға беріп, бұл туралы қазақстандықтарға айтып беруге уәде етеді. Телеарна жүргізушілерінің қатысуымен өтетін бұл шара бағдарламааралық аңдатпалар түрінде жасалады. Демек, белгілі бір уақыт сайын түрлі жоба жүргізушілері шағын аңдатпалық роликтер аясында өз әріптестерінің өнімдеріне баға береді. Осылайша, «Еуразия» бірінші арнасының нәзік жандыларынан сериалдар, аспаздық шоулар, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болатын концерттер туралы егжей-тегжейлі есептерді күтуге болатын шығар. Ерлер қауымы ұнаған спорттық бағдарламал…

0
0
1181

Эльдар Серікбаев: «Ән дария» – бұл «алтын» дәуірге тамаша саяхат!

«Еуразия» бірінші арнасындағы «Ән дария» концерттік шоуы үлкен жетістікке жетті. Жоба сахнасына көбінесе мемлекеттік тілде ән орындайтын жұлдыздар шыққанына қарамастан, жоба санаулы айлар ішінде қазақтілдіден басқа да аудиторияның сүйіспеншілігі мен ықыласына ие болды. Бағдарламаны ұлты мен тіліне қарамастан, барлық қазақстандықтар көреді. Нағыз ұлттық телевизиялық өнім қалай жасалды және отандық эстраданың атақты орындаушыларымен бір сахнада тұру қалай – бұл туралы өз әсерлерімен Эльдар Серікбаев бөлісті. - Эльдар, «Ән дария» жобасына қатысу туралы ұсыныс кімнен түсті? - Ұсыныс жоба продюсерлерінен, осы мерекені ұйымдастыратын адамдардан келіп түсті. Мені кәдімгі тартысты кастингке шақырды, тіпті видеоға түсірді. Осыдан кейін ұзақ уақыт бойы қоңырау күттім. Әйтеуір қоңырау шалып, мені та…

0
0
592

«Лучший город.KZ» шоуының қатысушылары финалға дайындалуда!

«Еуразия» бірінші арнасындағы «Лучший город.KZ» шоуы аяқталуға таяды. Алдағы сенбі 16 мамырда жобаның финалдық ойыны өтеді. Оған Қызылорда, Атырау және Талдықорған командалары қатысады. Туған қаласына Қазақстанның үздік қаласы атағын апару мүмкіндігі тек үш командада бар. «Еуразия» бірінші арнасындағы қалалар тартысы аяқталуға таяды. Атырау, Қызылорда және Талдықорған финалдық ойынға дайындалуда. Хореографтардың айтуынша, қатысушылардың барлығы дерлік қобалжу үстінде. Алайда бұған қарамастан, дайындық жоспар бойынша ешбір дау-дамайсыз және кикілжіңсіз өтіп жатыр. Дегенмен командалардың бірінде қиын жағдай орын алды. Қызылорда командасында басты орындаушылардың бірі Николай Ли күтпеген жерден дауысынан айырылды. Ал олар орындайтын ән оңай шағылатын жаңғақ емес – Rolling Stones тобының I Ca…

1
0
361

«Лучший город.KZ» шоуының қатысушылары мен қазақстандық жұлдыздар ҰОС ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

«Еуразия» бірінші арнасындағы «Лучший город.KZ» жобасының жас жұлдыздары мен танымал қазақстандық орындаушылар 6 мамыр күні Kinoplexx Sary-Arka 3D кинотеатрында ардагерлерді құттықтады. Сыйлықтар жасап, танымал әрі сүйікті әскери әндерді орындады. Авторлық әндер де орындалды. «Лучший город.KZ» жобасының бірінші маусымының қатысушысы Олег Белов өзі жазған «Война на пике» әнін орындады: «Бұл Виталий Дворецкий екеуіміз түсірген фильммен аттас ән. Жақында қазақстандық телекөрерменге жол тартады. Фильм қазақстандық альпинистердің ортақ іс – Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндайды. Тарихтың көпшілікке беймәлім бұл парақтары Отан үшін ұрыстың ауыр техника өте алмайтын таулы Кавказда, жартастардың арасында соғыстың қалай жүргенін баяндайды». «Лучший город.KZ» шоуының екінші маусымының қатысушылары…

0
0
516

Әнші Луина өзін кинопродюсер ретінде сынап көрмекші

Қазақстандық эстраданың ең жарық жұлдыздарының бірі әнші Луина өзінің шығармашылық қызметінің барлық құпияларымен бөлісті. Алайда, соншалықты қандай құпия дейсіз? Жас қыз отандық телевизияның барлық музыкалық жобаларына белсене қатысуда, ол көптеген фестивальдердің, шоулардың сыйлы қонағы, бір сөзбен айтқанда, ұдайы елдің алдында жүреді. Алайда әншінің айтуынша, мұның барлығы қарбалас жұмыс күндер. Ал арман-тілектері мен жоспарлары мүлде басқа. Ашық эксклюзивті сұхбатты Луина біздің басылымның тілшілеріне «Еуразия» бірінші арнасындағы «Ән дария» жобасының сахна сыртында тұрып берді. - Луина, Сізді форматы ретро жобадан көрген қызық екен. - Иә, сізбен келісемін. Мен ретро дәуірдің адамы емеспін. Біз бұл мәселені «Ән дария» жобасының түсірушілерімен алдын ала талқыладық. Мен өзімнің, авторл…

1
0
409

Ұлы Жеңіске арналған «Наша война» деректі сериалы экранға мамыр айының басында шығады

Қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан елеулі үлесі туралы «Наша война» деректі сериалының тұсаукесер көрсетілімі «Еуразия» бірінші арнасында өтеді. Картина «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қорының және «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының қолдауымен түсірілді. Енді жаңа ешнәрсе ашылмайтындай көрінетін еді. Мектеп оқулықтары, әскери жылдардың кинохроникасы, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар статистикаға толы – бір миллион екі жүз мыңнан астам қазақстандық сол кезде майданға жұмылдырылып, олардың жартысынан көбісі Отанға оралмады, бес жүзге жуық адам Кеңес Одағының батыры атағын алды. Халық олардың атын әлі күнге дейін аңыз етіп айтып жүр. Лейтенант Рақымжан Қошкарбаев Григорий Булатовпен бірге Рейхстагқа алғаш рет Жеңіс туын тікті. Ерліктері әлемдік тарихта қалған атақты Панфилов дивизи…

0
0
645