Мазмұнға өту
Gulnur88

Gulnur88

Сайтта 2015 ж. 5 ақпан

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

34

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Жігерге толы жүректер

Өмірдің адам баласына дайындайтын сынақтары көп қой. Түрлі жағдайлармен мүгедек болып қалған адамдарды мүмкіндігі шектеулі жан деп атап жатамыз. Алайда «Кешкі кездесу» бағдарламасына қонаққа келетін мына бір жандарды мүмкіндігі шектеулі деуге аузың бармайды. «Көзі соқыр соқыр емес, көкірегі соқыр соқыр» демекші, дене мүмкіндіктерінің шектеулі болғанына қарамастан, жүректері жігерге толы, намысқой қыз-жігіттер – өмірлік ұстанымдарымен, жетістіктерімен сау адамға үлгі боларлық жандар. Танымал ақын Нұртас Исабаев – бүгінде бірнеше кітаптың авторы. Бір аяғынан айырылған Айдана Нұртазина – арбада отырып билеуден бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Мұнымен қатар ол кәсіпкерлікпен де айналысады. Ал Ержан Артықбаев есімді жігіт мүсін жасаумен айналысады. Мұнымен қоса, ол өзі сияқты мүгедек…

0
0
421

Алғашқы махаббат

Алғашқы махаббат жүректі тербейді... Алғашқы махаббаттың отына күймеген адам кемде кем шығар. Балалық шақтың балғын күндерін еске салатын осы бір сезім жадыдан өшпек емес. «Кешкі кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымында «Тарлан» тобының экс-мүшесі Айбек Мұхаметәлиев, «Каспий» тобының экс әншісі Айбар Серкебаев, бағдарламаның жүргізушісі Аман Тасыған сонау жылды артқа тастап, студияда алғашқы махаббатарымен жүздеседі. Бағдарламаға қонақ ретінде ҚР еңбек сіңірген әртістері Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, әнші-сазгер Марат Омаров қатысып, бастан өткерген қызықтары туралы әңгімелейді.

«Кешкі кездесу» бағдарламасының сезімге, естеліктерге толы шығарылымын «Еуразия» бірінші арнасынан сенбі күні 21:00-де тамашалаңыздар!

0
0
622

Әли Оқапов: Сахнаға тезірек шығуға асығудың қажеті жоқ

Еуразия бірінші арнасындағы «Қазақстан балаларының дауысы» шоуының финалы дүркіреп өтті. Көрермендердің дауыс беруінің нәтижесінде шоудың жеңімпазы әрі бас жүлдеге тігілген 3 млн теңгенің иегері болып Даниил Юн атанды. Ал жобада Даниил Юнға жетекшілік еткен жас әнші Әли Оқапов болатын. Финал аяқтала салысымен жеңімпаздың тәлімгері Әлиден сұхбат алдық. - Біріншіден осы жобада жеңіске жетулеріңізбен құттықтағым келеді. - Рақмет. - Сізде бұл балалармен жұмыс жасауда бірінші тәжірибе ме? - Жоқ, негізінде тәлімгер ретінде бірінші емес. Өйткені, көптеген ірі болмаса да, аудандық немесе қалалық деңгейде өткен түрлі-түрлі шараларға мен атсалысқанмын. Кейбір кездерде жүргізуші ретінде, кейбір кездерде ұйымдастырушы ретінде. - Mamma mia-да есімдесіз. - Мамма миа болсын, Аялаған Астана болсын, Бала…

0
0
490

Ел естімеген ем

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде». Алайда, ауыра қалсақ, сырқатымызға шипа болар ем іздейтініміз анық. Көпшілік әдеттегідей емханаға барып, білікті дәрігерден кеңес алып, еміне шипа тапса, кейбір адамдар емші-тәуіптерге қаралуды құп көреді. Бағдарламаның бұл шығарылымына еліміздегі емдеу тәсілдері «ерекше» емшілер қатысты. Орта білімі ғана бар Жүсіп атты емші адамдардан қан алу арқылы шипа жасайды. Ал Шымкенттен келген Берік науқастарды өзінің арнайы асатаяғымен, музыкалық аспаптармен емдейді. Ал Исфат есімді шаман дауылпаздың, будда кеселерімен ем жүргізеді. Өтеміс ақсақал ем үшін түйенің зәрін қолданады. Және оны студияда ішіп көрсетеді. Бағдарламаға бұдан бөлек дәрігерлер және діни өкілдер қатысады. Бағдарламаның кезекті шығарылымын Еуразия бірінші арнасының эфирінен сенбі күн…

0
0
668

Қазақстан балаларының дауысы шоуын кім жеңеді?

Балаңдықтарына қарамастан, ересектерге бергісіз күш-жігер танытып, өнер алаңында барын салып, бүкіл қазақ елін ауыздарына қаратқан өнерлі балалар екі айдан бері көрерменнің жіті бақылауында. Кезеңнен кезеңге сүрінбей жеткен өнерпаз бүлдіршіндерді ақтық мәре – финал күтіп тұр! Сәуірдің бірі күні үлкен өнер сахнасына жолдама алып, бас жүлде 3 миллион теңгені иемденетін қатысушының есімі белгілі болады! Дүниежүзілік шоудың балаларға арналған нұсқасы елімізде алғаш рет өтіп отыр. Бірінші маусымда қатысушыларға үш баланың анасы Ева Бехер, бойжеткен қызы бар Жанна Орынбасарова және әзірге әке атанып үлгермесе де, балаларды өте жақсы көретін Әли Оқапов тәлімгерлік етті. Жоба барысында әрбір тәлімгердің тобында 15 қатысушыдан болды. Кезеңдер барысында қатысушылар бір-бірімен тартысқа түсіп, финал…

0
0
301

Роза шақырады

Қазақ эстрадасынан ойып тұрып орын алған, қазақтың сүйікті әнші қызы Роза Рымбаева ел арасында көктемнің жаршысына айналып үлгерді. Атына заты сай өнер иесі 40 жылдан астам уақыт бойы өнерімен, гүлдей құлпырған бейнесімен сахнаның көркін кіргізіп келеді. «Кешкі кездесу» бағдарламасының келесі шығарылымы Роза Рымбаеваның 60 жастық мерейтойына арналады. Бағдарламаға әншінің отбасынан бөлек, өнер жолындағы әріптестері қатысады. Ақжол Мейірбеков Роза Қуанышқызының жас күніндегі естеліктерінен сыр шертеді. Ал актриса Салтанат Бақаева мен әнші Жанболат өз ұстаздарының университет қабырғасындағы қызықтарымен бөліседі. Бағдарламаға сонымен қатар әншінің сахнадағы әріптесі Мақпал Жүнісова қатысады. Жүрегі өнер деп соққан жанның ғибратқа толы өмірі жайлы бағдарламаны Еуразия бірінші арнасынан сенбі…

0
0
366

Құлдықтағы өмір

«Еуразия» бірінші арнасындағы «Кешкілік кездесу» бағдарламасының алдағы шығарылымы осы тақырыпқа арналады. Қандастарымыз кейде аңғалдықтарынан, кейде жігерсіздіктерінен арам пиғылды адамдардың қолжаулығы болып кете барады. Бағдарламаның бұл шығарылымында тағдыр тәлкегімен жылдар бойы құлдықта болған азаматтар жайлы айтылады. Мәскеуде бірнеше ай құлдықта болған Ертай Ережепов студияда бас прокуратура өкіліне арызын тапсырады. Ал студияның тағы бір қонағы өзінің інісінің құлдықта екенін анықтайды. Ақыл-есі кем баланы әлдебіреулер құлдықта ұстап отырғаны белгілі болады. Тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген азаматша бауырын әлі іздеп жүр. Ақтөбелік тағы бір азамат құлдықта жүрген жетім баланы құтқарып қалған. «Кешкі кездесу» бағдарламасының аталмыш шығарылымын «Еуразия» бірінші арнасының эфи…

0
0
489

«Кешкі кездесу» бағдарламасының жаңа маусымы көрерменге асығады

Жан сарайының рухани азығы – «Кешкі кездесу» бағдарламасының жаңа маусымы күлімдеген көктемнің алғашқы күндерінде көрерменге жол тартады. Өнер мен мәдениет, қоғам мен әлеуметтің ең қызықты, өзекті тақырыптарын қозғап, тоқтаусыз тіршіліктегі мызғымас құндылықтарды еске салатын сүйікті бағдарлама сенбі сайын елдің жақсылары мен жайсаңдарын студияға қонақ етеді.

Қарбалас жұмыс аптасынан кейін аптықты басып, рухани демалып, есті сөз тыңдап, жан семіртем деген көрермендерді әр сенбі сайын 22:30-да «Еуразия» бірінші арнасын тамашалауға шақырамыз.

0
0
1260

Тамаша тарландарының тың тартуы

Тамаша театры дегенде әр қазақтың жүрегі жылып сала беретіні рас. Ұстаздары Лұқпан Есеновтер салған сүрлеуді өшірмей, жаңа күннің тынысын тақырып етіп жүрген, 40 жылға жуық тарихы бар, аты аңызға айналған әзіл отауы жаңа жобада жарқырамақ.

Көрерменге апта сайын жол тартатын телевизиялық шоуда қағытпа қалжың да, ән де, би де болады. Шоудың басты кейіпкерлері – Асқар Наймантаев, Мұхаметжан Мырзакеев, Данагүл Темірсұлтанова, Гүлбаушан Тілеубекова, Нұржан Тутов, Бауыржан Орда, Саттар Ерубаев, Мадина Оразқан.

«Тамаша City» телевизиялық шоуы «Еуразия» бірінші арнасының эфиріне 19 ақпаннан бастап, әрбір жексенбі сайын сағат 21:50-де  шығып отырады.

0
0
479

Дүниежүзілік «Дауыс» байқауының балаларға арналған нұсқасы – Қазақстанда!

«Бұлақ көрсең – көзін аш». Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі өнерлі балаларды бір арнаға тоғыстыратын ән байқауы жақын күндерде көрерменге жол тартпақ. Балаңдығына қарамастан, ересектерге бергісіз күш-жігер танытатын өнерге жақын өрендер көрмей тыңдау кезеңінде жүзін әрі бұрған қазыларды ерекше дарынымен өздеріне қаратуға тырысып-ақ бағады. Және бұл байқаудың басты ерекшелігі, мұнда ең маңыздысы – дауыс! Жас бүлдіршіндерге Нұрлан Абдуллин, Жанна Орынбасарова, Ева Бехер, Әли Оқапов секілді шәкірт тәрбиелеуде тәжірибесі мол талант иелері тәлімгерлік етеді. Ал жобаны танымал актер, тележүргізуші Шыңғыс Капин жүргізеді. Әлемнің 50 елінде өтіп жатқан «The voice» шоуы бұрын-соңды болмаған рейтингті иеленді. Аталмыш жоба бірнеше кезеңнен тұрады. Кезеңнен кезеңге сүрінбей жеткен шын дарын ғана жең…

0
0
254